Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:14, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2007 жылға қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі және аудиті».
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл курстық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.

Содержание

Кіріспе
1 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі
1.1 Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері
1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі

2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

айгуля курсовой.docx

— 68.84 Кб (Скачать)

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 Қызметкерлермен  еңбек  ақы  бойынша  есеп айырысудың  есебі

 

1.1  Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері

 

1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі 

 

2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу

 

2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау

 

2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі

 

2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазір бүкіл  әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың  қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді  де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізде де айналып өткен жоқ.

Оқтын –  оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін  де төтеп беріп келгенбіз.

Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап  қалған экономиканы қайта қалпына  келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді.

Мемлекет  дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық  экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады.

Сонымен ел басының жолдауы бойынша елдің  өркендеуі ақша қаражаттардың өтімділігіне байланысты.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2007 жылдың Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды.

Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың  жиынтық табысының көп бөлігін  осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2007 жылға қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді.

Курстық жұмыстың тақырыбы «Қызметкерлермен  еңбек  ақы  бойынша  есеп айырысудың  есебі  және  аудиті».

Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен  бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл курстық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.

Курстық жұмысының мақсаты – еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.

Жалпы еңбек  ақы мөлшері жұмыскерлердің тек  физиологиялық қажеттіліктерін  ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен  бірге оның кәсіптік білім алуына жан-ұясын асырауына адамның басқа  да көптеген әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін  қанағаттандыруға қажет. Ал еңбек ақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей  болуы керек.

Еңбек қатынастары  келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін  басқада міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының  ”Қазақстан Республикасы  еңбек  туралы” Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар  «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР  1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына  және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.

Бухгалтерлік  есеп мәліметтері басқару жүйесінің  негізі болып табылады. “Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру туралы”  заңының талаптарына сәйкес ұйымның  басшылары өз қажеттеріне сай  келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Еңбекақы төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру  үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс  процессінде атқаруға тиісті жұмыстардың  өзі күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс  деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған  жөн.

Еңбек төлемінен  алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша  түрдегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек  төлемін ұсталынған мүшелік жарналарды кәсіпорын тиісті кәсіподақ ұйымдарының  банктегі шоттарына кәсіпорындағы  берешегін өтеу ретінде жасалатын  шегерімдер (қызметкерлердің кәсіпорыннан авансы, қате төленген сомалардың, сондай-ақ демалыстың жұмыс істемеген күндері үшін алынатын сомалардың қайтарылуы, қызметкерлердің кінәсінен ұйымға келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру) белгіленген тәртіппен әкімшіліктің шешімі бойынша жасалады. Еңбек төлемінің әрбір белгіленген сомасынан алынатын барлық ұсталымдардың мөлшері 20 %, ал заңдарда ескерілген ерекше жағдайларда қызметкерлерге төлеуге есептелген еңбек сомасының 50% шамасынан аспауға тиіс. Еңбек төлемі мен бірнеше атқару құжаттары бойынша ұстағанда қызметкерлердің жалақысының 50% сақталып қалуға тиіс.

Қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек  төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне  көшіріледі. Айдың бірінші жартысы  үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін  төлеу тізімдемесі бойынша беріледі. Төлеу тізімдемесінің бастапқы бетінде  қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат ететін басшы мен  бас бухгалтердің қолы болуы керек. Төлеу тізімдемесі мен берілмеген жалақы  тізімінің деректерін тексергеннен  кейін шығыс ету кассалық ордеріне жазылады. Ол сонда көрсетілген соманы шығынға жатқызып есептеп шығару үшін кассаға беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қызметкерлермен  еңбек  ақы  бойынша  есеп айырысудың  есебі

 

1.1  Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері

 

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысаны еңбек ақы  арқылы жүзеге асады. Еңбек ақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады. (№2 кестеде қарастырылады).

Кесімді еңбек ақы  - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты, оған белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

Еңбек ақы  жөніндегі бағалар жекелей (әрбір  жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда  әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды  бүкіл бригада (учаске, цех) болып  дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді  бағаларды қолданғанда жұмысшы  еңбек ақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбек ақысын есептеп шығарады.

Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент  күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек  ақыны коэффициенттік анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды.

Жанама кесімді еңбек ақы  жүйесі – мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.

Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны үшін және де өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үщін) сыйлық төлейді

Үдемелі кесімді еңбек ақы жүйесі бойнша – Еңбек ақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті ұдемелі бағалар бойынша есептейді.

Еңбек ақының аккордтық жүйесі – бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

 Еңбек  ақының бұл жүйесі бойынша  тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны  үшін сыйлық беру тәртібін  енгізуге болады.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру  мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың  мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде  кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады  да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік  сыйлықтық жүйесі алмастыратын болады.

Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбек ақының мерзімдік- сыйлықтық  жүйесі – бұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады. Яғни құрылымы бойынша төмендегі кесте 1 келтіруімізге болады.

 

 

Кесте 1 - Еңбек ақы есептеудің түрлері  мен жүйелерінің үлгісі

 

Еңбек ақының түрлері

1. Кесімді еңбек ақы

2. Мерзімді еңбек ақы

Еңбек ақының жүйелері

Үдемелі кесімді

Жай кесімді

Кесімді сыйлықты жүйесі

Жай мерзімді

Сыйлықтық мерзімді

Жанама кесімді

Аккордтық жүйесі


 

Жұмысшыларға  жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы қорынан мынадай  және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т.б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Информация о работе Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі