Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:14, курсовая работа
Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2007 жылға қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі және аудиті».
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл курстық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.
Кіріспе
1 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі
1.1 Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері
1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі
2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Орташа еңбек ақы = 409762 / 344 = 1191,17
Суірде 21 күн демалыс = 21 * 1191,17 = 25014,57
15485,21 + 25014,57 = 40499,18
Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 40499 теңге 18 тиын.
Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін сыйлықтың орташа айлық процентін 12 календарлық ай үшін төленетін сыйлықсыз орташа жалақыға көбейту арқылы анықталады. Осы ереже 5 күндік, 6 күндік апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.
Демалыс жөніндегі есеп айырысу үшін қабылданған еңбек төлем сомасы 12 –ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа санына ) бөлінеді.
Демалыс уақыты дегеніміз - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақыларды төлейді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2006 жылдың 23/2 2007 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек.
12 айдың еңбек ақның жиыны 156977,90 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат
Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 94,34 = 754,72
Орташа еңбек ақы – 754,72
754,72*3 күн = 2264,16 тг.
Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (2264 теңге 16 тиын) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 971*10 = 9710 теңгеден.
Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық- кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызмтекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректері негіз болып табылады.
Қызметкердің
негізгі құқықтары мен
Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар ұйым қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар (жалақыдан өзге) ұйымның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі. Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған, туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауруға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу, ауырған туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға немесе кәсіби ауруға жолдыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен қатар асырауында 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар адамдарға жалақының 100%, 5 жылдан 8 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 80 %, 3 жылдан 5 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға және 18 жасқа толғандарға 60%, 3 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 50% мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша - босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күн тізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жинақтап жүргізіледі және демалыстағы әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленетін жәрдемақы босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. Жаңа туған нәрестелерге тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге бала асырап алған күннен бастап сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінге кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңде жәрдем ақы төленеді.
Кәсіпорын қаражаты есебінен берілетін жәрдем ақылар, бұған жататындар: жұмыс көлемінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне байланысты (кәсіпорын таратылған кезде қызметкерлер саны, штат қысқарған жағдайда сондай-ақ өндірістегі жазатаным жағдайының кесірінен жұмыстан шығарылған немесе кәсіби ауруға шалдыққан жағдайларда) жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбекке берілетін жәрдем ақы.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдем ақылар: бала туғанда, жерлеуге берілетін жәрдем ақылар, қызметкерлер жарақаттанып қалған жағдайда немесе денсаулығына басқадай зақым келгенде жалақының және басқа да шығындардың орнын толтыру әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа да бюджеттен тыс қорлардан төленетін басқа да төлемдер. Басқадай төлемдер мен шығындар авторлық қаламақы, ашылған жаңалықтар, өнер табыстар және рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйақылар қызмет бабымен іс сапарға шыққан уақытта заңдармен белгіленген мөлшердің шегінде және олардың және олардан тыс жұмсалатын іс сапар шығындары (тәуліктік қоса есептегенде) басқа жерлерге жұмысқа ауысуға, жолдануға және қабылдануға байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру, жеке автокөліктерді қызмет бабымен жүруге пайдаланғаны үшін ҚР-ның заңдар белгіленген мөлшердің шегінде ғана және жем-шөп дайындауға немесе монтаждау жөндеу құрылыс жұмыстарына іс сапармен жіберілген қызметкердің тәуліктік және пәтерлік төлемдердің орнына негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын орташа жалақының ҚР-ның үкіметі ескерген мөлшердегі сомалары.
Кәсіпорыннның қызметкерлері акциялар бойынша өкімге есептелген сала ретінде алған табыстар және қызметкерлердің ұйым меншігіне қатысуынан түскен басқадай табыстар (дивиденттер, проценттер, үлестік жарналар бойынша төленетін төлемдер) жалақы құрамына енгізілмейді. Еңбек жөніндегі қорытынды есеп бергенде бөлек көрсетіледі.
Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт- жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аз болуы мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан 16-18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан болып белгіленеді.
Жұмыс істеу
жұмыс уақытының ұзақтығын
Қызметкерлер үшін 2 демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісі мен немесе жұмыстың ерекшелігін еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс беруші бекіткен ақысын төлей отырып белгіленеді. Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша 5 күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұжымдарда 5 күндік демалысы бар алты күндік кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауы керек, ал апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарымен жұмыс беруші өзі белгілейді.
Кәсіпорында кешкі сағат 22-00 ден таңғы 6 дейінгі жұмыс уақыты – түнгі уақыттағы жұмыс болып саналады.
Кесімді еңбек ақы түрі белгіленген жұмысшы қызметкерлерге түнгі уақыттағы істеген жұмыстары үшін тарифтік кестеде белгіленген еңбек ақысына қосымша төлем 50% мөлшерінде төленеді.
7950 жалақы
болса – түнгі норма
7950/160=49.69*56 (сағат)=2782.5 теңге
56 сағат- түнгі істеген уақыты.
Кәсіпорында түнгі жұмысшы үшін төленетін еңбек ақы мынадай тәртіппен белгіленген:
Түнгі жұмыс уақытының мерзімі күндізгі жұмыс уақытымен теңестерінен кәсіпорындарда 7 және 8 сағаттық мерзімі үшін әрбір сағатына төленетін қосымша төлем 1 сағаттық еңбек ақының 1/7 бөліне тең болуы қажет. Ал сағаттық мерзімі үшін 1 сағаттық еңбек ақының 1/5 мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18-ге толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. Сонымен қатар әрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан аспауы тиіс.
Еңбек жағдайлары
өте зиянды және өте қауіпті кезде
мерзімінен тыс жұмыстарға тиым салынады.
Жұмыс беруші кәсіпорын қызметкерлердің
сол жұмыс берушіден нақты
жұмыс істеген жұмыс уақытының
есебін жүзеге асыруға тиіс. Өндіріс
жағдайлары бойынша қызметкерлердің
белгілі бір санаты үшін белгіленген
апта сайынғы жұмыс уақытының
сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс
істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістік
цехтарда, учаскелерде бөлімшелерде
және кейбір жұмыс түріндегі есепті
кезең ішінде жұмыс уақытының
ұзақтығы аптасына заңда белгіленген
қалыпты жұмыс сағаттары
Есепті
кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының
жиынтық осы кезеңдегі
Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектелі кезең есепті кезең болып танылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленеді. Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде жеке еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалумен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібімен, орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық далада жылу бермейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде босатылу арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ қызметкерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліс демалыс уақыты беріледі).
Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де әдетте қатарына беріледі.
Белгіленген
заңдарға сәйкес кәсіпорында рда
ме»рам күндері жұмыс істеуге
рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше
жағдайларда субъектіден
Мейрам
күні жұмыс істеген
2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың
арасындағы міндеттемені
Жұмысшылар мен қызметкерлер және жалданушылар – еңбек ету келісім-шарты бойынша жұмысқа қабылданады. Жалданушылар үшін ұйымның қабылдаған барлық міндеттемелері арнайы жасалынған есептілікте көрсетіледі. Ұйым бухгалтериясы жалданушының мемлекет алдында алған (салықтар) міндеттемесін және үшінші жақтың алдында алған (орындаушылық т.б. құжаттар) міндеттемесі есебін жүргізуге міндетті.
Жұмысқа (штабқа) қабылдау барысында жұмысқа алынушы тұлға ұйым басшысының атына өз арызын береді. Оң шешім қабылданған жағдайда қатысушы жақтар келісім-шартқа отырады, мұның негізінде ұйым басшысы өз бұйрығын шығарып, жалданушына қай күннен қандай штатқа алатындығын көрсетеді. Жұмысқа қабылданған адам бұйрық шыққан күннен бастап осы ұйымның жеке тұлғасы категориясында болады, яғни жұмысқа қабылданған тұлға өзіне есептелінген еңбек ақыны алуға құқылы, ал ұйым еңбек ақы есептеу және төлеуді өз міндетіне алады.
Ұйымның штаттық кестесіне енбеген, осы ұйымның жұмысын атқарушылар басқада жеке тұлғалар категориясына жатады. Бұлармен азаматтық – құқықтық келісім-шарт жасалынады. Мұндай тұлғаларды жұмысқа қабылдаудың тәртібі жалданушыларды қабылдаудың тәртібімен бірдей.
Информация о работе Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі