Толлингті операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
I Сыртқы сауда .......................................................................................................4
1.1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері ............................6
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................8
1.3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі…………………………………………………………………….….….........11
1.4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі ...................................................................................................................................14
II Толлингті операциялардың есебі .................................................................15
2.1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да
операциялардың есебі ..........................................................................................15
2.2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі......................................................................................18
Қорытынды............................................................................................................28
Қосымшалар……………………………………………………………...............29 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 65.73 Кб (Скачать)

       4) «СТ-KZ» нысанды сертификат

       10. СТ-1, «А», «Түпнұсқа», «СТ-KZ» нысанды  тауардың шығуы  туралы сертификаттар  

       3. Тауар шығарылған елді анықтау 

       11. Тауар шығарылған елді анықтау  үшін мыналар белгіленуі қажет: 

       1) тауар толығымен қазақстанда  шығарылған;

       2) жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу  өлшемдерін ескере, қазақстанда  шығарылған;

       3) шетелде шығарылған.

       12. Толығымен Қазақстан Республикасында  шығарылған болып есептелінетін  тауарларды анықтау Қазақстан  Республикасы Кеден Кодексінің 34-бабына  сәйкес жүргізіледі. 

       13. Тауар өндіруде бір немесе  бірнеше ел қатысқан кезде,  тауарды шығарушы ел болып  осы баптың ережелеріне сәйкес  жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне  жауап беретін тауарды шығару  немесе қайта өңдеу жөніндегі  соңғы операцияларды жүзеге асырған  ел саналады.

       14. Тауарды өңдеу/қайта өңдеу нәтижесінде  болған кез-келген алғашқы төрт  белгі деңгейінде сыртқы экономикалық  іс-әрекеттің Тауар номенклатурасы  бойынша тауар кодының өзгеруі  - жеткілікті өңдеу/қайта өңдеудің  негізгі өлшемі болып табылады, тауарды дамымаған елдер өндірісінде  қолдану кезінде тауарға қажетті  шығу мәртебесін беру үшін, өндірістік  және технологиялық операциялар  шарттарының тізбесіне енгізілген  тауарлары есепке алынбайды.

       15. Жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу  өлшемінің талаптарына жауап  бермейтін болып мыналар есептеледі:

       1) сақтау немесе тасымалдау кезінде  тауардың сақталуын қамтамасыз  ететін операциялар;

       2) тауарды сату және тасымалдауға  дайындау бойынша операциялар  (партияларды бөлу, жіберулеуі, сұрыптау, қайта буып-түю) буылған тауарды  ашу және қалыптастыру;

       3) жуу, тазалау, шаңнан тазарту,  қышқылмен, маймен немесе басқа  заттармен жапсарлау;

       4) тоқыманы үтіктеу немесе нығыздау (талшық пен тоқыманың кез-келген  түрі, талшық пен тоқыманың кез-келген  түрінен жасалған тігілген материалдар  және олардан жасалған бұйымдар);

       5) бояу немесе жылтырату операциялары;

       6) қабыршықтау, жартылай немесе  толық ағарту, дәнді-дақылдар мен  күрішті тазалау;

       7) қантты бояу немесе ірі қант  жасау операциялары;

       8) жемістердің, көкөністердің және  жаңғақтардың қабығын тазалау,  дәнін алу және бөлшектеу;

       9) ұштау, жай ұнтақтау немесе  жай кесу;

       10) елеуіштен өткізу, сұрыптау, жіктеу, іріктеу, талдау (соның ішінде бұйымдар жинақтарын құру);

       16. Адвалорлық үлес ережесі қолданылған  жағдайда, тауарды өндіруде адвалорлық үлесті есептеу Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 35-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.

       17. Ашылған немесе жиналмаған күйде  бірнеше партиямен әкелінетін  тауардың шыққан елін анықтау  Қазақстан Республикасының Кеден  Кодексінің 36-бабына сәйкес жүргізіледі.

       18. Тауар шығарылған елді анықтау  кезіндегі ерекшеліктер Қазақстан  Республикасы Кеден Кодексінің 37-бабында  белгіленген.

       19. Тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі жұмыстарды жүргізуге  үміткер заңды тұлғалар техникалық  реттеу саласындағы уәкілетті  органға мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған  заңды тұлғаның бірінші басшысының  атынан өтініш;

       2) Жарғы көшірмесі;

       3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің  көшірмесі;

       4) Қазақстан Республикасының салық  төлеушісі куәлігінің көшірмесі;

       5) статистикалық кәртішкенің көшірмесі;

       6) тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі сарапшының тұлғасын  куәландыратын құжаттың көшірмесі;

       7) тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының  көшірмесі;

       8) тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі сарапшы-аудитордың еңбек  кітапшасының көшірмесі;

       9) тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі сарапшы-аудиторды тағайындау  туралы бұйрықтың көшірмесі;

       10) жеке меншік құқығында немесе  келісім шарт негізінде аккредиттелген  зертхананың болуы;

       11) өз тарапынан Ереженің 16-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша екі данада  мемлекеттік және орыс тілдерінде  техникалық реттеу саласындағы  уәкілетті органмен тауар шығарылған  елді анықтау жөніндегі ынтымақтастық  туралы қол қойылған келісім.         

       20. Тауар шығарылған елді анықтау  жөніндегі сараптамамен байланысты  жұмыстар өтінімнің негізінде  және осы Ереженің 23-тармағында  көрсетілген тізімге сәйкес өтініш  беруші ұсынған құжаттардың негізінде  жүргізіледі. 

       21. Тауардың шығуын сараптауды жүргізуге  құзіретті ұйым тауардың шыққан  тегін сараптауды өтінім толық  құжаттар жиынтығымен ұсынылған  уақыттан бастап жиырма төрт  сағат ішінде жүзеге асырады. 

       22. Тауардың шығуын сараптау

       Сараптаманың  қорытындылары осы Ереженің 13-қосымшасына  сәйкес тауар шығуы туралы актіге немесе 3 және 5-қосымшаларына сәйкес сараптау актісімен ресімделеді.

       23. Тауардың шығуына сараптама жүргізуге  берілетін өтінімге қоса осы  Ережеге 2 және 4-қосымшаларға мынадай  құжаттар ұсынылады: 

       1) өтініш берушінің заңды мәртебесін  растайтын (заңды тұлға болып  құрылмаған кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын жеке тұлғалар үшін  – төлқұжаты, жеке куәлігі,  жеке кәсіпкердің патенті немесе  куәлігі) құжаттары;

       2) сыртқы сауда келісімінің түпнұсқасы  және көшірмесі;

       3) шот-фактураның немесе тауарға  арналған инвойстың түпнұсқасы  және көшірмесі;

       4) тауардың шығуын растайтын (тауарды  алуға немесе тауарды шығарушымен  шарт, шот-фактуралар, қажет болған  жағдайда тауарды тасымалдау  туралы құжаттар) құжаттардың түпнұсқасы  және көшірмесі ;

       5) қызметтің түріне лицензияның  түпнұсқасы және көшірмесі;

       6) «жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу»  өлшемдерін анықтау үшін (тауарды  өндіруде пайдаланылатын шикізаттың  және компоненттің құнын, шикізатты  жеткізуге шарттар, шоттар, төлем  құжаттары, көліктік және өзге  де нормативтік және технологиялық  құжаттарға сәйкес өндірілген  тауар, пайдаланылған шикізат құнының немесе шет елден шыққан компоненттің есебімен тауардың өзіндік құнының есебі, шығындардың калькуляциясы, қосылған құн) құжаттары;

       7) егер тауар жануар тегінен,  өзен және теңіз шаруашылығының  тауары болып табылса, ветеринарлық  куәлік;

       8) қойманың мекен-жайын көрсету  арқылы қоймадағы тауардың бар  болуы және саны туралы қоймалық  анықтама;

       9) өтінім берушінің мүдделерін  қорғауға сенімхат;

         10) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: аталған  аумақтағы өнім партиясын өсіру  туралы Қазақстан Республикасының  аумақтық бірлігіне сәйкес келетін  жергілікті атқарушы органның  анықтама – растауы; өнім өндірушімен  шарт, түпнұсқаны міндетті түрде  ұсыну арқылы тауарды алуға  шарт немесе тауар өндірушімен  жасалған шарттың нотариуспен  куәландырылған көшірмесі санынан  сарапшы анықтайды. 

       24. Қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі  туындаған жағдайда, сарапшы ұйым:

       1) рұқсаттамаларды, лицензиялады, шикізаттың, материалдардың, құрамдастардың шығуын  куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары  мен көшірмелерін;

       2) акредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақ хаттамасы,  егер тауарды зертханалық сынақтарсыз  және зерттеусіз сәйкестендіру  мүмкіндігі болмаса сұрай алады.

         Құжаттардың түпнұсқалары олардың  көшірмелерімен сәйкестендіргеннен  кейін 1 күн ішінде өтініш берушіге  қайтарылады. 

       25. Сараптау қорытындысы бойынша 

       26. Белгіленген тәртіпте аттестатталған  және уәкілетті мемлекеттік орган  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  техникалық реттеу жүйесінің  тізіліміне енгізген  тауар шығарылған  елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор   сараптаманы жүргізеді және сараптамалық  қорытындыға қол қояды.

       27. Толығымен Қазақстанда шығарылған  тауарлардан (шикізаттардан, материалдардан, өнімдерден) өндірілген тауарлардың  тегін анықтауда тауардың шығу  тегі туралы сараптама актісінде  мыналарды көрсету қажет: 

       1) аталған тауарды дайындаудағы  технологиялық үрдіс (техникалық  жағдайлар, техникалық нұсқаулықтар);

       2) тауарды өндіруде пайдаланылған  шикізаттар, материалдар мен құрамдастарды  жеткізушілерді;

       3) сатып алынған шикізаттар мен  құрамдастарға төлем туралы құжаттардың  болуы (аты, нөмірі).

       28. Қазақстанда шығарылған тауарды  жеткізуге мемлекеттік сатып  алу туралы келісім-шартты орындау  шеңберінде өтініш беруші тауардың  шығуы туралы сертификатпен расталған,  бұрын тауардың сәйкестендірілген  бірлігіне сәйкес қазақстандық  тауарды одан әрі жеткізуді  жүзеге асырады. 

       29. Жеткілікті өңдеу/қайта өңдеудің  өлшем есебімен тауардың шығуын  белгілеуде тауардың шығуы туралы  сертификатта ресімдеуге арналған  сараптама актісінде тауар, Қазақстанда  шығарылған не шетелде шығарылған  деп анықталады деген сараптамалық  қорытынды беріледі.

       30. Тауарды кері экспорттауда, оның  Қазақстан Республикасына келуін  растайтын құжаттар көрсетіледі  (тауардың шығуы туралы сертификат, жүк кеден декларациясы және  тауарға ілеспе құжат).  

       4. Тауардың шығуы туралы сертификатты

       ресімдеу  және куәландыру тәртібі 

       31. Тауардың шығуы туралы сертификат бір жұмыс күні ішінде төмендегі негіз бойынша ресімделеді:

       1) осы Ереженің 6 және 7-қосымшаларына  сәйкес өтінімдер;

       2) тауардың шығуы туралы сараптама  актісі;

       3) осы Ереженің 23-тармағына сәйкес  өтініш берушінің сараптамаға  ұсынған құжаттары.

       32. Тауардың шығуы туралы сертификат  осы Ереженің 39-43 - тармақтарда мазмұндалған  тәртіпке сәйкес толтырылады,  техникалық реттеу саласындағы  уәкілетті орган, сондай-ақ өтініш  беруші қол қояды және куәландырады 

       33. Тауардың шығуы туралы сертификат 3 данада дайындалады: біріншісі  түпнұсқа болып табылады, екіншісі  және үшіншісі – қорғалмаған  бланкілерде орындалған көшірмелер. Сертификаттың түпнұсқасы және  бір көшірмесі өтініш берушіге  тапсырылады, екінші көшірмесі  сертификатты берген техникалық  реттеу саласындағы уәкілетті  органда сақталады.

       34. Сертификаттардың толтырылған бағандарындағы  бос жерлер («СТ-1», «СТ-KZ» нысаны  – 6,7,8,9,10 бағандары;  «А» нысаны  – 5,6,7,8,9,10; «Оригинал» нысаны –  7,8,9,10) оны куәландырғаннан кейін  қосымша жазбаларды болдырмас  үшін («Z» белгісімен) қолмен жазылуы  тиіс.

Информация о работе Толлингті операциялардың есебі