Толлингті операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
I Сыртқы сауда .......................................................................................................4
1.1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері ............................6
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................8
1.3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі…………………………………………………………………….….….........11
1.4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі ...................................................................................................................................14
II Толлингті операциялардың есебі .................................................................15
2.1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да
операциялардың есебі ..........................................................................................15
2.2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі......................................................................................18
Қорытынды............................................................................................................28
Қосымшалар……………………………………………………………...............29 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 65.73 Кб (Скачать)

       ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына  арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді

               «Инкотермс» ұсыныстық сипатта  болады және оның белгілі бір  бөлігін немесе толық көлемін  пайдаланылуы тараптардың келісіміне  байланысты болып келеді.

       Қазақатан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін  көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға  да салынады, оның құрамына мыналар  кіреді:

       кедендік  баж салығы;

       кедендік  рәсімдеу үшін кедендік алымдар;

       тауаларды сақтауға алынатын кедендік алымдар;

       шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;

       Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын алым;

       кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған  мамандық аттестатын бергені үшін алым;

       алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.

       Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып  келеді, олардың құрамына шет елдік  валютамен есептелген тауардың нақты  құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны жабдықтаушының өзі төлесе , онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір  элементі ретінде болады және сатып  алушы өтейді.

       Кедендік  төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны  құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар  бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.

       Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан  тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың  кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ, егер шот-фактураға  енгізілмеген болса, онда мынадай нақты  шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін  жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының  кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық  және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар  номенклатурасына  сәйкес бағаланатын  тауарлармен бірдей нәрсе ретінде  қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда  болатын ыдыс құндары негізінде  анықталады. 

       Қазақстан Республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану  арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік  әдісімен жасалады.

       Кедендік  төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

       Адволарлық – салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;

       Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;

       Аралас – салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуінеде үйлестіріледі.

       Сыртқы  экономикалық қызметте қолданатын негізгі  құжаттар болып :

       Техникалық  құжаттаулар – техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша  нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техникалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т.б.

       Тауарлы - ілеспе құжаттаулары- тауар сапасының  сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы  тізімдемесі (ведомосы) т.б.;

       Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары – теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т.б.), сақтандыру полисі немесе сертификаты;

       Қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы  қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі  т.б;

       Есеп  айырысу құжаттаулары – шот-фактурасы,аударым  векселі (тратты);

       Банкі құжаттаулары – валютаны аудару  өтініші, инкасса тапсырмалары, акредетив  ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан  Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық  шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;

       Кедендік  құжаттаулар – кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын  төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;

       Талап (шағым) құжаттаулары – шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап  арыз;

       Бұзылған  немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар – кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.

       Сыртқы  экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу  шетелдік валюта бойынша жүреді. Нақты  мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз. 

       1.2. ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТА  ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

         Шетелдік валютасында жасалатын  операцияларды бухгалтерлік есепте  көрсету үшін  № 9 БЕС ережелерін  пайдаланады. Шетелдік валюталық  операцияларына шетелдік валютада  жасалатын мәмілелер жатады, олардың  қатарына :  шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер жатады.

       Валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б. Бухгалтерлік есептің  Бас шоттар  жоспарында шетелдік  валютадағы  ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған : 1032; 1040; 1012. Ал  басқа активтері мен міндеттемелерін  есептеу үшін мына шоттарға субшоттар  ашылады: 5110; 1251; 1210; 3310; 3210 т.б., демек, шетел  валютасында жасалған операцияларын  бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ  ол операциялар бухгалтерлік есеп жахбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасын Ұлттық банкінің белгіленген бағамы бойынша  қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы  құжаттарда (касса кітабында, кіріс  және шығыс каса ордерлерінде, есеп регистрларында) номиналдық түрі бойынша  көрсетілуі мүмкін.

       Мысал. «Узень! ЖШС 27 қаңтар 2002 ж. «Werbe» шетел  кәсіпорнына жеткізіп берілетін (немесе әкелінетін) тауар үшін аванс ретінде  ақша қаражатын аударған. Аударылған аванстың соммасы 3500 АҚШ долларын құраған. 27 қаңтар 2002 жылы ҚР ҰБ бағамы бойынша 1 доллар 151,00 теңге тұрған. Олай болса,  «Узень» ЖШС–тің бухгалтерлік есеп регистрларында жалпы сомаға келесі жазба жазылады:

       528500 теңгеге  - 2910 шоты дебеттеледі де, 1032 шоты кредиттеледі.

       Шетелдік  валютада операцияны жасау кезінде  операцияның жасалған күнін білу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Төменде шетелдік валютада жасалған операцияның күнін  анықтаудың  тәртібі келтірілген.(2 қосымша) 

       Ақша  қаражаты  мен есептесулер (шетел  валютасында алынған (берілеген) дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру қаражаттарының қалдықтары) міндетті түрде, ҚР ҰБ белгіленген бағамы бойынша ең соңғы есептік кезеңінің  күніне қайта есептелуіне жатады.

       Шетелдік  валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі  құралдардың құны, аяқталмаған күрделі  құрылыстар,тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне  байланысты қайта  есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан  ондағы табыстың және шығыстың ажырата  білу керек. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпарттарына сүйену керек.

       Мысал. «Цемент» ААҚ берген өтініші бойынша, оған қызмет көрсететін банк 1000 АҚШ  долларына теңгені ковертациялауға  және 20000 Ресей Рублін алған.ҚР ҰБ бағамы: 1 долларға – 152 теңге; 1 Ресей рубліне – 4,8 теңге. Ал банкінің есеп айырысу бағамы бойынша : 1 доллар – 153 теңге; 1 Ресей рублі – 4,5 теңге құраған.( 3-қосымша) 

       Бағамдық  айырма есеп және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады:

       Шетел валютасында көрсетілген дбиторлық  және кредиторлық қарыздарды өтумен байланысты, операциялары бойынша жасалған ҚР есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте  көрсетілген қарыздың бағамынан  ерекшеленетін болса;

       Әрбір есептік күнег шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша  және әрбір операцияның алдында  осы шоттардағы қаражаттардың қозғалысы  бойынша айырмашылығы болса.

       Төменде бағам айырмасының өте жиі  кездесетін жағдайлары келтірілген:

       Тауарларды  және басқа  да мүліктерді импорттау  кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік  құнымен  және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда  болған айырма  (жабдықтаушылармен  есеп айырысу кредиторлық қарыздардың  төмендеуі немесе қайта бағалануы  немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша);

       Көрсетілетін  қызметтің импортталуы кезінде  – осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда  болған айырма;

             -    дебиторлық және  кредиторлақ  қарыздардың пайда болуы мен   олардың өтелу кезеңіне күнінің  арасындағы болатын айырма;

       -   валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе  басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.

       Бағамдық  айырманың пайда болу кезеңінен  бастап қарыздың өтелу кезеңіне дейін  есептеу арқылы анықталуы керек.

       Бухгалтерлік  есепте оның ішінде есеп беру кезеңінде  бағамдық айырма көрініс табады, оған оның пайда болу күні мен қаржылық есеп беруді жасаған күнінің арасындағы айырма жатады. Бағамдық айырма не табыстың (оң болса), не шығыстың (теріс болса) құрамына жазылады, олар мынадай арнайы синтетикалық шоттарда көрініс табады:

       6250 «Бағамдық айырмадан түскен  алынған табыс»  және «Бағамдық айырма бойынша шығыстар». Төменде шетел валютасындағы   операциялардың қайта бағалануына және бағамдық айырманың есебіне бір мысал келтіріп көрейік .

       Мысал: «Узень» ЖШС қаржылық есебінде  тауар үшін 3500 АҚШ  долларында дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған  қарыз 27 қаңтар 2002 жылы пайда болған, ол кезде  1 доллардың бағамы 151 теңгеге  тең болған . «Узень» ЖШС 2 ақпан 2002 жылы «Global» компаниясы 3000 АҚШ долларға тауар алған; осы операцияның  жасалған күні ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар шін 151,20 теңге құраған. Осыдан басқа операциялар жасалған жоқ, ал 200 жылдың  28 ақпанында  «Global» компаниясының  дебиторлық қарызы 500 АҚш долларын құраған.

       Есеп  беру күніне , яғни  31 қаңтар 2002 ж. Және 28 ақпан 2002ж.

       Осы процестегі операцияларды көрсету  үшін «Узень» ЖШС бухгалтерлік есебінде  келесі жазбалар жазылған.(4-қосымша)

       Сонымен «Узень» ЖШС 2002 жылдың 28 ақпанындағы  балансында «Global» компаниясының  дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500 + 1050  - 453600 – 300 + 50) құраған. Бағамдық айырмадан  пайда болатын жоғалтудан қорғаудың  бір тәсілі – хеджирование болып  табылады, ал ол бағамдық жоғалту тәуекелділігін сақтандырудың бір түрі болып  келеді.

       Шетелдік  тәуелді еншілес заң тұлғаларымен немесе бірлескен кәсіпорындармен  есеп айырысу есебі жоғары айтылғандардан ерекше ереже бойынша жүреді.

       Шетелдік  тәуелді еншілес заңды тұлғаладың немесе бірлескен кәсіпорындардың  нетто – инвестициясын анықтау  үшін осы кәсіпорындардың таза активіне келетін инвестицияның сомасын  есептеп шығару керек. Егер де   субъект бөлімшелерінің 60% акциясына ие блса, онда оның таза активінің 60% нетто-инвестициясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда неттоинвестиция сомасы болып табылады, және ол  кәсіпорынның  таза активіне тең болады. Субъектінің шетел валютасы қарыздары болуы үмкін, ал кәсіпорынның алашағы немесе берешегі болуы мүмкін. Нетто-инвестициясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейін, кәсіпорынның меншік капиталы ретінде 5320 – «Басқа да» шотында көрініс табады.

Информация о работе Толлингті операциялардың есебі