Толлингті операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
I Сыртқы сауда .......................................................................................................4
1.1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері ............................6
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................8
1.3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі…………………………………………………………………….….….........11
1.4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі ...................................................................................................................................14
II Толлингті операциялардың есебі .................................................................15
2.1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да
операциялардың есебі ..........................................................................................15
2.2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі......................................................................................18
Қорытынды............................................................................................................28
Қосымшалар……………………………………………………………...............29 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 65.73 Кб (Скачать)
 
                                            Мазмұны

                                              Кіріспе

       Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде  ең басты бір орын   алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау  үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс  процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік есебі  «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

       Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі  экономикалық тетігін нақты, жақсы  жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін  іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

       Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары  шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін  өндіруге , оның сапасын көтеруге, өзіндік  құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға  қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық  құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы  күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға  болмайды.

       Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар  жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасынң  даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу  экономикалық тетіктің бірі ретінде  пайдаланады.  
     
       І Сыртқы сауда

       Сыртқы  сауда статистикасында есепке алынатын негізгі көрсеткіштер сыртқы сауда  айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда  балансының айырымы болып табылады.

  Сыртқы  сауда айналымы – елдің белгілі  бір кезеңдегі экспорты мен импорты  құндарының сомасы.

  Тауарлар  экспорты – отандық өндіріс тауарлары  мен шетелде шығарылған реэкспорттық тауарларды коммерциялық негізде елден  сыртқа шығару.

  Тауарлар  импорты – ел ішінде пайдалану  үшін және реэкспорт үшін арналған шетелде шыққан тауарларды коммерциялық негізде шетелден әкелу.

  Сыртқы  сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) – елдің белгілі бір кезеңдегі  экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда балансы, егер экспорт құны импорт құнынан  асып кетсе активті, ал керісінше  арақатынаста болса пассивті болып  саналады.

  Ұйымдастырылмаған сауданы қоспағандағы мәліметтер жүктік кеден мәлімдемесін өңдеу негізінде  алынған. Заңды тұлғалар үшін ресми  мәлімдеуге кез келген заңды тұлғаға  тиесілі, не олардың қарауындағы  мемлекеттің немесе басқаның иелігіне, тұрған жеріне, кедендік жеңілдіктеріне байланыссыз республиканың кеден  шекарасы арқылы өткен барлық тауарлар жатады. Тауар дегеніміз – елдің  материалдық ресурстарын сырттан  әкелгенде ұлғайтатын және сыртқа шығарғанда азайтатын барлық жылжымалы мүлік (электр энергиясын, газды, мұнайды  қоса). Жеке тұлғалар үшін жүктік кеден  мәлімдемесі өндірістік тұтынуға арналған тауарларға толтырылады. Сөйтіп, кеден  статистикасына ұйымдастырылмаған  сауда шеңберінде тасымалданған  тауарлар кірмейді.

  Ұйымдастырылмаған сауданы қоса алғандағы мәліметтер де жүктік кеден мәлімдемесінен алынған  ақпараттарға негізделген, алайда одан басқа сыртқы сауда айналымы көлеміне есепке алынбаған экспорт пен  импорттың «қайықтық» сауда бойынша  есептеулері қосымша енгізілген. Бұл есептеудің мәліметтері нақты  тауарлар мен елдерге бөлмей жалпы  экспорт және импорт көлеміне есептеледі.Ұйымдастырылмаған  сауда көлемін анықтау әдістемесі, негізінде, кеден органдарында ресми  түрде есепке алынбаған, жасалған сыртқы сауда операцияларын бағалауға  негізделген.

  Кеден статистикасы елдің мемлекеттік  аумағына келіп түсетін және одан сыртқа шығатын барлық тауарлар есептелетін  сыртқы сауда есебінің «жалпы» жүйесі негізінде тауарларды сырттан әкелу  мен сыртқа шығарудың есебін жүргізеді. Мұндағы елдің статистикалық  аумағының шекарасы – мемлекеттік  шекара. Экспорт көлеміне мыналар  кіреді: ұлттық тауарлар экспорты, өңделгеннен  кейінгі тауарлар экспорты, импортталған тауарлар реэкспорты, еркін кеден  аймақтары мен еркін қоймалардан  экспорт, баж салығы салынбайтын сауда дүкендерінен тауар экспорты, сондай-ақ бір немесе одан көп жылға жал үшін әкетілген тауарлар. Импорттың негізгі құрамды бөліктері мыналар болып табылады: ел ішінде пайдалануға арналған тауарлар импорты, өңдеу үшін пайдаланылған тауарлар импорты, реимпортталған тауарлар, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардағы тауарлар импорты, баж салығы салынбайтын сауда аймағына бағытталған тауарлар импорты, бір немесе одан көп жылға жал үшін әкелінген тауарлар.

       Кеден статистикасы мынадай операцияларды  есепке алмайды:

       монетарлық  алтынмен, бағалы қағаздармен, айналымдағы  банкноттармен және монеталармен;

       ел  аумағы арқылы шетелдік тауарлар транзиті;

       тауарларды  елге әкелмей-ақ реэкспорттау;

       уақытша әкелінген және әкетілген тауарлармен (көбінесе, өткізілмеген бөлігі консигнацияға, көрмеге, жәрмеңкеге арналған тауарлар);

       шетел мемлекеттерінің дипломатиялық  және елшілік өкілдіктерінің қызметке пайдалануға арналған тауарларымен; мемлекеттік органдарға, мемлекет басшыларына, үкімет мүшелеріне сый тартулар;

       мемлекеттен тыс орналасқан отандық әскери бөлімдердің  жауынгерлік әзірлік немесе күнделікті қызметіне арналған тауарлар;

       коммерциялық  мәні жоқ тауарлармен.

       Сыртқы  сауда ағынының географиялық бөлінуі  мына схема бойынша жүргізіледі:

       тауарлар  экспорты-тауар бағытталған (тұтынатын) ел бойынша;

       тауарлар  импорты-тауар шығарылатын ел бойынша.

  Экспорттық  тауарлардың құндық есебі ФОБ  немесе ДАФ бағасында (тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына  немесе экспорттаушы елдің шекарасына дейін жеткізіп беру және тиеу бойынша  шығындары кіретін тауар сату шарты); импорттық тауарлар – СИФ  немесе СИП бағасында (тауар бағасына оның құны мен тауарды портқа немесе импорттаушы елдің шекарасына дейін  сақтандыру және тасымалдау бойынша  шығындары кіретін тауар сату шарты) жүргізіледі.

  Құндық  көріністер АҚШ долларымен көрсетіледі, шетел валюталарын долларға қайта  есептеу кеден мәлімдемесін толтыруға  қабылдаған күні Республиканың Ұлттық банкі белгілеген ресми бағамы бойынша  жүргізіледі.

  Экспорт пен импортты есепке алғанда Тауарларды бейнелеп жазу мен кодтаудың алты таңбалы үйлестірілген жүйесі (ҮЖ) және Еуропалық Одақтың құрастырылған  тарифтік-статистикалық номенклатурасы (ЕО ҚН) негізінде өңделген «ТМД елдері сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы» (ТМД СЭҚ ТН) классификаторы қолданылады.ТМД СЭҚ ТН-ға сәйкес сандық есеп жүргізу мақсатында тауардың өлшем бірлігі анықталады. Қосымша  өлшем бірлігі анықталмаған тауарлар нетто салмағы бойынша тоннамен есепке алынады. Әйтпеген жағдайда есепке алу номенклатурада көрсетілген өлшем бірлікпен (дана, жұп, литр және т.б.) жүргізіледі.  

       1.1.Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

  Кәсіпорынның  сыртқы экономикалық қызметінің негізгі  түрлері тауарларды экспорттау мен  импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту  арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау – тауарды сатып  алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

       Сыртқы  экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық  сауда палатасының әзірленген халықаралық  сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды  ұсынады. 

       «Инкотермстің»  барлық термині төрт базалық котегорияға  топтастрылған:( 1-Қосымша) 

              «Е» тобының шарты бойынша  сатып алушы сатушының қоймасынан  жөнелтуге дайын тұрған тауарды  алады. «Ғ» тобының шарты бойынша,  сатып алушы көрсетсен транспорттық  құралына дейін тауарды сатушының  өзі жеткізіп беруге міндеттенген.

       «С» тобының  шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ  жүкті жөнелткеннен кейін пайда  болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының  шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді  және жүкті белгіленген жеріне дейін  жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

       СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі  жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес  порт кемесіне тиейді және сатып алушыға  құжаттарын қоса береді. Сатушының  міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі  де кіреді.

       Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.

       DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат  етілген белгіленген орнына дейін  тауарды жеткізіп беру бойынша  жауапкершілікті сатушы алады,  ал сатып алушы көрсетілген  орында және көрсетілген уақытында  тауарды қабылдап алуға міндетті.

       FAS – жабдықтау шартына сәйкес  сатушы кеме бортына дейін  тауарды өз есебінен жеткізіп  беруді мойнына алады, ал содан  кейінгі шығыстарды (арту, фрахт)  сатып алушы алады. Транспорт  құралына дейінгі тауардың бұзылуын  және басқа да шығыстарын сатушы  өз мойнына алады. 

Информация о работе Толлингті операциялардың есебі