Толлингті операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
I Сыртқы сауда .......................................................................................................4
1.1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері ............................6
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................8
1.3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі…………………………………………………………………….….….........11
1.4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі ...................................................................................................................................14
II Толлингті операциялардың есебі .................................................................15
2.1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да
операциялардың есебі ..........................................................................................15
2.2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі......................................................................................18
Қорытынды............................................................................................................28
Қосымшалар……………………………………………………………...............29 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 65.73 Кб (Скачать)

       Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретінде (5320 шотының дебеті мен 6250 шотының кредиті) ; не шығыс ретінде (7430 шотының дебеті және 5320 шотының кредиті) танылады.

       1.3. Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі

       Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдқтарды, тауарлады, материалдық  емес активтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айырысудың есебі 4110 «Мердігерлермен және жабдықтушылармен есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:

       Шетелдік  жабдықтаушылармен есеп айырысу  – есеп айырысу алдында инкассациялық  тәртіпте есептелінеді, содан соң  акцептеу, аккредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша  жүреді.

       Коммерциялық  несие бойынша шетелдік жабдықтаушылармен  есеп айырысу.

       Шетелдік  валютада берілген вексельдер (траттаттар).

       Келіп түскен импорт тауарларының есебін мына формула бойынша көрестуге болады: 

                 Мұнда: 

        - тауар бірлігінің құны;

         жабдықтаушының бағасы ;

       К – жалпы шығынның жабдықтаушының  шотында көрсетілген жалпы шығын  сомасына қатынастық коэффициенті.

       Өз  кезегінде,

        /СП

       Мұнда:

       ОЗ  – жалпы шығын;

       СП  – жабдықтаушының шотында көрсетілген  жалпы сомасы. 

       Әкелінген тауарлар бойнша ҚҚс мына формула  бойынша есептеледі:

       Мұнда:

         – кедендік құн;

       - импорттық кедендік баж салығы;

         – кедендік алымдар

                А - акциздер 

       Н -  ҚҚС мөлщерлемесі

         Кедендік құнды анықтаудың әдістері:

       Кедендік  құнды сырттан  әкелетін тауарларға жасалған мәміленің  бағасы бойынша анықтау  әдісі. Нақты төленген немесе Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезде төленуге тиісті баға Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауардың кедендік құны болып табылады.

       Кедендік  құны ұқсас тауарлар жөнінде жасалғаг мәміле бағасы бойынша  анықтау әдісі. Ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда ұқсас тауарлар жөнінде жасалған  мәміле бағасын осы топта көрсетілегн ережелерін сақтаған жөн. Мұндай ұқсас тауарлар деп бағаланаатын тауарлармен қай жағынан алып қарағанда да, оның ішінде мынадай белгілер барынша ұқсас болғаны жөн: физикалық сипаттамасы; сапасы және нарықтағы орны; шығарған елі; өндірушісі бірдей тауарларды ұғынады.

       Кедендік  құнды бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша  анықтау әдісі. Бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған  мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін тауардың кедендік  құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы  осы бапта көрсетілген ережелер сақталған жағдайда қабылданады.

       Құннан  шегеру негізінде  кедендік құнды анықтау  әдісі. Құннан шегеру негізінде бағалау әдісі бойынша кедендік құнды анықтау бағаланатын біркелкі немесе бірыңғай тауарларды  бастапқы қалыптарынан өзгермей сатылған жағдайда қолданылады. Құннан шегеру әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда тауар бірлігінің  бағасы алынады, бағаланатын, біркелкі немесе бірыңғай тауарлар  әкелінген күннен бастап, 90 күннен әрі асырмай, сол баға бойынша мейлінше көп партиямен сатылады.

       Құнға қосу негізінде кедендік құнды анықтау  әдісі. Құнға қосу негізінде бағалау әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланған кезде материалдың құндары және бағаланатын тауарды өндіруге байланысты  дайындаушының шығарған шығындары; сондай-ақ тауар түріндегі шығаратын елден Қазақстан Республикасына сатуға тән әкелінген шығындарды, соның ішінде тасымалдауға, жүкті тиеуге және түсіруге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жерге дейін сақтандыруға жұмсалатын шығындарды және басқа да шығындары; мұндай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткізу нәтижесінде, әдетте, экспорттаушы алатын пайданы қосу жолымен есептеп шығарылған тауар бағасы қабылданады.

       Кедендік  құнды анықтаудың резервтік әдісі. Егер тауардың кедендік құнын мәлімдеуші кедендік құнды анықтаудың жоғарыда көрсетілеген әдістерді рет-ретімен қолдану арқылы анықтай алмаса немесе кеден органы дәлелдеп отырып,  кедендік құнды анықтаудың бұл әдістерін пайдалануға болмайды деп есептесе, кедендік құн резервтік әдіспен анықталады. Резервтік әдісті қолданғанда Қазақстан Республикасының кедендік органы  кедендік құнды анықтау үшін тауар бағасы негізінен оның жіктелуіне, сапасының сәйкестігіне тәуелсіз түрде сараптау нәтижелері бойынша алынған мәліметтеріне, сондай-ақ өздерінде бар бағаға  сүйенеді.

       Кедендік  құн бухгалтерлік есепте көрініс  таппайды.

       Консигнация жағдайында импортталған тауарлар. Консигнация жағдайында  импортталған тауарлар мен өнімдерді сатқанда консигнацияға консигнант пен консигнатор арасында келісім-шарт жасалынады. Тараптар келісім-шарттың  барлық реквизиттерінің  толтырылуына жеке көңіл бөлуі қажет , ол екі данада жасалады, әрбір тараптар үшін бір-біреуден. Бұл операциялардың есебі валюталық операциялармен, бағамдық айырмамен, кедендік рәсімдеумен, консигнаторлармен есеп айырысу тәртібімен, бюджетке төленетін  қосылған құн салығымен, сақтау жағдайымен және консигнацияға алынған тауарларды рәсімдеумен байланысты болып ерекшеленеді. 

       1.4. Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі

 

          Тауарды экспорттаубұл оларды сатып алушы елге жөнелтіп, шетел сатып алушыларына сатылған тауар.

       Экспорттауға  арналған тауарладың қозғалысын рәсімдеудің  негізі болатын құжаттар қатарына мыналар  жатады:

       Жабдықтаушылардың шоттары, көліктің барлық түріне жасалатын  тауарлы   көліктік наклоднойлары, спецификациялау, сертификаттар, коносаменттер  және тағы басқа да құжаттары қоса тіркелген төлемдік тапсырмалар;

       Материалды  қабылдауға жасалған тауарладың станция  жанындағы және тағы  басқа да құжаттары қоса тіркелегн төлемдік талап-тапсырмалары;

       Тауарладың  кем түскені, артық шыққан, бүлінген не табиғи кему фактілерін куәландыратын  коммерциялық актілері;

       Сақтандыру  полисі (егер де жүк жабдықтаушымен сақтандырылса);

       Контракт  бойынша қарастырылған басқа  да құжаттар.

       Экспортқа шығарылған тауарлардан түсетін  түсімдердің  толық және дер кезінде  түсуін қадағалау мемлекеттің сыртқы сауда жүйесін қадағалап отыратын органдарға жүктеледі.

       Тауарды жабдықтауға шетел әріптестерімен  контракт  жасар алдында, экспортер  мәмілені екі данада рәсімдейді және онда түсетін   түсімді бақылап  отыратын банкі көрсетіледі, сол  банкте  валюталық шот ашылады. Банк мәміленің дұрыс жасалғанын тексеріп қол қояды. Жасалған мәміленің  бір данасы – экспортерда, екіншісі – банкіде сақталады. Экспортер  кедендік рәсімдеу кезінде кедендік жүк декларациясын және мәміленің  төлқұжатын ұсынады. Аталған   екі  құжаттың мәліметін бір-бірімен  салыстырып, нәтижесінде олар сәйкес келсе, онда кеден органы екеуіне  мөр басады. Олардың көшірмесі  кеден органдарында қалады, ал екіншісі  экспортерға беріледі, ал бұл  құжатты  өзінің банкіне тапсырады.

       Тауарды экспорттау бойынша жазылатын жазбаларды бухгалтерлік есепте рәсімдеу мәміленің  нақты жағдайына  және валюталық  есеп айырысу нысанына көп жағдайда  тәуелді бола келеді.

       Экспорттан  түсетін теңгедей немсе шетел  валютасындай түсімнің дер кезінде  және толықтай болуы және оның бақылауының  жүзеге асырылуы , сондай-ақ импорттық  мақсатқа теңгедей немесе валютасындай пайдалануы «Қазақстан Республикасының  экспорттық – импорттық бақылауды  ұйымдастыруы туралы» нұсқауында белгіленген. Егер де  түсім контрактіде белгіленге мерзімде түспесе және ол 180 күннен асып кетсе, ҚР құқықтық актілеріне сәйкес контрактіні тіркеуді жүзеге асыруына болады. 

       II Толлингтік операциялардың есебі

 

       Толлингтік  операция деп өңдеуге берілген (немесе әкелінген)  давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бұл операциялар Қазақстан Республикасында да (материалдар мен шикізатты өңдеуге әкелу), сондай-ақ одан тысқары жерлер де (материалдар мен  шикізатты өңдеуге шығару) орын алуы мүмкін.

       Өңдеуге әкелінегн тауарлар, кеден заңына сәйкес, кеден бекетінен өтеді, сондықтан  кедендік тәртіпте олараға салық  салынады.

       Толлингтік  операцияларды жүзеге асырған кезде  бір елдің кәсіпорны өзара  жасасқан шартта анықталған төлем бойыенша басқа бір елде орналасқан кәсіпорынға  сол елдің аумағында қайта  өңдеу үшін берілген шикізаты тапсырады, «Тапсырыс беруші» берген  бұл  шикізаттан өтімділігі бар тауарлар алып, содан соң оларды «Тапсырыс  берушінің» еліне әкеледі немесе үшінші бір елдерге апарады.

       Толлингтік  операциялар шикізат пен материалдарды  қайтадан өңдеу; тауарларды өңдеу, оған қоса оларды монтаждау және құрастыру; тауарларлы жөндеу, оларды қалпына  келтіру; өтімділік тауарларын өңдеуге  қолданылатын материалдар мен  тауарлады  пайдалану жөнінде жасалатын  операцияларды білдіреді.

       Қазақстан Республикасының кеден аумағында  тауарлады қайта өңдеу процессі тек орталық кеден  органдарының рұқсаты бар болса ғана жүргізіледі. Бұндай рұқсат қазақстандықтарға әкелінген  тауарға ұқсас өңдейтін мүмкіндігі және өндірісі, сондай-ақ оның өңдеу  қуаты  бар болса ғана  беріледі.

       Егер  де өңдеуге әкелінген өнім екі  жылға жеткізбей экспортталатын болса, онда кеден органдары кеден  және басқа да салықтарын қайтарып береді.

  Шетел тауарлары және олардың өңделген өнімі шығарылатын кеден салығынан  босатылады және оларға кеденнің саяси  шаралары қолданылмайды.

       2.1. Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты  басқа да операциялардың есебі

 

       Атқарылған  жұмыс, көрсетілген  қызмет. Сыртқа экономикалық қызметінің мәмілесіне , тауарлардан басқа жұмыстардың атқарылуы, қызметтің көрсетілуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі бұл мәміленің артықшылық белгісі салық салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының атқаратын жұмысын, көрсеткен қызметін сату орны Қазақстан Республикасы болмаса онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.

       Егер  де шетелдік резидент емес – кәсіпорын  Қазақстан салық төлеуші болып  табылмаса  да, олар өз жұмысын, қызметін, оларға қосылған құн салығын, республиканың салқ төлеушілеріне көрсетеді (қосылған құн салығынан басқа). Бұл кезде қызметті сату орны болып мыналар танылады:

       Қозғалмайтын  мүліктер, егер де жұмыстар, қызметтер  осы мүліктермен тікелей байланыста болса;

       Егер  де көрсетілген қызметі, атқарылған жұмысы, осы аталған мүлікердің қозғалысымен нақты  байланысты болса;

       Егер  де көрсетілген қызметі, мәдениет, өнер, білім, спорт аясы осы аталғандармен  нақты қатынаста болса;

Информация о работе Толлингті операциялардың есебі