Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:43, курсовая работа
Жалпы бұл курстық жұмыста №2 стандарт «Қорлар» есебіне тарихи құн әдісі бойынша бухгалтерлік тәсілді анықтайды.Қорлар есебіндегі негізгі сұрақ болып-актив ретінде танылуға тиісті шығындар шамасын анықтау,қорларды сату бойынша келесі кезеңдерге ауыстыру және сәйкес пайданы тану табылады.
№2 стандарт шығындарды анықтау және оларды ары қарай шығыстар ретінде тану бойынша тәжірибелік нұсқаулар береді,онда сонымен қатар қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы айтылады.
КІРІСПЕ..………………………………………………………………………..........3
1 ТАУАРЛЫ–МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.....5
1.1 Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, жіктелуі……...…………..……....5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы…….…...………............…........8
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ…………………………….…………………….11
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу……………………………………….........................11
2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың синтетикалық есебі…...…………...........16
2.3 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі……………………….....……...27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………...…………………………...…........….30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........…………....…....………………................32
2.3.Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі
Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.
Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды ,материалды есепке алуды материалды жауапты немесе олардың келісімдері мен жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды есепке алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.
Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім регистрдің нысаны төменде келтірілген.
Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.
Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады.
Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру регистрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Регистрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді.
Регистр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық–шаруашылық іс-әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып, келесі унификацияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін.Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі.
Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады.
Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады.
МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), тегі және МЖА аты–жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі.
Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді.
Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән ешығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөміріжәне құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады және оларды тауарлық септе соңғы құжат түскенде береді.
Осылайша,шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады. Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз.
Айтып кететін жайт, «Тауар» мен «Ыдыстар» бөлімшелерінде түскен және шыққан тауарлар бағасы мекменің есеп саясатындағы бағамен жазылады.
Тауарлы–материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы–материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы–материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы–материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ҚЕХС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.
Ал біздің есеп саясатында Фифо әдісі қолданылады. Тауарлы–материалдық қорларды бағалау дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында, қаржылық жағдайында да мәнді әсер етеді.
Тауарлы–материалдық қорлар сипаттауға алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу техниксының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі.
Тауарлы–материалдық қорлардың қоймаларға түсуін әлде босатылуын ұйымда тағайындалған құжаттар толтыру арқылы рәсімделеді.
Бастапқы құжаттар санын азайту үшін түскен материалдардың қорды құжатсыз толтыруға рұқсат беріледі.Жабдықтаушылардан алынған қажетті құжаттарда алшақтық болмаған кезде, кіріс ордерінің негізгі реквизиттері мен арнайы штампы қойылып толтырылады. Ұйымды тауарлы–материалдық қорлармен прогрессивті жабдықтау үлгілерінің бірі – жабдықтаушылардың қоймасынан автокөлік пен орталықтандырылған жеткізіп беру, ол кезде тауарлық – көлік накладнойы 4 данада түзіледі:
1.сатып алушыға - кіріс ордері орнына материалды қабылдау үшін;
2.жабдықтаушыларға құндылықтарды есептен шығару үшін;
3.автокөлік жүргізушілеріне еңбек ақы есептеу үшін;
4.төлемді жүзеге асыру үшін банке ұсыну.
Егер жабдықтаушылардан келіп тауарлы–материалдық құндылықтарды сандық және сапалық айырмашылығы болса немесе материалдардың көлік құжатынсыз келіп, түссе, қабылдау комиссиясы «Материалды қабылдау Актіні» 2 данада жазады.
1-ші данасы бухгалтерияға, ал 2-шісі маркетингтік бөлімге тапсырылады.
Материалдардың қоймадан жән еқойма цехынан босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылу бағытына байланысты. Материалдар шығынына дұрыс бақылауды іске асыру үшін материалды талап етуге құқы бар тұлғалардың тізімі мен қолтаңбасының үлгісі әрбір қоймада бекітілуі тиіс. Бұл тізім бухгалтермен келісілген болуы тиіс. Өнім өндіруде жүйелі түрде қолданылған қорларды өндіріске босату кезіңде «Шектеулі алу» карталарын пайдалынған жөн. Шектеулі карта өндірістік бөлімде толтырылады және маркетинг бөлімімен визаланады. Оның жоғарғы бөлімінде сол цехқа берілген материалдардың номенклатуралық нөмірлері мен айлық шек көрсетіледі.
Шектеулі – алу картасы екі данадан тұрады: бір данасы ай басында цехқа беріледі, екіншісі қоймада қалдырылады. Шектеулі - алу карталарын пайдалану, біріншіден материалдарды босату үшін толтырылған құжаттар санын қысқартады, екіншіден шек шеңберінде босатылған материалдарға бақылауды күшейтеді.
Шекте көрсетілген материалдарды алуы кезінде «Материалдарды ауыстыру акт» талабы толтырылады, ал талап бойынша алынған сан шектеулі – алу картаға жазылады. «Материалдарды ауыстыру талап акті» нормаларға біріктіріледі.
Материалдық қорлар цехтар мен күн сайын пайдалынбайтын болса, мұндай материалдарды босату үшін бір реттік «Талап» толтырылады.
Материалдардың қоймалардағы қорлар есебін қойма меңгерушісі жүргізуге міндетті. Бұл есеп қоймасындағы материалдар туралы сандық ақпарат қалыптастыру үшін ұйымдасытруды жән есол материалдардың номенклатуралық нөмірлері бойынша түскенін, шыққанын және қалдығын анықтайды.
Материалдардың түсуі мен есептен шығуына толтырылған алғашқы құжаттар негізінде қойма меңгерушісі немесе қоймашылар жедел бухгалтерлік шынайлылығы «Қойма есебінің каточкаларында» жүргізіледі.
Бухгалтерия материалдарының әрбір нменклатуралық нөмірлеріне карточканы «құжаттарды тапсыру - өткізу реестрінде» ашады да, олады қол қойғызып, қойма меңгерушісіне береді. Материалды – жауапты тұлға қойма есебінің карточкаларына жазуды күн сайын кіріс және шығыс құжаттары негізінде түсіреді де , әрбір жазудан соң жаңа қалдық шығарылып отырады. Материалды жауапты тұлғалар кезең сайын кіріс жән ешығыс құжаттарының реестірін жасап, оларды субъект бухгалтериясына береді.
Материалдардың синтетикалық есебінің жинақ ведомосты негізінде бухгалтерияда «Материалдардың ақшалай түрдегі қозғалыс ведомосты» жасалады. Егер берілген субъектіде қалдық әдісі қолданбаса, жинақ ведомосының орнына мәліметтерді материалды –жауапты тұлға есеп беруінен алады.
Материалдардың қозғалыс ведомосында есеп кезеңнің басы мен аяғына қалдықтарды көрсету, қойма немесе материалдарды – жауапты тұлғалар бойынша материалдардық қорлардың қозғалысын көрсету қарастырылған. Сондай – ақ онда көлікті– дайындау шығындарының КДШ орташа процентін есептейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Толпаков Ж.С. «Сауда тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.»
2. Толпаков «Бухгалтерский учет».
3. Камышев П.И. « Бухгалтерский финансовый учет».
4. Жминько С.И. «Финансовый учет».
5. Качалин В.в. «Финансовый учет и отчетность со стандартами».
6. Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет».
7. «Бухгалтер плюс компьютер» №4, 2007.
8. «Бухгалтер плюс компьютер» №1, 2006
9. «Бухгалтер плюс компьютер» 2007, №4 және №5
10.«Бухучет на практике» 2005,№8.
11.«Бухучет на практике» 2007, №4
12.«ББ отрасль: торговля» 2008, №1
13.«Компьютерная программы» 2007,№1
14.Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп».
15. Штиллер М.В. «Принципі бухгалтерского учета» , 2007.
16. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на практике».1998ж.
17.Сокова И.Т. «Путиводитель бухгалтера» 2006 ж.
18.Назарова.В.Л. «Бухгалтерлік есеп» 2005 ж.
19.Кеулімжаев.Қ.К. «Бухгалтерлік есеп» 2006 ж.