Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:43, курсовая работа
Жалпы бұл курстық жұмыста №2 стандарт «Қорлар» есебіне тарихи құн әдісі бойынша бухгалтерлік тәсілді анықтайды.Қорлар есебіндегі негізгі сұрақ болып-актив ретінде танылуға тиісті шығындар шамасын анықтау,қорларды сату бойынша келесі кезеңдерге ауыстыру және сәйкес пайданы тану табылады.
№2 стандарт шығындарды анықтау және оларды ары қарай шығыстар ретінде тану бойынша тәжірибелік нұсқаулар береді,онда сонымен қатар қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы айтылады.
КІРІСПЕ..………………………………………………………………………..........3
1 ТАУАРЛЫ–МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.....5
1.1 Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, жіктелуі……...…………..……....5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы…….…...………............…........8
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ…………………………….…………………….11
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу……………………………………….........................11
2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың синтетикалық есебі…...…………...........16
2.3 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі……………………….....……...27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………...…………………………...…........….30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........…………....…....………………................32
Тауар түріне байланысты және оның счет–фактурасын немесе тауарлы-көліктік накладнойы, жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес «Стандарттау және сертификаттау жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертификация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай–ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Шектеулі – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Шектеулі - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат.Шектеулі жинақма карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап–актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.
2.2Тауарлы- материалдық қорлар синтетикалық есебі
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстыру, тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы, салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы, салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.
Жинақтаушы ведомосы- қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдалынады, ол материалдар есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі.
Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайдаланады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғында материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материалдар қалдықтарының кітабы кейінгі 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі. Материалдардың қалдық кітабы төменде келтірілген.
Айдың аяғында материалды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша салалық түрдегі дерек материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.Бұл деректер сәкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.
Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймадағы немесе материалдардың жауапты адамдар арасындағы қозғалыс көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде материалдық салалық және пайыздық ауытқулары анықталады. Табылған пайыз бойынша жұмсалған материалдық құндылықтардың нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады: тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорында түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулар анықталады. Тізімдеменің екінші бөлімінде «Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтаушы ведомствосы» немесе «Материалдық құндылықтардың қозғаласы мен қалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері 20 «Материалдар» мен 22 «Тауарлар» бөлімдерінің шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады.Тізімдеменің екінші бөлігі төменде келтірілген.
Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің немесе материалдың жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұйымдастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақтамалы шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық құндылықтарын нақты құнының олардың есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. № 10 ведомос материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді.
№ 10 ведомос бірнеше бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішіндегі келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі журнал –ордерлерден ( №6, №10, №3, №7, №1 және т.б.) көшіріледі. № 10 ведомостің екінші және, одан кейінгі бөлімдері материалдың құндылықтарды сақталу жері бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Материалдың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының саласы ретінде анықталады.
Синтетикалық және аналитикалық тауарлар жалпы соманың көрсеткіштерінде № 11 журнал –ордерде кредит шоты 1330 «Сатып алынған тауарлар» сату мекемесі бойынша түгелімен № 11 журнал –ордерде, сонымен қатар, 30 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», 32 «Еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі» және 70 «Негізгі қызметтен түсетін табыс» бөлімшесінің шоттарында арналған.
Аналитикалық құн есебі тауарлар қозғалысын МЖА – ға «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжатын пайдалануға болады, оған № 6 журнал –ордер арналған.
Ұсынылатын «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжаты енгізілген өзгерістерді ескергенде келесідей болады.Өзіңізге белгілі, журнал –ордерлерге және ведостарға бірінші ретті құжаттар негізінде, тауарлы есеп беруге қосымша салынған, олардың түсу уақытын ескере отырып сауда кәсіпорындарына бір ведомос жүргізу ыңғайлы, себебі көптеген жеке ведомостарды жазбауға рұқсат етеді. «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомос» әрбір вариантта сату бірлігіне бір жол арналады, ол кезектілік сату бірлік көшірмесіне сай келеді. Арналған жол әрбір ведомосте тұрақты және жол нөмірі тұрақты болуы және жол нөмірі тұрақты болуы тиіс. Сол нөмір мен жолды тауарлық есеп беруде көрсетіп кету керек. Бұл МЖА ай соңындағы соңғы көрсеткіштерді тез тауып тексеру үшін керек.
Ведомостегі жазуларды тауарлық бірлікпен атын көрсетумен басталады, сосын күнін және тауарлы есеп берудің нөмірі және шығыс шотарының тауарлардың есеп беру бөлігі ведомоске көшіріледі. Содан кейін жиынтық сома дебет 222 «Сатып алынған тауарлар» және 331 «Орын толтыруға жататын қосымша құн салығы» және олар 15 бөлімшеде «Кіріс бойынша тауарлар жиынтығы» және сома 16 «Барлық кіріс ыдыстар бойынша» ауыстырылады. Содан кейін осы түрдегі шығыс құжаттарының жиынтығы бойынша шығыс есептеледі.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған әдістің бірін қолданамыз:
-
-
-
Мысалға, тауарлы–материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырылып отырған «Энергия плюс» ЖШС 2009 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны:
-
-
Күні | Цемент | Бензин А-95 | ||||||
Кіріс | шығыс | кіріс | Шығыс | |||||
Саны, тонна | 1 қаптың бағасы, тенге | Сомасы, теңге | Саны,тонна | Саны, литр | 1 литрдің бағасы, тенге | Сомасы, теңге | Саны, литр | |
Ай басына қалдық | 20 | 3000 | 60000 |
| 100 | 45 | 4500 |
|
Кіріс/шығыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
02.01.09 | 10 | 3100 | 31000 | 15 |
|
|
| 50 |
05.01.09 | 2 | 3200 | 6400 |
| 300 | 46 | 13800 |
|
11.01.09 |
|
|
| 10 |
|
|
| 150 |
20.01.09 | 17 | 3400 | 57800 |
| 500 | 45 | 22500 |
|
25.01.09 |
|
|
| 12 |
|
|
| 300 |
27.01.09 | 19 | 3400 | 64600 |
|
|
|
| 100 |
28.01.09 |
|
|
|
|
|
|
| 100 |
29.01.09 |
|
|
|
| 200 | 47 | 9400 | 100 |
Кіріс/шығыс | 48 | - | 159800 | 37 | 1000 | - | 45700 | 800 |
Барлық қалдық пен кіріс | 68 | - | 219800 |
* | 1100 | - | 50200 |
* |
Ай соңындағы қалдық | 31 |
|
* |
| 300 |
|
* |
|