Тауарлы материалдық қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

Жалпы бұл курстық жұмыста №2 стандарт «Қорлар» есебіне тарихи құн әдісі бойынша бухгалтерлік тәсілді анықтайды.Қорлар есебіндегі негізгі сұрақ болып-актив ретінде танылуға тиісті шығындар шамасын анықтау,қорларды сату бойынша келесі кезеңдерге ауыстыру және сәйкес пайданы тану табылады.
№2 стандарт шығындарды анықтау және оларды ары қарай шығыстар ретінде тану бойынша тәжірибелік нұсқаулар береді,онда сонымен қатар қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы айтылады.

Содержание

КІРІСПЕ..………………………………………………………………………..........3

1 ТАУАРЛЫ–МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.....5

1.1 Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, жіктелуі……...…………..……....5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы…….…...………............…........8

2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ…………………………….…………………….11

2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу……………………………………….........................11
2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың синтетикалық есебі…...…………...........16
2.3 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі……………………….....……...27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………...…………………………...…........….30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........…………....…....………………................32

Работа содержит 1 файл

ТМК.doc

— 326.50 Кб (Скачать)

Материалдарды алудың нақты құны субьектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.

Есептік бағалар бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы  айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.

Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі,осы баға бойынша олар синтетикалық есепте,ал аналитикалық есепте –тұрақты есептік бағалармен ,яғни келісім-шарттық немесе жоспарлы-есептік бағалармен есептеледі.

Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса,онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады.БЕС-қа сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар,барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі,субъектінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары,дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін ,қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар,материалдарды алу мен жеткізуге байланысты жабдықтаушылардан  жүк жеткізгендігі субъектінің жүргізушілері,жүк тиеушілер жене іс сапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе,онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың  құнына қосу,есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады.Жоспарлық-есептік бағдарды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп,жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса,мұндай жағдайда субъект жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың  атауы,түрлері және топтарына орай ,сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына ,жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.

Материалдар есебіне,басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.

БЕС-7-нің 6 т.сәйкес «Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына:қорларды алуға жұмсалатын шығындар,олардықазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді ».

Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлық-материалдық қорлар есебі » 7 БЕС мен ҚЕХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Өнім (жұмыс, қызмет)  өндіруде пайдаланатын материалдарды бағалау келесі әдістердің біреуімен жүргізіледі:

Арнайы идентификация әдісі - өзара ауыстырылмайтын арнайы жоба немесе тапсырыс үшін арналған және өндірілген тауарлар мен қызметтер ТМҚ  бірліктерінің өзіндік құнын есептеуді ұйғарады.

Орташа салмақтандырылған құн әдісі -  ТМҚ өзіндік құны есеп беру кезеңінің басында бар және берілген кезең ағымында алынған ТМҚ-дың орташа құнын анықтаумен есептеледі.

Бірінші сатып алынғандар бағасы бойынша бағалау әдісі (ҒІҒО) – бірінші кезекте тауарлардың материалдық қорлардың өзіндік құнына бірінші өндірген немесе сатылып алынған қорлардың құны есептен шығарылады. ҒІҒО әдісі ( бірінші түсті – бірінші кетті) бірінші кезекте алынған тауарлардың өзіндік құны  бірінші сатылған тауарларға жатқызылуы керек деген болжамға негізделеді. Кезең соңында бар тауарлардың өзіндік  құны соңғы сатылып алуларға жатады; ал сатылған тауарлардың өзіндік  құны ертерек сатылып алынғандарға тең.

ҒІҒО әдісі тауарлардың нақты физикалық қозғалысына байланыссыз кез келген саланың  кәсіпорындарында қолданылады, өйткені, тауарлардың  емес, құн қозғалысын есепке алады. Инфляция кезінде ҒІҒО әдісі таза табыстардың аса жоғары деңгейін береді.

Себебі, ағымдағы бағалардың өсуі кезінде компания материалдық қорлардың  бағаларының өсу сәтіне  дейін сатып алу мүмкіндігін ескермей,  сату бағасын жоғарылатады. Сәйкесінше,   бағалардың төмендеуі кезінде керісінше процесс  байқалады. Сондықтан, ҒІҒО әдісінің негізгі кемшілігі -  ол табыс көрсеткішіне  экономикалық даму циклының  әсерін жоғарылатады. Бұл әдістің негізгі артықшылығы – бұл әдістің механикасы ағымдағы шығындарға жақын тауарлық  қорларға баға  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

 

 

2.1Кәсіпорынның қоймасына тауарлы –материалдық қорлардың түсуін және шығуын құжатпен рәсімдеу.              

 

 

Тауарлы – материалдық қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан алуы мүмкін.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы–материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.

Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын-ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Бір қоймаға жататын тауарлы–материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы–материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы–материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы-материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхаты да бухгалтерияға тапсырылады.

Жабдықтаушылардан  сатып алушының қоймасына автокөлікпен тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспедиторынан алған тауарлы–материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы–көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі данада жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы–материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір данасы материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі данада жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

Тауарлы–материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.

Тауарлы–материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

-       шот фактура, онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы–материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы–материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы–материалдық қорлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан  немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт–ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеде қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың, бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеде қалады.

Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде–қапталған немесе қаптамасы алынған күйде ме.

Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.

Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда болса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы» бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген

№ 1240 09.11.2007 ж  және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда ,жатқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс. «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

Тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді.

Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымы көлемінің азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынған қоймадағы тауарларды бағытталған түрде тіркейді, ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:

Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.

Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімімен сәйкес шешіледі.

Тауарлы–материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік жіне көліктік.

Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банкқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы жатады.

Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін айқындайды және көліктік қызмет пен көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.

Тасымалдау үшін қолданылатын көлік түрі:

-                                                                    теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.

-                                                                    тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлы–көліктік;

-                                                                    коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;

-                                                                    авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет–фактураны есепке алу «Счет–фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкес келесі түрде жүргізіледі.

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлар