Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:43, курсовая работа
Жалпы бұл курстық жұмыста №2 стандарт «Қорлар» есебіне тарихи құн әдісі бойынша бухгалтерлік тәсілді анықтайды.Қорлар есебіндегі негізгі сұрақ болып-актив ретінде танылуға тиісті шығындар шамасын анықтау,қорларды сату бойынша келесі кезеңдерге ауыстыру және сәйкес пайданы тану табылады.
№2 стандарт шығындарды анықтау және оларды ары қарай шығыстар ретінде тану бойынша тәжірибелік нұсқаулар береді,онда сонымен қатар қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы айтылады.
КІРІСПЕ..………………………………………………………………………..........3
1 ТАУАРЛЫ–МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.....5
1.1 Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, жіктелуі……...…………..……....5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы…….…...………............…........8
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ…………………………….…………………….11
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу……………………………………….........................11
2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың синтетикалық есебі…...…………...........16
2.3 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі……………………….....……...27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………...…………………………...…........….30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........…………....…....………………................32
КІРІСПЕ..………………………………………………………
1 ТАУАРЛЫ–МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.....5
1.1 Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, жіктелуі……...…………..……....5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы…….…...………...........
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ…………………………….…………………….11
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу……………………………………….......
2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың синтетикалық есебі…...…………...........16
2.3 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі……………………….....……...27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………...…………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........…………....…...
Жалпы бұл курстық жұмыста №2 стандарт «Қорлар» есебіне тарихи құн әдісі бойынша бухгалтерлік тәсілді анықтайды.Қорлар есебіндегі негізгі сұрақ болып-актив ретінде танылуға тиісті шығындар шамасын анықтау,қорларды сату бойынша келесі кезеңдерге ауыстыру және сәйкес пайданы тану табылады.
№2 стандарт шығындарды анықтау және оларды ары қарай шығыстар ретінде тану бойынша тәжірибелік нұсқаулар береді,онда сонымен қатар қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы айтылады.
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары–бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы–материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:тауарлы-материалдық қор есебін көрсету мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы-материалдық қорлардың ұғымы,жіктелуі.
2.Тауарлы –материалдық қорлардың бағалануы.
3.Кәсіпорынның қоймасына тауарлы–материалды қорлардың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу.
4.Тауарлы-материалдық қорлардың аналитикалық және синтетикалық есебі.
5.Материалды жауапты тұлғаның есеп беруі.
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2005 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. «Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:
- коммерциялық қызмет;
- жанар жағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
- көлікпен қамтамасыз ету;
- қоғамдық тамақтандыру пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС-ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары,кезеңдік басылымдар пайдаланылады.
1ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
1.1Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы , жіктелуі
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
Тауарлы-материалдық қорлар өндіріс циклінде қолданылатын әртүрлі еңбек заттары.Олар өндіріс процесінде тұтынылып,өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Қаржылық есептің №2 «Қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады.
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас заттар,құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған өзге де материалдық қорлар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарын бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып табылады:
1.Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар-өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
2.Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
3.Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, жағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
4.Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
5.Қосалқы бөлшектер - машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
6.Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
7.Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
8.Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Еңбек заттары біртекті емес.Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай,сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар.Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі-оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
-шикізат;
-негізгі материал;
-көмекші материал;
-жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері –мұнай,кен,мақта,жүн,тері,ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері-ұн,мата,кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады.Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы,оны сол күйінде сатуға болады.Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді.Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі.Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында-бетон және ағаш бұйымдарын,метталургияда-шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға -әр түрлі химикаттар мен майлайтын,сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады.Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі,олар өнімнің материалдық,яғни заттық негізін құрамайды.Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп,негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді.Материалдардың бұл түріне бояуларды,әктерді(известь) жатқызуға болады.
1.2Тауарлы- материалдық қорлардың бағалануы
2 ҚЕХС-ға сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнынақорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге,алуға жұмсалған шығындар кіреді.Тауарлы- материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы,жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар,көліктік дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер,артық төлеуді қайтару және т.б.осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
7 БЕС 4 т. сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап,құрастыру шығындары алынады.Басқаша айтсақ,(2ҚЕХС 25 т.сәйкес) егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей болса,өйткені қорлар бүлінген,толық немесе жарым жартылай ескірген және соған сәйкес бағасы да төмендеген,сондай-ақ сатылым алдындағы әзірлік немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шығындар өсуі мүмкін болса,материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады.Мұндай жағдайда қорлардың баланстық құны өткізуден немесе материалдық қорларды қолданудан алу күтілетін сомадан арпайды.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.