Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ 5

1 ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАНУЫ
1.1 Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі 6
1.2 Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары 11
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері 18
2.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі 21

3 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.
3.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы 24
3.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті 28
3.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті 33

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ГЛОССАРИЙ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 2 файла

К_Р_СПЕ ЗАЙКА.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

      Аудитордың жұмысының маңызды бағыттарының бірі -өндіріс қорларына талдау жасап, шаруашылықтың кідіріссіз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.

       Материалды құндылықтарға талдау жасау үшін, қоймалық есеп карточкаларын, айналым (қалдық) ведомостарын және түгелдеу көшірмелерін, сонымен қатар бастапқы құжаттарын қолданады.

      Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

      Аудитордың алынатын тауарлы - материалдық қорлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің саны, мөлшері мен сапасы бойынша, сонымен қатар бағалар мен тарифтердің сақталмауына, есептеу құжаттарында арифметикалық қателердің табылуына, өлшеу мен таразыға тарту кезіндегі қателерге байланысты берілген шағымдардың дер кезінде берілуін тексеруге зор көңіл бөлуі керек.

Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін  салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың  кірісі мен шығысы салалық  сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.

      Қорыта келгенде, өндіріс қорларын аудиттеу кезінде аудитор материалдарды кіріске алудың дер кезінде және толық жүзеге асырылғандығына, оларды өндіріске, шаруашылықтың басқа да бөлімшелеріне және сыртқы мекемелерге босатудың заңдылығына көз жеткізуге міндетті.

 

       

 

 

 

 




МАЗМ?НЫ ЗАРИНА К..doc

— 25.00 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы