Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ 5

1 ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАНУЫ
1.1 Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі 6
1.2 Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары 11
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері 18
2.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі 21

3 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.
3.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы 24
3.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті 28
3.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті 33

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ГЛОССАРИЙ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 2 файла

К_Р_СПЕ ЗАЙКА.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

Тауарлық-материалдық  қорларды құру мен сақтау белгілі  бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде  жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

 

2.2 Тауарлы - материалдық қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі

 

      Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.

 

Кесте 2

Тауарлы - материалдық  қорларды  реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар

Реттік номері

Құжаттың аты

1

2

1

«Тауарлы-материалдық  босалқылардың есебі», бухгалтерлік есептің 7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының 13.11.1996ж  № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2003ж №27 бұйрығымен енгізілген   толықтыруларымен және өзгертулерімен)  

2

ҚР-ның салық бюджеттеге төленетін басқада міндетті  төлемдер туралы кодексі. 12.06.2001 жыл № 209-2 «2004 ж 22- қазанда жасалған өзгертулермен  және толықтырулармен »

3

ҚР –ның Кеден кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2004 жылғы 9 шілде жасалған өзгертулермен және толықтырулар

4

ҚР-ның Валюталық реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж 1995ж 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулар

5

ҚР-ның вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997 -1  2003ж 9-шілде өзгертулермен және толықтырулар №482-2

6

ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы 26.12.1995 №273 2004 ж 11 маусымдағы өзгертулермен  және толықтырулар

7

Фискалық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж

8

Кәсінорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым талаптар қою  және құрау мен шаруашылық келісім  шарттар бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралыЕреже-Нұсқау:ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы, №111 15.02.1995

9

Жөнелту және жабдықтау  кезінде өнімдер мен тауарлардың  сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінді заңдарды қолдану  тәжірибесі туралы:ҚР  жоғарғы арбитраждық  соты  Пленумының  қаулысы, №4 23.12.1993 ж

10

«Тауарлы- материалдық  босалқыларды алуға сенімхат беру және оларды сенім-хат бойынша босату тәртібі туралы» , 06.03.1998ж. №41 әдістемелік  ұсынымдар

11

"Қаржылық қорытынды  есепті дайындау тапсырудың тұжырымдамалыұ(концептуалдық)  негізі".ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29 10 2002 ж

12

"Бастапқы құжаттардың  нысандарын бекіту туралы" :ҚР  Қаржы Министрлігінің №128 бұйрығы  , 19.03.2004ж

13

"табыс " деп аталатын  бух. есептің №5 ұлттық стандартына  әдістемелік ұсыныстар:ҚР Қаржы  Министрлігінің бух.есеп  және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997 ж

14

"Күмәнді борыштар  бойынша резерв құру тәртібі" 5" табыс " деп аталтын бух.  есеп стандартына әдістемелік  ұсыныстар.ҚР Қаржы Министрлігінің  №457 бұйрығы .31.12.1997ж

15

"Бух. есеп регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің №72 ереже нұсқау 24.11.1997ж

16

Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж

17

Көлік экспедициясы келісім  шартының шеңберінде жүзеге асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж

18

"Вексельдік операциялардың  бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы  Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хатты, 07.02.2001ж


 

Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.

  1. тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық тауарлы-материалдық босалқылар үшін бірдей болуы кереқ
  2. соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;
  3. басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;
  4. тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;
  5. тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;
  6. тауарлы-материалдық босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

3 ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

 

 

3.1 Тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы

 

      Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің  аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:

  1. Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып  тексеруді;
  2. тауарлы-материалдық қорлардың  синтетикалық және аналитикалық есебінің  дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
  3. қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
  4. қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
  5. Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік  жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
  6. Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.

 

Кесте 3

Тауарлы-материалдық  қорлардың есебінің  аудиторлық бағдарламасы

Рет нөмір

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

Тауарлық- материалдық  қорларды  алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар  екендігін тексеру

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

2

Тауарлық- материалдық  қорлардың саны мен сапасы жөніндегі  тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б.

3

Алынған құндылықтарды  кіріске алудың немесе орындалған жұмыс  пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен   уақытылығын тексеру

Қабылдау актілері, жүк  құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б.

4

Түскен материалдарды  кіріске алудың толықтығы мен  ұзақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с.

5

Тауарлы – материалдық  қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы  мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6

Кәсіпорынның өндіріс  қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен  нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар


 

    Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің  аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.

     Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

     Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін  ескерудің маңызы зор.

    Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

  1. Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және, олардың дұрыс рәсімделгенін;
  2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
  3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;
  4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);
  5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

     Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар (дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.

 

Кесте 4

ТМҚ аудиті кезіндегі  ақпарат көздері

Реттік

Нысан №

Нысан атаулары

1

 

Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама

2

 

Өнімді жеткізу шарттары, келісім-шарттары (жұмыс пен қызмет көрсету), ерекшелендіру, мәміле паспорты.

3

 

Есептеулерді салыстыру  актілері, коммерциялық актілер, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актісі, аванстық есеп беру, орындалған жүмыстарды тапсыру-қабылдау актілері.

4

3-түгендеу

"Тауарлы-материалдық  босалқыларды түгендеу тізімі"

5

4-түгендеу

"Тиелген тауарларды  түгендеу актісі"

6

5-түгендеу

"Жауапты сақтауға  қабылданған (тапсырылған) тауарлы-материалдық  босалқыларды түгендеу тізімі"

7

6-түгендеу

"Жолдағы тауарлы-материалдық  босалқыларды түгендеу актісі"

8

12-түгендеу

"Тауарлы-материалдық  босалқыларды түгендеу нәтижелерін  салыстыру тізімдемесі"

9

ТМҚ-4

"Тауарлы-материаддық  босалқыларды қабылдау туралы  акт"

10

ТМҚ-4а

"Дайындау, сақтау және  ондіріс процесіндегі тауарлы-материалдық  босалқылардың жетіспеулері мен  ысыраптары туралы акт"

11

ТМҚ-46

"Тауарлы-материалдық  босалқылардың бұзылуы, сынуы,  қирауы туралы акт"

12

ТМҚ-5

"Тауарлы-материалдық  босалқыларды есепке алу карточкасы"

13

ТМҚ-7

"Қоймадағы тауарлы-материаддық  босалқы қорлар қалдықтарын есепке  алу тізімдемесі"

14

ТМҚ-11

"Ғимараттар мен  құрылысты қирату және демонтаждау  кезінде алынған тауарлы-материалдық  босалқыларды кірістіру туралы  акт"       


 

 

3.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті

 

      Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің  синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын,  пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.

     Тауарлы-материалдық қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.

      Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.

     Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,

МАЗМ?НЫ ЗАРИНА К..doc

— 25.00 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы