Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ 5

1 ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАНУЫ
1.1 Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі 6
1.2 Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары 11
2 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері 18
2.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі 21

3 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.
3.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы 24
3.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті 28
3.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті 33

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ГЛОССАРИЙ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 2 файла

К_Р_СПЕ ЗАЙКА.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

рұқсат куәлігін толтыру  және тіркеу, олардың пайдаланылғанының  бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.

      Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.

      Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.

      Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және  құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.

     Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық. негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.

      Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың резервін де көрсетеді.

      Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

      Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға жаппай түгендеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

     Аудитор қоймашылармен жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын бақылаудың жағдайы туралы келісім жасалғандығын, материалды сақталу орындарында олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс режимінің сақталуын анықтауға тиісті.

Құндылықтарды тез қабылдап және босатуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нақты қолда барының  бекітілген қор шектеу нормасына  сәйкестігін бақылау үшін тәртіп бойынша қоймадағы материалды құндылықтар секцияларға, ұяларға орналастырылады. Секцияның ішінде топтары, тұрақты және сорты, көлемі бойынша, қобдиларға, жәшіктерге, контейнерлерге, сөрелерге, текшелерге, ұяларға орналастырылады.

     Қоймашы материалдардың өрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған  орнының тұсына жапсырып  қояды.  Таңба  қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.

     Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап, оларды натуралды түрде жүргізеді.

     Карточканы бухгалтерияда немесе электронды есептеу техникаларында ашып, оған қоймасын, нөмірін, материалдардың аталуын, маркасын, сортын, кескінін, көлемін, өлшем бірлігін, номенклатураның нөмірін, есептік бағасын және шектеуді жазады. Содан кейін карточка қоймаға беріліп, қоймашы материалдардың кіріс, шығыс және қалдық бағаларын толтырады. Операциялардың жасалған жұлдызына (күніне) қоймашы карточкаларға бастапқы құжаттарының (кіріс ордерлерінің талап ету накладнойлардың және т.б.) негізінде жазуларын жүргізеді.

     Бүлінген тауарлы-материалдық қорларды жабдықтаушылармен ауыстырғанда:

    Д-т 1420  К-т  1410

    Егер  жақтардың  келісімі бойынша тауарлы-материалдық  қорлардың бағасын төмендету  сұрақтары шешілген болса:

    Д-т1410  К-т 1420

     Егер сатып  алушылармен төлем жүзеге асырылмаса, қарыздар азайса:

     Д-т 3310  К-т 1410

     Егер төлем  жүзеге асырылса:

     Д-т  1030 К-т  1410

    Аудитордың  жұмысының маңызды бағыттарының  бірі -өндіріс қорларына талдау  жасап, шаруашылықтың кідіріссіз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.

 

3.3 Тауарлы - материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті

 

       Аудитордан әр түрлі мақсаттарға  қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

      Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын  тексерумен тығыз байланысты.

      Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, оладың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық  болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны  қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау,  өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.

      Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.

      Тауар шегерімдерін, қайтарылған артық төлемдерді және басқадай осындай түзетулерді, сатып алу шығындарын анықтаған кезде шығарып тастайды.

       Шикізаттардың және материалдардың ( жұмыс, қызмет) шығындары, өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, отындардың, энергияның, еңбек ресурстарының,  ең негізгі құралдарының тозу құнының, сондай-ақ технологиялық процесстен туындайтын басқа да өнім ( жұмыс, қызмет)  өндіруге байланысты шығындарының жиынтығын қамтып, өнімнің ( қызмет, жұмыс)  өзіндік құнын құрайды.

       Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын бағалау, арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық, орташа есептік құны, ФИФО, әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.

      Арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық әдісі бойынша бағалау арнайы жобалар және тапсырыстар үшін өндірілген, өзара айырбастау құралының  қызметін атқаратын тауарлы- материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді.

     Өндіріс қорларының орташа есептік құнын, есепті кезеңнің басындағы қолда бар және сатып алынған немесе осы кезеңнің  ішінде өндірілген ұқсас қорлардың орташа құнын анықтау арқылы есептеп шығарады.

      Өндіріс қорларын ФИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінші кезекте алғакшқы сатып алыңған немесе өндірілген қорлардың құнын шығысқа шығару көзделеді.

     Аудитор материалдық құныдылықтарға аудит жүргізген кезде субъектінің есеп жүргізу саясатында қарастырылған материалдарды бағалау әдістерімен салыстырып тексеруге міндетті.

     Материалды аудиттеген кезде тасымалдау-дайындау  шығындарының нақты өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша құннан ауытқудың таратылу тәртібінің дұрыстығына назар аудару қажет.

    Материалдардың нақты өзіндік құнының олардың тұрақты есептік бағасы бойынша құннан ауытқудан жұмсалған және қоймада тұрақты бағасы бойынша  қалдық материалдардың құндарының арасында пропорционалды таратады. Осы мақсат үшін материалдардың нақты өзіндік құнымен  тұрақты есептік бағасының  арасындағы ауытқу пайызының қатынасын тұрақты есептік бағасы бойынша босатылған және қалдық материалдарының құнына  көбейтеді.

     Материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасынан ауытқуының  пайыздық қатынасын формула бойынша анықтайды.

( Аб+Ас)

Тб=----------------------100%

Ат+Ак

      Бұнда, Тб материалдың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасына ауытқу пайызы;

  Аб- айдың басындағы  материалдардың  нақты өзіндік  құнының тұрақты есептік  бағасы  бойынша ауытқуы;

Ас - айдың ішінде келіп  түскен материалдардың нақты өзіндік  құнының тұракты есептік бағасы бойынша  құнынан ауытқуы;

Ат - айдың басындағы  материалдардың тұрақты есептік  бағасы бойынша  құны;

Ак - ай ішінде келіп түскен материалдардың тұрақты есептік  бағасы бойынша  құны;

      Осы пайыз бойынша жүмсалған материалдардың ауытқуын (тиісті шоттарға) шығысқа шығару қажет. Бұл пайызды есептеп шығару  мәліметтері материалдардың  қозғалысының  есебінің ведомостінің   бөлігінде   келтірілген.   Материалдық   қорларды бағалау және тасымалдау-дайындау шығындарының (ауытқуы; +, -) сомалары сатылған өнімнің, жүмыстың, қызметтің өзіндік  құны  арқылы жалпы табыстың көлеміне тікелей  әсер етеді, демек заңды тұлғаларға салынатын табыс салығының көлемінде.

Сондықтан материалдық қорларды бағалауды   және   оларды өндіріске шығысқа шығаруды дұрыс қолдану салық органдарының бақылауында болатындықтан, аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың    бухгалтериясының    бұл    бағыттағы жүмысын өте мүқият тексеруі қажет.

      Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға, материалдарға, отындарға, қосалқы болшектерге және басқа да материалды құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор.

Аудитор, нақты қолда  бар материалды құңдылықтарға түгендеу жүргізу тәртібінің және оның мерзімінің сақталғандығына толтырылған түгендеудің көшірмесіне салыстыру ведомостіне түгендеудің нәтижесіне оның шаруашылықтың басшысының қатысуымен жіберген кемшіліктерге қолданылған әкімшілік шараларына тексеру жургізіп жоне танысуға міндетті.

     Түгендеу комиссиясының құрамына аудитормен материалды-жауапкершілікті тұлғадан басқа, әдетте, әкімшілік өкілдері мамандар және бухгалтерия қызметкерлері кіреді. Түгендеу жүргізген кезде материалды-жауапкершілікті тұлғаның қатысуы міндетті.

     Аудитордан қайтыс болудан басқа да әр түрлі себептермен материалды-жауапкершілікті тұлғаның қатысуынсыз түгендеу жүргізгенде өте сақ болуын талап етеді.

      Егер де түгендеу нәтижесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеудің нәтижесіне келіспеуі және кем шығу фактісін мойындамауы мүмкін.

     Егер материалды-жауапкершілікті тұлға дәлелді себептермен болмай қалса, онда қойманы жауып пломбирлеп, материалды-жауапкершілікті тұлға жүмысқа шыққаннан кейін ғана түгендеуге кірісуге міндетті.

Түгендеу жүргізудің алдында материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеу жүргізілетін күнге екі дана кіріске алынған жөне шығыс жасалған материалды құндылықтардың қорытынды есебін жасайды. Бірінші данасы шаруашылықтың бухгалтериясына берілсе, екінші данасы аудиторға қалады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Осы курстық жұмысты қорыта келе,  төмендегідей мәселелерге тоқталдым. Бірінші бөлімде: тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі қарастырылады.

     Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

       Аудитор бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.

МАЗМ?НЫ ЗАРИНА К..doc

— 25.00 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы