Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 21:09, курсовая работа
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім.
1.1 Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі……………………...5
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты
есеп айырылысулар…………………………………………………..15
1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар………………………………….25
40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 "Жалпы және әкімшілік шығыстарының" шоты дебеттеледі де және 3170 "Көлік құралдарына салынатын салықтар деп аталатын шоты кредиттеледі. Салықтардың барлық түрлері бюджетке аударылады, ол кезде 3110-3190 "Бюджетпен есеп айырысулар" тиісті шоттары дебеттеліп, және 1030 "Есеп айырысу шотындағы ақша каражттары" шоты кредиттеледі.
Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 3180 шотында көрініс табады.
Мүлік салығын төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
Заңды тұлға- резиденттерінің меншігінде гі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)
Заңды тұлға-резидент еместердің меншігінде гі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)
Жеке кәсіпкерлердің Меншігінде гі салық салынатын объектілері
Жеке тұлғалардың Меншігінде гі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) |
Салық салынатын объектісі: негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса алғанда) және материалдық емес активтер болып саналатындар жатады. Заңды және жеке балансында тұрған объектілердің бухгалтерлік есеп мәліметіері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны
Салық салынатын обьектісіне, кәсіпкерлердің меншігіндеп және меншігінде емес мүліктері жатады: -үй-пәтер қорлары, саяжайы, гаражы т.б. -аяқталмаған құрылыс обьектілері. Жеке тұлға үшін, әр жылдың басына анықталған объектінің құны салық салынатын объектісі болып табылады. |
Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 0,1% алынады: коммерциялық емес ұйымдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтердан; мемлекеттік аттестациялаудан; су қоймаларымен шұғылданатын заңды тұлғалардан; мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан
Салық салынатын обьектінің жылдық орташа құнынан 1% мөлшерінде алынады
Салық мөлшерлемесін, салық салынатын объектісінің құнына қарап, Салық Кодексі белгілейді |
Календар- лық жыл
|
Салық салынбайтын объектісі болып:
- жер салығы салынатын объектілері;
- көлік құралдарының салығы салынатын объектілері;
- Қазақстан Республикасының үкіметінің шешімімен консервацияға жатқызылған негізгі құралдары;
- мемлекеттік автомобиль жолдары;
- инвестициондық жобаның пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Объектінің орташа құнын анықтау үшін бір мысал
келтіріп көрейік. Мысал.
Негізгі құралдың қалдық құны 01.01.2002 ж.
11160 мың теңге, ал материалдық емес активтердің
құны 200 мың теңге құраған. Ағымдағы жылы
келіп түскен негізгі құралдың құны 1200
мың теңге болса, ал олардың есептен шыққаны
800 мың теңге құраған.
Енді біз осы негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын көрсететін кестені құрастырып көрейік.
Күні |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны |
Келіп түскені |
Есептен шыққаны |
Есептелген амортизация сы |
1.01.2009 ж. |
11360000 |
94665 | ||
1.02.2002 ж. |
11265335 |
500000 |
122000 | |
1.03.2002 ж. |
11643335 |
250000 |
115000 | |
1.04.2002 ж. |
11278335 |
115000 | ||
1.05.2002 ж. |
11163335 |
350000 |
95250 | |
1.06.2002 ж. |
10718085 |
95250 | ||
1.07.2002 ж. |
10622835 |
95250 | ||
1.08.2002 ж. |
10527585 |
300000 |
108500 | |
1.09.2002 ж. |
10719085 |
108500 | ||
1.10.2002 ж. 1.11.2002 ж. |
10610585 10876285 |
400000 |
134300 134300 | |
1.12.2002 ж. |
10741985 |
200000 |
127900 | |
1.01.2003 ж. |
10414085 |
|||
Жиыны |
141940870 |
1200000 |
800000 |
1345915 |
Ағымдағы кезеңде объектілердің орташа жылдық құны
10918528 (теңге (141940870:13) құраған, сәйкесінше,
мүлік салығының сомасы— 109185,28 теңгеге
тең болған (10918528 х 0,1).
Әрбір салық төлеуші салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 634 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.
Жер қойнауына салынатын салықтар. Мұндай арнайы салықтардың қатарына:
1. Үстеме пайдаға салынатын салық;
2. Жер қойніауына салынатын арнаулы төлемдер:
2.1. Бонустар (қол қойылған және коммерциялық);
2.2. Роялтилер;
3. Өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі жатады.
Үстеме пайдаға салынатын салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық онда жасалатын контрактының мазмұнына байланысты бoлып келеді, сондықтан оны шартты түрде екі модельге бөлуге болады:
біріншісі — Салық Кодексі белгілеген міндетті
төлемдерімен қоса салықтың барлык түрін
төлеуді қарастырады;
екіншісі — тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиесілі міндетті төлемдерімен қоса барлық салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акциздерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда. Үстеме пайдаға салынатын салық, пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңнің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді, ол келесі мөлшерлемеде болады:
Пайданың ішкі нормасы (ПІН), % |
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) |
20-дан кем немесе оған тең |
0 |
20-дан артық, бірақ 22-ден кем немесе оған тең |
4 |
22-ден артық, бірақ 24-тен кем немесе оған тең |
8 |
24-тен артық, бірақ 26-ден кем немесе оған тең |
12 |
26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең |
18 |
28-ден артық, бірақ 30-дан кем немесе оған тең |
24 |
30- дан артық |
30 |
Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.
Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді, не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.
Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын
Қорытынды
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Есепке алынған
ақпараттардың көмегімен
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Закон Республики Казахстан от 26 декабря 1995 г. N 2732 "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" (с изменениями от 11.06.2005 г.).
2. Типовой
план счетов бухгалтерского
3. Приказ Министра МФ РК 19 марта 2005 г. № 128 "Об утверждении типовых форм первичных документов"
4. Ажибаева
З.Н., Сейдахметова Ф.С. Общие
5. Андросов А.М., Викулова Е.В. Бухгалтерский учет. - М: Андросов, 2000.
6. Бухгалтерский учет / Под ред. П.С.Безруких. - М: Бухгалтерский учет, 1999.
7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. - Алматы: Каржы-Каражат, 1998.
8. Ержанов М.С., Ержанова СМ. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). - Алматы: Издательский дом "Бико", 1997.
9. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. - М: Финансы и статистика, 1999.
10. Назарова В.Л.
Бухгалтерский учет
11. Радостовец В.В., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. Финансовый учет на предприятии. - Алматы, 2005.