Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 21:09, курсовая работа
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім.
1.1 Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі……………………...5
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты
есеп айырылысулар…………………………………………………..15
1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар………………………………….25
Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.
Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезендер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.
Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.
Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер жатады.
Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаган күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатқызылган негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мөлшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.
Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-жабдықтардың құны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.
Ғимараттар, қондырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың құны анықталады:
Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық құнын төмендетеді.
Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.
Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық-құныңда көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан азайта алады.
Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген жөңдеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар шегерімге де жатпайды.
Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:
- жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;
- күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;
- мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;
- жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;
- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;
- тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны. Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен етеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.
Бағалы қағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың құнын өсірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 7710 шоты дебеттеліп, 3110 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.
Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 3110шоты дебеттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
7710 851 шотының дебеті бойынша және 3190 632 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына571 5610 шоты дебеттеліп, және 7710 шоты кредиттеледі.
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар.
Кейінге қалдырылған салыктың есебі үшін 3190 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің
талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.
Бухгалтерлік
және салық есебі арасындағы мәліметтердің
теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені
олардың арасында тұрақты және уақытша
сипаттағы айырмашылықтары болады.
Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.
Тұрақты айырмашылықтар
— бұл ағымдағы есепті кезеңде
туындайтын және бұдан кейінгі есепті
кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік
есеп деректері мен заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада
көрініс табатын деректер арасындағы
айырмашылықтар) салық салынатын және
бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.
Тұрақты айырма ретінде келесі
мысалды келтіруге болады:
- жылдық жиынтық табыспен де,
шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік
қызметімен де байланысты емес шығыстар
(демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге
абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын
алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік
есепте шығысқа жатқызылады, ал салық
есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;
- бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;
- нормадан жоғары белгіленген
іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік
есепте кезең шығыстарына жатқызылады,
ал салық есебінде ол шегерім құрамына
енгізілмейді.
- қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;
- марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;
- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банкаралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.
Жоғарыда келтірілген шектеулерге қосымша, шегеруге жататын несие (қарыз) бойынша марапаттаудың максималды сомасы, келесі сомада шектеледі:
- сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;
- кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.
- және басқа да шығыстары.
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген
кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының
бір бөлігі бір есептік кезенде, ал салық
салынатын табысты есептеген кезде басқа
есептік кезеңде есептелінеді. Сондықтан
бірінде болған айырма, екіншіде жойылады.
Мысалға:
- материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.
- бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;
- 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.
- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;
- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады;
- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықталады:
Салық салынатын табыстың сомасынан 50%
алынады, ал олжылдық жиынтық табыспен
Оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық
айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан
шығады
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;
және басқа да.
Тұракты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы қелесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.
Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.