Табыс салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 21:09, курсовая работа

Описание работы

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім.
1.1 Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі……………………...5
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты
есеп айырылысулар…………………………………………………..15
1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар………………………………….25

Работа содержит 1 файл

Табыс салығының есебі.ЕСКІ.doc

— 394.50 Кб (Скачать)

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет керсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 шоты дебеттеліп, 333, 3310, 3390 шоттары кредиттеледі.          

ҚҚС есептеу кезінде 1210 "Алынуға тиісті шоттар" шоты дебеттеледі де, 3130 "Қосылған құн салығы" шоты кредиттеледі.

Содан соң 1210 шотының кредитінен 3130 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 3130 шотының дебетінде, 1030 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.

Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде ол 633 шотының дебеті мен 3190 шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ның төленген бұл сомасы, 3190шотының дебеті мен 3190 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Акциздік (жанама) салық — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының, "Акциз" деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3120 дебеттелiп, 1030 шоты кредиттеледі.

Акцизді төлеушілер

Салық салынатын

объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі


 

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

- акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;

- мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;

-  медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы); Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердің төлеушілері болып табылады.

Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.

Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді. Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.

Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті : Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленеді.

Акцизделген тауарды  импорттау кезінде олар үшін акциздің тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын анықтау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады.

Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік құны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенің кассасы алынады.

Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 шоттың "Әлеуметтік салық" деп аталатын субшотында жүреді.

Әлеуметтік салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға резиденттері, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер

Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы

Шетел мамандарының табысынан -11% қалған басқа барлық еңбеккерлерден — 21%

Календар-

лық ай әр

тоқсан

сайын есеп

берумен

бірге

Жеке нотариустар, адвокаттар

Еңбеккерлердің саны, салык телеушінін өзін коса есептегенде

 

 

 

Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; Әрбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші

 

 

 

 

Жеке кесіпкерлер

Салыктын арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашы-лықтары) жеке кәсіпкерлер

 

Айлық есептік көрсеткіштен -20%


 

 

Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:     

- мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;

-  Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;

- конкурстық, спорттық жарыста жүлделі орындары үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға;

- кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;     

-  пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

- жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;                     

- тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;

- армия қызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;

- қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;           

- мемлекеттік бюджеттің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;

-  заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;

- босану мен екіқабаттылық бойынша жәрдем ақыға;

- белгіленген мемлекеттік стипеңдияға;

- берілген арнайы киімдердің құнына;

- сақтандыру сыйлығына;

- қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;

- тағы басқаларына.                                                    

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.                                                                      

Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мың теңге құраған (120 х 10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметттік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған [(185 - 77)х 21%].          

Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8113, 8313, 8413, 7110 (811), 7210 және 3150 шоттың кредитінде көрініс табады.

Жер салығы. Бюджетке төленетін  жер салығының есебі 3160 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.

Салық салуға жататын, жердің категориясы

Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы

Ауыл шаруашылығына  арналған жерлер

Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер

Елді мекеннің жерлері

Орман қорлары

Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер

 

Су корлары

Жер корлары


1.4 Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану.

Құқын, уақытша тегін пайдалану құқын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр  жылдың 1 қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

Жер салығын төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшер

лемесі

Салық кезеңі

Салық салынатын жер объектілері бар заңды тұлға (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда):

- меншік құқына;

- жерді тұрақты пайдалану құқына;

- жерді уақытша пайдалану құқына

Жер төлімдері және олардың көлемі, салық сатуды анықтаудың базасы болып табылады.

Салық                       

мөлшерлемесінің         

базасы жердің

сапасына, бонитетіне,

жер төлімдерінің

арналымына тәуелді

болып келеді

Календарлық жыл

Салық салынатын жер объектілері бар жеке тұлға (заңмен қарастырылған кейбір жеке категорияларын қоспағанда):

- меншік құқына;

- жерді тұрақты пайдалану құқына;

- жерді уақытша пайдалану құқына

     

 

Темір жол транспортын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.                                                            

Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер төлімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.          

Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жep телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады.                                                     Байланыс сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.                                                                   

Жердің әрбір теліміне тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады.    

Жерсалығын есептегенде 7210 шоты дебеттеліп, 3160 шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 3160 шоты дебеттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.

Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.                                              

Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады (салық кодексінің 146-147 беттеріне қараңыз).      

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке катеторияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, заңды тұлғалар

Салық салынатын объектісіне көлік (транспорт) құралдары жатады, тек мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелерін және өкілетті органдарда есепте тұратындар

ын қоспағанда

Салық Кодексі белгілеген айлық есептік көрсеткіштің негізінде есептелген түзету

коэффициенттері мен салық мөлшерлемесі көлік түрлеріне, қуаттылығына, двигательдін көлеміне, жүкті көтеру

сыйымдылығына, пайдалану мерзіміне байланысты алынады

Календар-лық жыл

Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, жеке тұлғалар

 

 

 

Информация о работе Табыс салығы