ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 11:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы Еуропа елдерінен енгізілген импорт үлесіне, импорттық түсімдердің жалпы көлемінен 27 пайызы келеді және ол Германия мен Италиядаи әртүрлі машиналарды, жабдықтарды және оларға қосалқы бөлшектерді әкелу және Германия мен Ұлыбританиядан жеңіл және жүк автомобильдерін, құбырлар мен сорғыларды жеткізу арқасында 25%-ға өсті.

    Азия  елдерінен импорт көлемінің өсіміне (2009ж. деңгейіне 43%-ға) Жапониядан автомобильдерді, Қытай мен Жапониядан құбырларды, қытай жиһазын, киімі мен аяқ киімін жеткізудің көтерілуі ықпал етті.

    Америка континенті елдерінен  импорт көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Тауарлардың негізгі бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі.

                                                                                                          4-сурет

    Қазақстан Республикасы импортының географиялық құрылымы

                   2000                                                       2010  

      2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 

    Халықаралық тәжірибеде сатып алу-сату келісімшарты бойынша жүзеге асырылатын сатудың  екі негізгі әдісі - тікелей (divect Selling) және жанама (indivekt Selling) әдістері қолданылады.

    Тікелей (тура) әдіс - тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуды ұйғарады. Аталған жағдайда экспорттаушы өзінің тауарына нарықты өзі тауып, осы нарыққа делдалдың қатысуынсыз-ақ шығады. Ережеге сәйкес, бұл тұтынушылар мен жабдықтаушылардың саны шектеулі, ал тауарға деген сұраныс бұқаралық сипатқа ие болмаған жағдайда жүреді. Жанама сату әдісі -коммерциялық (сауда-саттық) қызметі делдал арқылы жүзеге асыруды ұйғарады.

    Халықаралық тәжірибеде тікелей сату әдісі мынадай  жағдайларда қолданылады:

    - ірі өнеркәсіптік объектінің құрылысы барысында, яғни делдал-фирмалар белгілі және тапсырыс беруші осы делдал-фирмалардың бірімен келісімшарт жасауға қабілетті болса;

    - дайын өнімді бірлесіп шығару  үшін екі немесе бірнеше кәсіпорындармен  өндірістік кооперацияны жүзеге  асыру барысында;

    - ұзақ мерзімді келісімшарттардың  негізінде өнеркәсіптік шикізаттарды  ірі партиялармен сату барысында;

    - ауылшаруашылық шикізаттарының  ірі партиясын өндіруші фирмалардың  тікелей сатып алуы кезінде;

    - меншікті өткізу тораптары арқылы  стандартты ірі сериялы жабдықтарды сату кезінде (кәсіпорындардағы экспорттық өткізу қызметтері, сондай-ақ тауарды сатып алушы елдегі филиалдар, еншілес компаниялар).

    Жанама  сату әдісі мынадай жағдайларда  қолданылады, егерде:

    - тауар жаппай сұранысқа ие  болса, яғни тұтынушылар көп болып, тауар өндіруші өз бетінше оңтайлы сатып алушыны анықтай алмаса;

    - тауар өзінің өмірлік циклының  соңғы кезеңінде тұрса, әрі  оны өткізу (сату) үшін делдалға  көмек қажет болса;

    - аталған тауар нарығы сыртқы  сауда шектеулерінің болуымен  немесе ұлттық ерекшеліктерімен  сипатталады және бұл тауар  нарығына ұлттық делдалдық фирмалардың  көмегінсіз шығуы мүмкін емес  болып табылады.Осы екі сауда  тәсілінің артықшылықтары мен  кемшіліктері бар, сондықтан да осы екі тәсілдің қандай да біреуін таңдау жеке сипатқа ие болады және көбінесе тауардың қасиетіне, өткізу нарығына, тұтыну сұранысына, тауарды өткізу арналарына, саудадан кейінгі техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктеріне және т.б. байланысты болып келеді.

    Жанама  тәсілдің артықшылықтарына мыналарды  жатқызуға болады:

    - тауарды барынша қысқа мерзімде  әрі неғұрлым пайдалы жағдайларда  өткізу (сату) мүмкіндігі;

    - жергілікті делдал арқылы нарықтың  хал-ахуалы мен болашағы туралы  қажетті ақпараттарды алу;

    - делдалдардың білімін пайдаланып, тұтынушылардың ұлттық және басқа  да ерекшеліктерін ескере отырып, жарнама шараларын жоғары деңгейде  ұйымдастыру;

    - тауарларды сатудан кейінгі техникалық  қызмет көрсету жұмыстарын өте  жоғары, сапалы әрі жедел ұйымдастыру;

    - қосымша пайда алу және делдалдардың  білімі мен қаржы қаражаттарды  тарту есебінен сататын тауарлардың  бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

    Жанама  әдістің кемшілігі мыналар:

    - екі ортада делдал жүретіндіктен,  өндіруші мен тұтынушы арасында кері байланыстың үзілуі;

    - өткізу нарығындағы сатушы имиджінің  делдалдық мінез құлқына тәуелді  болуы.

    Өндірістік  бірлестіктер өнімдерінің бөлшектерін  жалпы нарық үшін емес, нақты бір  тапсырыс берушінің тапсырмасы мен  техникалық талаптары бойынша жасап  шығаратын бірлестік түрін білдіреді. Осындай өнімдерді жеткізу үшін жасалатын сыртқы сауда келісімшарттары мердігерлік сипатта болады. Мердігерлік келісімшарттың мәні мынада: бір тарап басқа бір тараптың тапсырмасы бойынша өзіндегі материалдармен (немесе тапсырыс берушінің материалдарымен) белгілі бір жұмыстарды өзінің тәуекеліне ала отырып атқаруға міндет алса, басқа тарап атқарылған істі қабылдауға және төлеуге міндет жүктейді. Мысалы, бір тарап екіншісіне кәдімгі сериялық электрқозғаушыларды сататын болса, онда олардың осы қатынастары сатып алу-сату келісімімен құжатталады, ал тараптардың біреуі арнайы электрқозғаушыларды жеке талаптар бойынша жасауға тапсырма берсе, бұл жағдайда мердігерлік келісім жасалады. Мердігерлік келісім-шарттар мердігер міндеттемелерінің кең өрісін қамтиды, бұған ізденіс және жобалық-конструкторлық жұмыстар, жеке тапсырмалар бойынша машиналар мен құрал-жабдықтарды жасап шығару, өнеркәсіптік және басқа да объектілердің ғимараттары, кеңес беру және басқа да жеке қызметтер көрсету кіруі мүмкін. Мердігерлік келісімшарттарда мердігер орындайтын жұмыс көрсетіледі және мұндай келісімшарттарда бұл жұмыстың қандай нысанда атқарылатыны бекітіледі.

    Мердігерлік келісімшарт бойынша атқарылатын  жұмыстардың қатаң түрде жеке орындалатынына байланысты, мұндай келісімшарттар ғылыми-өндірістік және басқа да бірлестік байланыстарды бекіту барысында кең таралымға ие болды. Мердігерлік келісімшарттардың негізгі ерекшелігі - мердігердің атқаратын жұмысы үшін толық жауапкершілікте болуы. Мердігерлік келісімшарттың ерекшелігі келесілерге келіп тіреледі:

    - кооперацияланатын өнімді өндіру  мен жеткізу үшін келісімшартқа  қол қою көбінесе ұзақ мерзімді  бірлесу шарттарын анықтайтын  келісімдерді бекітумен қоса  жүреді;

    - бұл шарттар машиналарды конструкциялауды  бірлесіп жасауды, тапсырыс берушінің техникалық құжаттамасы мен берілген үлгі бойынша кооперацияланатын бөлшектердің өндірісі мен жеткізілуін қарастырады;

    - кооперацияланатын өнім өзіндегі  материалдармен де, тапсырыс берушінің  материалдарынан да жасала береді және жабдықтаушылар қолданылған материалдардың сапасына жауапты болады;

    - әдетте, мұндай келісімшарттарда  егерде жабдықтаушы өнімді жасауды  уақытында бастамаса немесе тапсырысының  сапасы, жеткізу мерзімі бойынша  лайықты деңгейде атқармаса, онда  тапсырыс беруші келісімшарттан бас тарту құқына ие болатыны көрсетіледі;

    - мұндай келісімшарттарда сапасыз  өнімдермен дер кезінде жеткізіліп  бермегені үшін қатаң айыппұлдар  салу қарастырылған;

    - айыппұл шаралары төлене отырып, зиян шеккен тарапқа тікелей  шығындарды өтеу қарастырылады.

    Халықаралық саудада қысқа мерзімді (рейтинг), орта мерзімді (хайринг) және ұзақ мерзімді жалға беру қолданылады. Жалға деген келісімшарт бойынша мүліктік жал қатынастары мына жағдайларда жасалады, егерде бір елдің жалға берушісі келесі бір елдің жалға алушысына келісілген ақы бойынша мүлікті уақытша пайдалануға берсе. Мұндай келісімшарттар тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің кең ауқымын қамтиды, Рейтингтік келісімшарт әлемдік тәжірибеде өте сирек жасалады. Бұл келісімшарттарда көлік құралдары, туристік тауарлар және қысқа мерзімді қолданыстағы басқа да тауарлар қолданылады. Әдетте, мұндай келісімшарттар жалға берушінің сақтандыру мен жалға берілетін заттың техникалық қызмет көрсету міндеттемелерін қарастырады.

    Ренталық  мөлшерлемелер әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Көлік құралдарын экипажымен және жүргізушісімен қоса жалға алудың келісім-шарттары „тайм-чартер" деп аталса, экипажсыз жалға беру „бербоут" деп аталады. Халықаралық тәжірибеде орта мерзімді жалға беру үшін жасалатын келісімшарттар өте жиі қолданылады. Мұндай келісімшарттарда көлік құралдары, жол-құрылыс машиналары, құрал-жабдықтарды құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналары қолданылады. Орта мерзімдік жалдың ставкалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Келісімшартқа сәйкес сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші немесе жалға алушы жүзеге асырады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді жалға беру кеңінен қолданылады. Лизингтің негізінде кеңсе, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар жатыр. Лизингке тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар жалға беріледі.

    Қарама-қарсы  сыртқы сауда операциясының сипатты  белгісі мынада: әріптестердің негізгі  және қарама-қарсы міндеттемелері бір  құжатта, яғни келісімде немесе келісімшартта тіркеледі. Қарама-қарсы сатып алу (халықаралық жіктеу бойынша «бай-бек» операциялары) импорттаушы елдегі тауарды белгілі бір сомаға сатып-алуға жасалған экспорттаушылардың міндеттемелерін білдіреді. Мұндай міндеттемелер, әдетте келісімшарт құнының белгілі бір бөлігін құрайды. Бұл операция бартерлік келісімшарт сияқты импортгаушыға жасалған жеңілдік болып саналады. Сыртқы саудалық қарама-қарсы сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мынадай:

    - импорттаушының ұстанымы;

    - келіссөздер кезінде, әдетте тауар бағасына келісілгеннен кейін импорттаушы тауарларды экспорттаушының елінде белгілі бір сомаға сатып алудың міндетті шарты етіп қояды (бұл сома мәмледен түскен пайызбен есептеледі). Импорттаушы бұл шартты келісім-шартқа енгізуге мүдделі және осыған тырысады. Сондай-ақ шартты орындамағаны үшін айыппұл шаралары қолданылады (орындалмаған міндеттер сомасы 20 пайыздан 50 пайызға дейінгі көлемде). Бұл жердегі импорттаушының көздейтін мақсаты - өз еліндегі валютаньтң бөлігін сақтау және нарыққа экспорттаушы елдерді кіргізуі.

    Экспорттаушының ұстанымы. Таңдау еркіндігі кезінде ол үшін қарама-қарсы сатып алуға қарағанда, әдеттегі коммерциялық келісімшарт анағұрлым тиімді болып табылады. Алайда, шиеленіскен бәсекелестіктің ықпалымен экспорттаушы қарама-қарсы саудаға келіседі және бұл жағдайда келіссөздердің негізгі құралы - осындай сауданың көлемін анықтау болып табылады. Шетелдік экспорттаушылардың қарама-қарсы міндеттемелерді орындауы немесе оларға банктік кепілдемелерді ұсынумен, не болмаса импорттаушылардың кезекті төлемінен түсетін кепілдік сомаларын ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етіледі. Кепілдемелік ұстап қалу мөлшері қарама-қарсы міндеттемелер сомасының 1,25-1,5 пайызын құрайды. Шетел экспорттаушылары қарама-қарсы міндеттемелерді атқаруда үшінші фирмаға жүктеуі мүмкін, алайда оның атауы қарама-қарсы міндеттемелерде көрсетілуі тиіс және оларды атқару үшін жауапкершілік шетел экспорттаушыларына қалады. Қарама-қарсы міндеттемелерді нақты бір тауармен оны жабдықтаушы көрсетілуі немесе тауар мен жабдықтаушыны таңдау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

    Бартерлік операциялар белгілі бір құны бар тауарларды осы құнмен тең  басқа бір тауарларға айырбасын  білдіреді. Бартерлік операциялар  контрагентгер арасында ешқандай ақшалай  есеп айырысуды ұйғармайды. Бартер бұл тауар айырбас сауданың көш нысаны. Бартерлік операцияның келесідей ерекшіліктері бар:

    - бартерлік операциялар кезінде  әрқашан екі контрагент қатысады;

    - бір ғана келісімшарт жасалады, бұл жерде ең алдымен бір  тараптың міндеттемелері, содан  кейін екінші тараптікі кетеді;

    - операция ақшалай есеп айырбастауды  қажет етпейдіндіктен, "төлем  шарты" деген тарау болмайды;

    - тараптар тауарлар жеткізу көлеміне  келіссөздер жүргізу барысында  бағаны бірінші орынға қойып,  көбінесе тауардың бағасы бойынша  келіссөздер жүргізеді және тауардың бағасы келісілгеннен кейін барып қана, бартерлік сауданың құрылымы мен көлемі туралы келіссөздер басталады.

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты