ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 11:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қалданады.

    Матаны  өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әріпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілейік.

    Егер  де әрбір елдің ресурстары шектеулі болса, сонымен бірге ол шығарып  жатқан екі тауардың біреуінің қосымша  данасын шығаратын болса, онда ол екінші тауарды шығарудан бас  тартуға мәжбүр болады. Оны төмендегі мына теңсіздікпен көрсетсек:

    Англия  үшін

    

 Португалия үшін

    Осы келтірілгек тенсіздіктер негізінде, өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге болады, яғни көлбеу сызық матанын құнына тең, ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.

    Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын анықтау  үшін баға көрсеткішін пайдалану  қажет. Әрбір сектор өндірістік фактордың  біреуін ғана пайдаланғандықтан, еркін  бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

    Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

    

    

    Автаркия (елдік басқа елдермен байланысының болмауы) кезінде ел екі иглікті де шығаруға мәжбүр болады.

    Шараппен  салыстырғанда матаның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.

    

    Басқаша айтқанда, екі игліктің салыстырмалы бағалары оларды өндірісте қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.

    Мата  мен шарап өндірісінде қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары ер елде әр түрлі болып келеді. Автаркияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.

    Ал  мата құнын шарап құнымен салыстырғанда, Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.

          Англия     Португалия
    Мата 

    Шарап

         

    Жоғарыда көрсетілген кестеден Англияның абсолюттік артықшылығы айқын көрінеді.

    Енді  екі игліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.

    Ол  үшін төмендегі кестені қарастыру  керек.

          Англия     Португалия
    Матаның бір данасының шараппен өрнектелген құны

 

    Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.

    А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық  сауданың шығу себептерін тек қана еңбек факторымен қарастырды.

    Бірақ іс жүзінде кез келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.

    Өндірістік  факторлар жөніндегі ілімдерін  зерттеп, 1930 жылы швед ғалымдары Бертиль  Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын ері қарай толықтырды. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен өрнекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жана үлгісін қарастырады. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі:

    1) жұмысшы күшінің артық шамасы  бар, бірақ капитал мөлшері  аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;

    2) капитал мөлшері артық, бірақ  жұмысшы күшінің шамасы аз  болған елдер капиталды көп  қажет ететін тауар өндірісіне  маманданады.

    Енді  басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы  күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз егілген деп есептеледі.

    Егер  басқа тауарлармен салыстырғанда  жұмысшы күшінің шығындарының үлесі  тауар құнының құрылымында көп  болса, онда ол еңбекті көп қажет  ететін тауар деп есептеледі.

    Xекшер  - Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.

    1954 жылы американдық экономист Леонтьев  Хекшер -Олин теориясын іс жүзінде  дәлелдеп көрсетті. Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын зерттейді. Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын қарастырады. Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар қалыптасып АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарларды экспортқа шығарып, ал көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттап алады.

    Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше  болып шықты. Осыған байланысты Леонтъев еңбегі экономикада "Леонтьевтің  парадоксы" деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың  сыртқы саудасына әсер етпейтідігі анықталған.

    Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп  жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет  ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды  аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтъев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ - та пайдаланылатын фaктоpлapдың ішіндегі өте тиімдісі — еңбек факторлары болып табылады.

    Оған  себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жана модель түсінігі - "жұмысшы  күшінің біліктілігі" теориясы деп  аталады.

    Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын практикалық тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисті, 20-жылдардағы Жоспарлау комитетінің қызметкері, Нобуль сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер-Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екінші дүниежүзілік соғыстың орасан зардабынан жеткілікті капиталмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал жетіспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы аpтықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды Шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бұған қарама – қайшы болды да, теория «Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдері шет жаққа шығара бастады.

    Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар  ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің  мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіңдегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқыңды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқадай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

    Бұл жағдай, мысалы, егер капитал өсімі байқалатын болса, Португалияда мауыты өндірісі кезінде қалыптасуы мүмкін.

    Рыбчинский  теоремасы іс жүзінде бірнеше  рет дәлелдеңді. Осылайша Голандияның - «голландиялық сырқаты» индустрилизациясыздандырудың хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп, табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды, ал жылу отынының барлық түріне (табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Бұл жағдай Рыбчиискийдін мына теоремасынан тарайды: жаңа сектор ресурстардың басқа саладардан неғұрлым жоғары еңбекақы мен осы сектордағы соңұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің өнімі қысқарды. Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдары да болуы мүмкін. Бұл, әрине сыртқы саудасаясатында еркін сауда және протекционизм тәрізді екі бірдей екенін көрсетеді.

 

     ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен нысандары 

    2.1. ҚР – ның сыртқы  экономикалық қызметін белгілейтін

    факторлар

    Қазіргі жағдайда кейбір министрліктер, ведомстволар, ұйымдар осы жоғары аталған конвенцияларға қосылудың қажеттілігін сезіне отырып, заң шығару құқығы бар тұлғаларды Қазақстан Республикасы атынан соларға қосылу туралы ұсынысын Қазақстан Республикасы Парламентіне кіруге ынталандыруда. Осы конвенцияларға қосылу сыртқы экономикалық қатынастың тиісті құқықтық негізін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болуы тиіс.

    Мазмұны, құрылымы, қатысушылар құрамы бойынша  ерекшеленетін, әлемдік шаруашылық қатынастарды реттейтін және оларды Қазақстан Республикасында жүзеге асыруға тиімді болатын көптеген халықаралық-құқықтық шарттар бар. Әсіресе төлем, есеп-айырысу операцияларын реттейтін нормалар (мысалы, инкассо бойынша ережелер 1974 ж.), Жай және аудармалы вексельдер туралы заң конвенциясы (Женева, 1930 ж.), сонымен қатар, ұлттық сауда флотының пайда болуын ескерсек, Теңіз саудасында халықаралық-құқықтың келісімшарттарға қосылу қажет қақтығысу туралы конвенция 1910 ж., кемелерді тұтқындау туралы конвенция 1952 ж.

    Қазақстан Республикасы алдында халықаралық  шаруашылық байланыстарды құқықтық реттеу жүйесіне ақшалай кіру мәселесі тұр. Халықаралық-құқықтың бар шарттарды көп жақты зерттеп, соларға енуге республиканың дайындық дәрежесін анықтау қажет. Ұлттық заңнаманы осы халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес келтіру қажет. Көп жақты халықаралық-құқықтық келісімдерді дұрыс таңдай білудің маңызы өте зор.

    Сыртқы саудада тауарларды сатып алу-сату келісімдері екі конвенция арқылы реттеледі: Тауарлардың халықаралық сатып алу-сату туралы бірыңғай заңдар жөніндегі Гаага конвенциясы (1964 ж.) және Вена конвенциясы (1980 ж.). Сондай-ақ жолаушыларды және жүктерді теңіз арқылы тасымалдауды екі жақты реттеуге ие болады, ал теңізде иелік етушілердің жауапкершілігін құқықтық реттеу - халықаралық-құқықтық келісімдермен анықталады.

    Вексельді екі жақты халықаралық-құқықтық реттеу ерекше сипатқа ие. Бүгінгі  таңда «Терроризм мен сепаратизм және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясын ратификациялау» туралы заң жобасы қабылданды. Ал конвенция өзі 2001 жылдың маусым айының 15 жұлдызында Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылығымен қабылданған болатын. Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Ресей, Тәджікстан және Өзбекстан елдері кіретін бұл халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаттарының бірі аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты ұстап тұру жөніндегі бірлескен күш жігерді қолдану болып табылады. Құжаттың ратификациясы біздің елімізге халықаралық терроризм мен сепаратизм және экстремизммен күресте шетелдік әріптестермен тығыз, әрі тиімді түрде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қабылданған міндеттемелері бойынша тараптардың жауапкершілігін заңнамалы деңгейде нығайтуға септігін тигізеді.

    Саяси диалогті одан әрі ілгерілету, аймақтық ықпалдастықтың (интеграция) механизмдері мен нысандарын жетілдіру, бірыңғай қауіпсіздік кеңістікті қалыптастыруда өзара түсінушілікті тереңдету, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстап тұру жөніндегі бірлескен іс-қимылды жасау, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ізгілік қатынастарды жетілдіру мақсатында Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан) «Орталық-Азиялық бірлестікке» айналды.

    Сыртқы  сауданың негізгі  көрсеткіштер. Біздің республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму устіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты. Қазақстанның сауда әріптестері қатарында еуропалық елдермен қатар, азия өңірінің, Америка, Африка және Австралия елдері де бар.

    1997 жылдан бастап елдің сыртқы  саудасының географиясы шалғай  шетел елдерімен байланыстарды  кеңейту бағытына қарай өзгергені  байқалады. Достастық елдері арасында  және ТМД-дан тыс елдер арасындағы экспорт көлемінің пайыздық арақатынасы да айтарлықтай өзгерді. Шалғай шетел елдерімен саудадағы экспорт белсенділігінің қарбалас кезеңі 2000 жылға тура келді. Бір уақытта 2000 жылы ТМД елдері арасындағы негізгі сауда әріптестері болып табылатын барлық елдерге экспорт көлемі айтарлықтай ұлғайтылды.

    2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 5 есеге өсіп, 45201,5 АҚШ долларын құрады (2009 жылы өсім - 37,5%). Экспорт операцияларының өсу қарқыны 2009 жылы 10%-ға, 2010жылы 50%-ға көтерілгеннен кейін 2010 жылы 38.6% құрады. 2010 жылы сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт операциялары көлемінің көтерілуі ықпал етті

    Экспорт. Экспорттың тауарлық құрылымында шикізат тауарлары басым (2-диаграмма). Бұрынғыдай, негізгі тауарлық топтарды, минералды өнімдер мен қымбат емес металдар құрайды, бірак сонымен қатар осы тауарлардың үлес салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда, 2010 жылы Қазақстаннан шығарылған өнімнің жалпы көлеміндегі минералды өнімдер үлесінің (2000 жылғы 29%-дан 2010 жылғы 74%-ға дейін) көтерілгендігі және металлургия өнеркәсібі өнімінің (2000 жылғы 41%-дан 2010 жылғы 16%-ға дейін) төмендегені байқалады.

    Минералды өнімдер экспортының 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 50%-ға өсуіне, негізінен, шикі мұнай мен газ конденсатын жеткізу құнының көтерілгендігі әсер етті. Көлемдерді 2009 жылғы деңгейде сақтаған жағдайда, мұнай экспортының орташа құны бір жарым есеге өсті.

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты