ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 11:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    Жеке  азық-түлік тауарларының (ет және ішек-қарын  өнімдері, ұн) жеткізу көлемінің өсіміне қарамастан 2009 жылмен салыстырғанда экспорттық операциялардың нәтижелері бойынша бидай, бидай мен қара бидай (меслина), арпа, күріш жеткізілімі айтарлықтай төмендеді.

    Алдағы  жылмен салыстырғанда 2010 жылы металлургия өнеркәсібінің өнімін сыртқа шығару 13%-ға көтерілді, бұл темір қорытпаларының, терсек және қара металл қалдықтарының, мыс, мырыш, титан жеткізілімдерінің өсуі есебінен болды, сонымен бір уақытта тегіс темір, қоспаланбаған және қоспаланған тот баспайтын болат жеткізілімі 14%-ға қысқарды.

                                                                                                    1-сурет

    Қазақстан Республикасы экспортының тауарлық құрылымы

    2005 

    

    2010

    

 

    2010 жылы қазақстандық өнімді негізгі сатып алушыларының қатарында Швейцария (19,8%), Италия (15%), Ресей Федерациясы (10,5%), Франция (9,6%), Қытай (8,7%), Нидерланд және Иран (3.2%-дан), Израиль және АҚШ (2,4%-дан), Виргиния аралдары (2%), Канада (1,9%), Румыния және Испания (1,7%-дан), Германия (1,5%), Польша (1,3%), Ұлы Британия (1,2%) болды,

    2010 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 15%-ды құрады (2009 жылы - 20%).

                                                                                                     2-кесте

    ТМД елдеріне Қазақстан  Республикасы экспортының  серпіні

    млн.АҚШ доллары

    Елдің аттары     2000     2005     2010
    Барлығы     5250,2     8812,2     27849,0
    Оның  ішінде:                  
    ТМД елдері:     2883,5     2336,     4066,8
    Еуразиялық  экономикалық қауымдастығы     2535,     1882,2     3329,7
    Беларус     54,2     19,9     26,5
    Қырғызстан      74,9     58,3     225,5
    Ресей Федерациясы     2365,8     1751,4     2927,2
    Тәжікстан     40,4     52,6     150,8
    Еуразиялық  экономикалық қауымдастығынан тыс  елдер     348,2     454,5     737,0
    Әзірбайжан      23,1     46,8     129,1
    Армения     0,2     4,1     43,1
    Грузия      0,3     7,7     52,0
    Молдава     2,5     1,1     52,0
    Түркіменстан      47,5     7,1     17,3
    Өзбекстан     153,1     133,5     242,6
    Украина     121,5     254,2     200,4

 

    2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне экспорт 41%-ға көтерілді, 2009 жылы ТМД елдеріне экспорт 1%-ғa төмендеді және 4066,8 млн. АҚШ долларын құрады. Төмендеу, осы кезеңде Украинаға, Әзірбайжанға және Түркменияға қазақстандық өнімнің жеткізілуінің азаюымен болды. ТМД елдеріне қазақстандык экспорт көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бұрынғыдай, жоғары болып қалуда, осылай 2000 жылы оның үлес салмағы - 82%, 2005 жылы - 75%, 2010 жылы - 72%-ды құрады.

    Ресейге жіберілетін экспорттың тауарлық құрылымында, жалпы экспорттың құрылымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым. 2010 жылдың қорытындылары бойынша, 2009 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі (3%-ға) байқалды.

    Экспорттың  жалпы көлеміндегі басқа елдердің үлесі 2000 жылы 45% құраса, 2010 жылы 85% жетті (2009 жылы - 80%). Қазақстандық экспорттың көлеміндегі айтарлықтай үлес Еурола елдеріне тиісті, 2010 жылы олардың үлес салмағы 61% құрады (2009 жылы - 55%), соның ішінде Еуроодақ елдерінің үлесі 40% (35%) құрады. Еуропа елдері арасында қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары қатарында Швейцария (2010ж. деректер бойынша, Қазақстанның жалпы экспортындағы оның үлесі 19,8% құрады), Италия (15%), Франция (9,6%), Нидерланды (3,2%) бар.

    2009 жылмен салыстырғанда, Еуропа елдеріне экспорт жалпы алғанда 1,5 есеге өсті.

                                                                                                 3-кесте

    Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан  Республикасы экспортының  өсу қарқыны

    Елдің аттары     2000     2005     2010
    Барлығы     2366,7     6475,5     23782,3
    Еуропа      1597,6     2744,3     17100,8
    ЕО  елдері     1116,2     2063,0     10999,4
    ЕО  – дан тыс елдер     481,4     681,3     6101,4
    Азия      647,6     1210,6     4887,8
    Америка     108,6     1499,0     1767,9
    Африка     12,5     19,4     16,5
    Австралия және Океания      0,4     2,2     9,3

 

    2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда қазақстандық өнімді Азия өңірінің елдеріне жеткізу көлемі 7.5 есеге көтерілді (2009 жылдан бастап - 33%-ға). Қытай Республикасының үлес салмағы (экспорттың жалпы көлемінде 9,8%) бұрынғыдай, өңірдегі ең жоғары болып табылады. Осы өнірдегі негізгі сауда әріптестерімен экспорт көлемінің көтерілуі байқалды: Жапонияға - 4,6 есе, Израильге - 2 есе, Ауғанстанға - 90%-ға, Иранға - 24%-ға, Корей Республикасына - 15%-ға, Туркияға - 7%-ға.

    Америка елдеріне қазақстандық өнім экспорты 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті.  
 
 
 

                                                                                                    2-сурет

    Қазақстан Республикасы экспортының  географиялық құрылымы

                          2000                                              2010

    Импорт. Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (импорттың жалпы көлемінен 44%), химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі, металлургия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны өндіру үшін шикізат басым.

    Соңғы жылдары импортталатын- минералды өнімдерінің үлесінің (2000 жылғы 30%-дан 2010 жылы 13%-ға дейін), азық-түлік өнімдері мен оны өндіру шикізаты үлесінің (2000 жылғы 11%-дан 2010 жылы 7%-ға дейін) төмендегені байқалады. Металлургия өнеркәсібі өнімінің үлес салмағының өсімі (2000 жылмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа) белгіленді.

                                                                                             3-сурет

    Қазақстан Республикасы импортының тауарлық құрылымы

    2000

 
 
 
 
 

    2010

    2010 жылы импорттың өнімнің негізгі жеткізушілері қатарында Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен 38%), Германия (7,5%), Қытай (7,2%), АҚШ (6,9%), Украина (4,9%), Италия (3,9%), Жапония (3,5%), Ұлыбритания (2,4%), Түркия (2,3%), Франция (1,7%) Швеция (1,5%), Корей Республикасы (1,5%), Өзбекстан (1,5%) Беларус (1,2%) Швейцария(1,2%) болды.

    2010 жылы ТМД елдеріне барлық импорттық жеткізілімдердің 47%-ы келді (2009 жылы - 48%). Достастық мемлекеттері Қазақстан рыногына импорт өнімінің негізгі жеткізушілері болып табылады. 2010 жылы ТМД елдерінен жеткізілетін импорт 8133,9 млн. долларды құрады (2009 жылдың деңгейіне 133%).

                                                                                                        4-кесте

    ТМД елдерінен Қазақстан  Республикасы импортының серпіні

    млн. АҚШ доллары 

    Елдің аттары     2000     2005     2010
    Барлығы     3806,7     5040,0     17352,5
    Оның  ішінде:                  
    ТМД елдері:     2652,7     2731,7     8133,9
    Еуразиялық  экономикалық қауымдастығы     2020,6     2513,5     6934,8
    Беларус     77,8     39,5     208,0
    Қырғызстан      31,0     30,1     148,6
    Ресей Федерациясы      1899,7     2439,2     6591,3
    Тәжікстан     12,1     4,7     17,0
    Еуразиялық  экономикалық қауымдастығынан тыс елдер     332,1     218,2     1199,1
    Әзірбайжан      25,2     9,9     21,3
    Армения     2,6     1,2     2,1
    Грузия      2,2     4,8     7,2
    Молдава     5,6     7,1     18,6
    Түркіменстан      241,3     43,4     50,7
    Өзбекстан     269,5     70,5     254,5
    Украина     85,7     81,2     844,7

 

    Ресейден  сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 2010 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі баптары: минералды өнімдерді, мұнай және мұнай өнімдерін (Қазақстанмен енгізілген барлық көлемнің 78%). соның ішінде ресей коксының 70%, мүнай өнімдерінің 88%, электр қуатының 66%. табиғи газдың 52%, жағар майлардың 49% болды.

    Қазақстанға енгізілген жеңіл автомобильдердің 14%-ы, жүк көліктерінің 42%-ы және арнайы автомобильдердің 52%-ы Ресейден сатып алынды. 2010 жылы республикаға енгізілген сүт өнімдерінің жалпы көлемінен 55%-ы. шоколад лен құрамында кокао бар басқа да тағам өнімдерінің 59%-ы, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдардың 32%-ы, өсімдік майының 23%-ы Ресейден импортталды.

    Әлемнің басқа елдерінен енгізілген имлорт үлесі 53,1 пайызды құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 38%-ға көтерілді және 9218,6 млн. АҚШ долларын құрады.

                                                                                                              5-кесте

    Әлемнің басқа елдерінен  Қазақстан Республикасына өнгізілген импорттың серпіні

    Елдің аттары     2000     2005     2010
    Барлығы     1154,0     2308,3     9218,6
    Еуропа      690,0     1258,5     4622,9
    ЕО  елдері     491,9     1025,2     4287,8
    ЕО  – дан тыс елдер     198,1     233,3     335,1
    Азия      348,5     612,8     2883,8
    Америка     110,8     403,5     1621,1
    Африка     1,8     26,1     55,0
    Австралия және Океания      3,1     7,4     35,9

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты