ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 11:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    Жоспар:  

    Кіріспе

    І Сауда саясатының теориялық негіздері 

      1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге

           асыру құралдары....................................................................5-9

    1.2 Сыртқы және халықаралық сауда  саясаты.........................9-14

    1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19

    ІІ.   ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары  мен 

           нысандары 

    2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық  қызметін белгілейтін 

           факторлар............................................................................20- 28

    2.2. Сыртқы сауда операцияларының  ұйымдық нысандары 29-34

    2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38 

    ІІІ. ҚР – ның сауда  саясатындағы даму перспективасы 

           және  ерекшеліктері.

    3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

           проблемалары  мен перспективалары. ............................ 39-42

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда  өзекті  мәселелердің  бірі  ретінде  сауда  саясаты  ерекше  маңызға  ие. Себебі  жүйелі де   тиімді  сауда  саясаты  құқықтық  мемлекет пен   демократиялық   қоғамның  ажырамас  элементі  болып  табылады.Сондықтанда  сауда  саясаты  Қазақстан  үшін  зор  маңызды  экономикалық  сала. 

    Бүгінгі  әлем  шапшаң  қарқынмен  дамуда,  ғаламдану  мен  ақпараттық  технологиялар  дәуір  күн  өткен  сайын  күш  алып  барады. Қазақстан  өзінің  экономикалық  әлеуметін  нығайтып, халықаралық  нарықта  орнын  нақтылауда  және  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  (БСҰ)  кіруді  жоспарлауда  президентіміз  Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, «Бізге  ауқымды  міндет- бәсекеге  қабілетті  жағынан  әлем  елдері  ішіндегі  көшбастаушы  елу  елдің  санатына  ену міндетін  шешу  қажет.Бұл  мақсатқа  жете  алуымыз  көбіне  қаржыгерлерімізге  байланысты».

     2006жылы 1  наурыздағы   Қ.Р. президентінің   халыққа  жолдауында Қазақстанның  алдағы  уақыттарда  әлемдегі  50  бәсекелес  елдің  қатарына  кіру  туралы  міндеті  жөнінде   «экономикалық  жоғары   табыстарға  қол   жеткізген кез келген  ел  жедел экономикалық  өрлеудің  алдындағы кезеңде жоғары  экспортты азайтып,  импортты  жоғарлату  жөнінде  барлық  шараларды  міндетті  түрде  қолдаған  және  кейін  макроэкономикалық  көрсеткіштерді  белгіленген  шекте ұстап  тұруды  қатаң  қадағалауды» тапсырды..

    Мақсаты:Жаратылыстану  ғылымдарындағы  сияқты, экономикада  және  өзге де  қоғамдық  ғаламдарда  белгіленген  ақиқаттар  мүлдем  жоқ, теориалар  жасауға  болжам  жасауға  әрекеттер  ғана  бар, оларды  дәлелдеуге  болмайды, алайда  олар  қайсыбір  мезетте  эксперимент  арқылы  жоққа шығарылуы  мүмкін.

    Қоғамдық  ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында  да  дүниетанымға  білім  саны   («нормативтік  сараптық») ықпал  жасайды , бірақ  соңғысының   қалыптасуы   негізін  дүниетаным , яғни  «позитивті»  білім  қалайды.                                        

    Казіргі халыкаралык байланыстардың саяси, экономикалык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді басқарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қатая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен түсіндіріледі.

    Міндеттері:Бұл курстық  жұмыста  сауда  саясатының  сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты кажстті негізгі санаттар, түсініктер мен жіктеулер келтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылық астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі  сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымының сипаттамасы болып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары білім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті.  

    Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі  дамуы өзара бағыныштылық және өзара  араласу процесшің күшейген кезеңінде  жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өңдірістік өнеркәспті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымның принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылатн алғашқы қадамдар жасауда.

    Теориялық методологиялық зерттелуі:Курстық  жұмыста  халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдалдарының кызметің үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б.  қарастырылды.

    Еліміздің  президенті   Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  халыққа  жолдауында:Біз  2030  жылы  Азия  Барысына  айналуымыз  керек.Бірнеше  жылдан  кейін  Қазақстан  Дүниежүзлік  Сауда  Ұйымына  (ДСҰ)  мүшелікке өтпек. Сөзсіз  бұдан біздің  ұтарымыз  аз  емес . Шекара  ашылған соң кәсіпкерлеріміз өз  тауарларын  ешбір шектеусіз шетелге шығаруға  мүмкіндік  алады.

    Сондықтан  қазіргі  уақытта  кәсіпкерлеріміздің  алдында  тұрған  ең  негізгі  міндеттердің бірі – сапалы  өнім  шығаруға  қол  жеткізу, өйткені  шетелдік  өнімдерге  бәсекелес  бола  алмаса,  отандық  бизнес  өкілдері  бонкротқа  ұшырайды. 

    Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің өзі 3 бөлімнен тұрады. Олар: Сауда саясатының теориялық негіздері ,  ҚР-ның сыртқы экономикалық заңдары мен нысандары, ҚР-ның сауда саясатындағы даму преспективасы және ерекшеліктері.Әр бөлімше бірнеше тармақтардан құралған.

    Алынған ақпараттар көзі: Негізгі мәліметтер Әубәкіровтың «Экономикалық теория», Райымқұлұлының  «Экономикалық теория негіздері», Мамыровтың «Макроэкономика», Ілиясовтың «Қаржы» кітаптарынан алынды.  
 
 
 
 

        

    Сауда саясатының теориялық  негіздері 

    1.1. Сауда саясатының  мәні, негізгі түрлері  және оны жүзеге

    асыру құралдары 

    Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта  шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

    Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың  нақты экономикалық мүдделерін қорғауы  немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері  арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

    "Солтүстік-Оңтүстік" жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.

    Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін "Солтүстпік--оңтүстік" жүйесіндегі экономикалардың өзара қатнастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде кономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған, кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:

    - сыртқы сауда саясаты жөнінде;

    - халықаралық сауда саясаты жөнінде.

    Сыртқы  сауда саясаты  дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.

    Халықаралық сауда саясаты  — ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.

    Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибе; 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.

    Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір - бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан; енді кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.

    Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа  елден алғашқы кездері тек  қана экспортгық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әқелуге  жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ  тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.

    Осыған  ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты  жүргізілді. Тым аса дифференнцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде  көрініс тапты, ондағы шектеулер  белгілі бір өнімнің экспортына, өндірісі фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.

    Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру  жолын таңдау өте маңызды.

    Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу  дәрежесін ауыстыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарды таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларі терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.

    Әлемдік нарықтың динамикалық, өзгермелі конъюнктура  жағдайында аргентиналық нұсқа экономика  дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік шенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.

    Осы айтылғандардан мынадай қорытынды  шығады: яғни сауда саясаты бірінші  немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.

    Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік  мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына  кіру жолында кедендік және басқа  келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.

    Әр  түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар  анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік  шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің  күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың  тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.

    Осыған  байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:

    - экспорттық салалардың дамуы  үшін жағдайлар жасау немесе  экспорттық өндіріс салаларына  бағыттау;

    - кейбір салалардың дамуын бағалау  және импорттық өндіріспен бәсекелесу  үшін мүмкіндігі жоқ салаларды  жабу бағдарламасын қабылдау;

    - егер белгілі бір саланың келешекте  әлемдік нарықта белгілі бір  орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі  болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:

    1) кедендік қорғау;

    2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;

    3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің  басқа түрлерін құру.

    Ал  жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұғымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).

    Экспорттық-импорттық  саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты