Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:49, отчет по практике
Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым. «Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
Кіріспе 3
Ι БӨЛІМ. 4
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс 7
Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары 10
Бухгалтерлік есеп формасы 14
IΙ БӨЛІМ. 17
Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау 17
Қаржылық салымдардың есебі 21
Негізгі құралдар есебі 25
Материалдық емес активтер есебі 27
Тауарлы материалдық қорлар есебі 29
Ақша қаражаттарының есебі 32
Еңбекақы есебі 34
ΙΙΙ БӨЛІМ. 37
Салықтар есебі және қызметтері 37
Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері 40
Ақша қаражаттары сақтау үшін және заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттар - бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді. Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау,
қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі бекітетін кассалық
операцияларды жүргізу
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін. Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
2.7 Еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен
Еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі еңбек ақыны қызметкерге фактілі істелген уақыты мен кәсіпорында орындалған барлық жұмыстар үшін шағады. Қосымша кәсіпорында орындалмаған уақытқа, заңмен негізделген, еңбек демалысы, жұмыстан шығу кезіндегі жәрдем ақы т.б.
Еңбек ақы ақшалай және натуралды нысанда шағылады және төленеді.
Еңбек ақыны ақшалай төлеу еңбек ақыны төлеудің негізгі және қосымша түрі және еңбек ақы жүйесіне сәйкес іске асады.
Еңбек ақы жұмыскерлерге мекеменің
кассасында және олар өндірістік жағдайы
мен жұмыс істеуші
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны дәстүрлі емес нысандар арқылы төлеу пайда болды, яғни түскен пайдадан пайыз арқылы есептеу, төлеу.
1. Келісілген еңбек ақыны төлеу
орындалған жұмысына төлеу (
2. Келісілген сыйақылы еңбек
ақы белгілі көрсеткішке
3. Келісілген прогрессивті еңбек ақы төлеу жоспарланған өнімнің саны үшін төленеді, тұрақты бағамен есептелінеді.
4. Аккордты еңбек ақыны төлеу
әртүрлі мамандықтардан
5. Фактілі еңбекақы бригададағы
адамдарға бөлінеді, әрбіреуінің
орындалған уақыты бойынша,
Сыйақы немесе сый бұл жағдайда жұмыс уақытының қысқарғанына байланысты сапа үшін төленеді. Аккордты жүйе белгілі бір адамдар тобына есептелінеді, материалды мақсатты көздеген және жұмыс уақытын қысқартқан жағдайда, нарядпен жабылады.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтастығына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады.
Номиналды жалақы дегеніміз - жалдамалы еңбектің қызметкері
өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін
алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының
мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында
айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі
мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін
емес.
Шынайы жалақы – алған
ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер
мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды
жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну
заттары мен ақылы қызметтердің бағасы
деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі
элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан
да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы
еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің
өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің
өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлер жалақыдан басқа
әлеуметтік сақтандыру қаражаттары
есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық
жөнінідегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы
қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына
жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар,
үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес
қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына
есептелген ақша сомаларын қоса алғанда,
ақшалай немес натуралды нысанда есептелген
жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған
бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген
бағалауға тәуелді болады.
Кесімді – сыйақылық төлемде
кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі
бір сандық және сапалық көрсеткіштерге
қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.
Ілгершіл – кесімді төлемде
өндірілген өнімді белгіленген нормалар
шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу
көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды
шығару көтермеленген бағалар бойынша
(2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай
төленеді).
Жанама – кесімді жүйе
жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет
көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін
өсіруге ынталандыру үшін қоланылады.
Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет
көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін
өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар
төленеді.
Аккордық жүйеде орындалатын
жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп,
бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін
көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға
наряд жазылады да, онда табыстың жалпы
сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер
мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.
Бригадалық нысан әдетте
кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар
бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады.
Бригадалық табысты бөлу КТУ ескерілген
тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі.
Бригадалық кесімді еңбекақы - жұмысшылардың жалақысы бригадалардың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кесіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.
Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:
1. Т – 49 нысынындағы есеп айырысу
– төлем ведомосі бойынша,
мұнда жалақыдан
2. Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі
бойынша, мұнда жалақы мен барлық ұсталымдардың
есебі жүргізіледі. Жалақыны беру тікелей
жазылған төлем ведомосі бойынша дара
жүргізіеледі.
3. Т – 2 нысанындағы «Жалақымен
есеп айырысу» қағаздары
4. Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап
болып түптелген салым қағаздары бойынша.
төлем жалақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.
Адам құрамының есебін кадрлар
бөлімі жүргізеді. Ол жалпы кәсіпорын
бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері
бойынша қызметкерлердің саны туралы
және осы санның өзгерісінің себептері
туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы,
мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа
белгілері бойынша қызметкерлер құрамы
туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.
Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2 нысанындағы
карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін
№Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке
алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген
соңғы адамдар жұмыс орны туралы жазулар
жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне
көрсетуі тиіс.
Кәсіпорында жұмыс жасайтындарды тізімдік
және тізімдік емес персонал деп бөледі.
Орындайтын функцияларына байланысты
жұмыс жасайтындарды жұмысшылар мен қызметкерлер
деп бөледі. Қызметкерлер, басшылар, мамандар
және басқа қызметкерлер болып бөлінеді.
Жұмысшыларды өндіріс процесіне қатысуына
қарай негізгі және көмекші деп бөледі.
ΙΙΙ БӨЛІМ.
3.1 Салық есебі және қызметтері
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымы мен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың
бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар
бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің
құрылуымен бірге пайда болады және
мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның
салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің
ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,
тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық
тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың
мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық
маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың
экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың негізгі мынадай
қызметтері (функциялары) бар: