Отчет по практике в «Жасыбай-Инвест

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:49, отчет по практике

Описание работы

Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым. «Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
Ι БӨЛІМ. 4
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс 7
Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары 10
Бухгалтерлік есеп формасы 14
IΙ БӨЛІМ. 17
Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау 17
Қаржылық салымдардың есебі 21
Негізгі құралдар есебі 25
Материалдық емес активтер есебі 27
Тауарлы материалдық қорлар есебі 29
Ақша қаражаттарының есебі 32
Еңбекақы есебі 34
ΙΙΙ БӨЛІМ. 37
Салықтар есебі және қызметтері 37
Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері 40

Работа содержит 1 файл

Отчет Индира.docx

— 158.59 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе                                                                                                          3

Ι БӨЛІМ.                                                                                                               4

    1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс         7                                                                                                                        
    2. Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары    10                                  
    3. Бухгалтерлік есеп формасы                                                                14                               

ΙΙ БӨЛІМ.                                                                                                         17

    1. Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау             17                                                       
    2. Қаржылық салымдардың есебі                                                             21
    3. Негізгі құралдар есебі                                                                         25
    4. Материалдық емес активтер есебі                                                    27
    5. Тауарлы материалдық қорлар есебі                                                 29
    6. Ақша қаражаттарының есебі                                                            32
    7. Еңбекақы есебі                                                                                   34

ΙΙΙ БӨЛІМ.                                                                                                         37

    1. Салықтар есебі және қызметтері                                                       37                              
    2. Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері                                       40

          3.4 Қазақстандағы салық жүйесі                                                            44

Қорытынды                                                                                                  48

Қолданылған әдебиеттер                                                                                50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым.

«Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.

Серіктестіктің құрылтайшысы: Қазақстан Республикасының азаматы  Аубакиров Дастан Кенесович.

Серіктестіктің тұрған жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Школьный шағын көшесі, 2.

 

Серіктестіктің  заңды мәртебесі.

  • Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлғаның құқыларына ие болады.
  • Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқыларға ие және өз қызметіне байланысты міндеттер атқарады.
  • Серіктестіктің мөрі, жеке теңгерімі, банктерде шоттары, өзінің аты жазылған бланкілері бар.
  • Серіктестік өз мақсаттарына жету үшін өз атынан мәміле жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқыларды алуға, міндеттер атқаруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
  • Серіктестік қатысушы шешімі бойынша өзінің тұрған орнынан тыс филиалдар құруға және өкілеттіктер ашуға құқылы, осы мәселе және олардың тұрған жерлері жөнінде серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган хабардар етілуге тиіс.
  • Қатысушы шешімі бойынша серіктестік басқа заңды тұлғалармен бірлестіктер құруға, басқадай заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
  • Серіктестік өзіне тиесілі мүлік пен өзінің барлық міндеттемелері үшін жауап береді. Серіктестікке қатысушы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оның жарғылық капиталға қосқан үлесінің құны шеңберінде оның қызметіне байланысты шығынға тәуекел етеді.
  • Серіктестік өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекет серіктестіктің қарыздары үшін жауап бермейді.

 

Серіктестіктің  мақсаттары мен қызмет түрлері.

Таза пайда табу серіктестік  қызметінің негізгі мақсаты болып  табылады. Көрсетілген мақсаттарға  жету үшін серіктестік төмендегі  негізгі қызмет түрлерін атқарады:

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сатып алу және өткізу;
  • жанар-жағар май материалдарын сатып алу және өткізу;
  • автомотокөлікті, ауыл шаруашылығы техникасын және олардың қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ құрал жабдықтарын сатып алу және өткізу;
  • жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсету;
  • көліктік-экспедициялық, жолаушыларды тасымалдау;
  • құрылыс материалдарын сатып алу,сақтау және көтерме бөлшек өткізу;
  • құрылыс, құрылыс-монтаждық, қосу-реттеу, тиеу-түсіру, жөндеу жұмыстары;
  • тағам өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларды өндіру, сатып алу, бөлшек және көтерме сауда жүргізу;
  • қозғалмайтын мүлік нарығында сервис және кеңес беру қызметтерін көрсету;
  • автосервис, соның ішінде автомобильдерді жөндеу, автотұрақтар ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық маркетинг, инновациялар енгізу, зерттеу және сараптау жұмыстарын жүргізу, бағдарламалық өнімді өндіру;
  • дизайнерлік және безендіру қызметтері;
  • жарнамалық қызмет;
  • қойма және экспедиторлық қызметтерін көрсету;
  • делдалдық, маркетингтік, тұрмыстық, сервистік, және т.б қызметтер көрсету;
  • коммерциялық сауда пунктері, фирмалық магазиндер, қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үйлерін салу және ашу арқылы тұрғындарға қызмет көрсету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет;
  • қолданыстағы заңнама тыйым салмаған басқадай қызметтер;

 

Серіктестіктің  жарғылық капиталы.

Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін жарғылық капиталды  жалғыз қатысушысы Аубакиров Дастан Кенесович өз есебінен салым енгізді, ол капиталдың сомасы 1 000 000(бір миллион) теңге. Тіркеу уақытында жарғылық капитал толық қалыптастырылған.

Серіктестіктің жарғылық капиталы ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 26 бабында қарастырылған тәртіпте көбейтіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым  ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану  құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық, өзге де мүлік болуы  мүмкін.

 

 

Серіктестіктің  басқару органдары.

Серіктестіктің органдары:

  • серіктестіктің ең жоғарғы органы – оның жалғыз қатысушысы;
  • серіктестіктің атқарушы органы – директор;

Серіктестікке қатысушы серіктестіктің қызметімен байланысты кез-келген мәселені қарай алады.

Директор серіктестіктің атқарушы органы болып табылады және ол серіктестікке қатысушымен тағайындалады. Ол қатысушыға есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Серіктестіктің директоры тек жеке тұлға ғана бола алады, ол серіктестікке қатысушы болмауы да мүмкін, қазіргі жағдайда онымен жасалатын еңбек заңына сәйкес реттеледі.

 

Серіктестіктің  қаржы-шаруашылық қызметін бақылау.

Серіктестік өз қызметі нәтижелерінің  бухгалтерлік есебін жүргізеді, қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілеріне сәйкес санақ есептілігін  жүргізеді. Егер серіктестік кәсіпкерлік  қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын  болса, заң актілері жылдық немесе қаржы  есептілігін міндетті түрде аудиторлық тексерілуін белгілей алады.

Тексеру міндетті болған жағдайда немесе қатысушы тексеруді талап  етіп отырған жағдайда серіктестіктің атқару органы аудиторлық тексеруді  өткізуден бас тартатын болса, мұндай тексеріс кез-келген қатысушының немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша  қабылданған сот шешімімен жүргізіле  алады.

Серіктестік Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметін есеп және есептіліктің жүргізілуіне және оның дұрыстығына жауапты.

 

Еңбек қатынастары.

Серіктестік жұмыскерлерді  жеке еңбек шарты негізінде жұмысқа  алуға құқылы. Әр жұмыскердің еңбек  табысы жұмыстың ақырғы нәтижесін ескере отырып өзінің жеке еңбек үлесімен белгіленеді,ең жоғары мөлшері көлемдермен  шектелмейді және ҚР заңнамалық кесімдеріне  сәйкес салықтар салынады. Серіктестік  еңбек ақы төлеудің нысандары  мен жүйесін өз бетінше белгілейді, еңбек келісім-шарттарында тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақылардың мөлшерін белгілейді. Бұл ретте мемлекеттік тарифтерді тиісті біліктілігі бар қызметкерлер мен мамандардың еңбегіне ақы төлеудің ең төменгі кепілі ретінде қарастырылады.

Серіктестік барлық жұмыс  істеушілердің қауіпсіз еңбек жағдайлармен қамтамасыз етуге міндетті және олардың  денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне келтірілген залал үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап  береді.

Серіктестікті қайта  ұйымдастыру және тарату.

Серіктестіктің қайта  ұйымдасуы серіктестікке қатысушының  шешімі бойынша өз немесе заң актілерінде  қарастырылғаны бойынша өз еркімен  немесе заң актілерінде қарастырылған жағдайда сот органдарының шешімімен мәжбүр етіліп жасалады. Үлестің шеттелуі немесе серіктестікке қатысушылар құрамының өзгеруі серіктестіктің қайта ұйымдасуы болып есептелмейді.

Серіктестіктің таратылу тәртібі және оны банкрот деп  жариялау кезінде тарату тәртібі  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіміне тарату туралы жазба жазылған сәттен бастап тарату аяқталды, ал серіктестік өз қызметін тоқтатты деп есептелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι БӨЛІМ.

1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс

 

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

  • Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
  • Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
  • Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
  • Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
  • Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
  • Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
  • Типтік шаруашылық шарттар альбомы
  • Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
  • Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
  • Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
  • Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
  • Өзге де құжаттар

Информация о работе Отчет по практике в «Жасыбай-Инвест