Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:49, отчет по практике
Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым. «Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
Кіріспе 3
Ι БӨЛІМ. 4
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс 7
Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары 10
Бухгалтерлік есеп формасы 14
IΙ БӨЛІМ. 17
Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау 17
Қаржылық салымдардың есебі 21
Негізгі құралдар есебі 25
Материалдық емес активтер есебі 27
Тауарлы материалдық қорлар есебі 29
Ақша қаражаттарының есебі 32
Еңбекақы есебі 34
ΙΙΙ БӨЛІМ. 37
Салықтар есебі және қызметтері 37
Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері 40
Эмитент кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
Мемлекеттік құнды қағаздар- құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар құнды (бағалы) қағаздың бұл түрі ҚР Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін құнды (бағалы) қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығара отырып, республикалық бюджеттің тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Соған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері бар:
«Ұлттық жинақ облигациялары», «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)», «Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)».
Муниципалдық құнды қағаздар – құнды (бағалы) қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, балабақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Корпоративтік құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйіене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды (бағалы) қағаздарын корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқп бөлуге болады:
Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттардыңн жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған құнды қағаз түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадый екі топқа бөлінеді:
Қарыздық құнды қағаздар - құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы) қарыздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар - құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадыай екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар - бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар - құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадый болып екіге бөлінеді:
Нарықтық құнды қағаздар - бұндай құнды қағаздар айналысқа еркін сатылып немесе сатып отырылады.
Нарықтық емес құнды қағаздар - бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір АҚ-ды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне АҚ-ның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жай акциялар АҚ-ды басқаруға құқық береді. Бір жай акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәліметтерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу АҚ-ның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акция – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциямен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Атаулы акциялар деп – иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімінде тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже бойынша акционерлер кітабында акционерлердің сатып алнған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметер жазылады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдарда тіркелмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдар әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана кәсіпорындар мен ұйымдардың акционерлері бар деп атауға заңды түрде негіз бола алады.
Облигация дегеніміз – оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады.
Депозиттік сертификаттар дегеніміз – ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.
Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:
Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша бағаланған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:
Қаржы салымдары шоты бойынша жүргізілетін операциялар:
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Сатылып алыну құны бойынша акциялар кіріске алынды |
401 |
431,432,441, 451,671,687 |
2 |
Берілген материалдық
құндылықтар үшін сатып алы құны
бойынша кіріске алынған |
401 |
201-206,208 |
3 |
Акциялар үшін есептелінген дивидент сомасы |
332 |
724 |
4 |
Сатылған акциялар: Баланстық құны бойынша Сатқаннан алынатын табыс сомасына |
843 431,441,451 |
401 723 |
5 |
Сатылып алынған облигациялар және басқадай құнды қағаздар |
402,403 |
431-432, 441,451 |
6 |
Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынатын табыс сомасына |
401 |
727 |
7 |
Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян сомасына |
845 |
401 |
2.3 Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір және одан артық жыл) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.Негізгі құралдарға жер, жер учаскелері мен ғимараттар, машина жабдықтары, кемелер, ұшақтар, автокөліктік құралдар, жылжымайтын мүлік пен біріктірілген жиһаз, жылжымалы мүлік кеңсе жабдықтары және тағы басқалар жатады.
Негізгі құралдар өндіріске қатысуларына байланысты өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өнім өндіру орындарында қолданылатын негізігі құралдарды айтамыз. Олар өндіріске арналған ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік-тасымалдау құралдары, станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және т.б. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық үй-жайлар (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар.
Негізгі құралдар пайдаланатын мақсатына және атқаратын қызметіне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
1)жер;
2)үйлер;
3)ғимараттар;
4)өткізгіш тетіктер;
5)машиналар, көтергіш крандар, грейдерлер, бульдозерлер, электроаппараттық транформаторлар, экскаваторлар, жүк көтергіш шығырлар, бетон араластырғыш машиналар, таразылар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, кассалық аппараттар;
6)көлік құралдары;
7)аяқталмаған құрылыс;
8)басқа да негізгі құралдар;
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан құралады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл ұйымның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан кейін алынған іске жарамды, пайдалануға болатын бөлшектерінің құнынан сол объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын алдағы уақыттағы шығындарды алып тастағаннан кейінгі сома.
Негізгі құралдардың келісілген құны – ол сатушы мен сатып алушының келіскен құны.
Негізгі құралдардың қайта бағалануы
ағымдағы құн бойынша жүргізіледі.
Егер өндірісті алдын ала
Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу:
•
сатып алынатын негізге құралдар үшін
(50% аспайтын)
алдын ала төлеу кезінде:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• соңғы есеп айырысу сомасына:
Дт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• негізгі құралдарды кірістеу:
Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша:
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар»;
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады: