Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:49, отчет по практике
Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым. «Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
Кіріспе 3
Ι БӨЛІМ. 4
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс 7
Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары 10
Бухгалтерлік есеп формасы 14
IΙ БӨЛІМ. 17
Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау 17
Қаржылық салымдардың есебі 21
Негізгі құралдар есебі 25
Материалдық емес активтер есебі 27
Тауарлы материалдық қорлар есебі 29
Ақша қаражаттарының есебі 32
Еңбекақы есебі 34
ΙΙΙ БӨЛІМ. 37
Салықтар есебі және қызметтері 37
Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері 40
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:
Бухгалтерлік баланс.
Баланс пен есеп беру дегеніміз – субъектінің шаруашылық қызметі туралы, тікелей есептен туындайтын көрсеткіштердін қалыптасқан жүйесі бойынша белгіленген жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық деректер алу амалы. Баланс пен есеп беру көрсеткіштері бойынша шаруашылық қызметке талдау мен аудиторлық тексеріс жүргізіледі.
Баланс әдісі құбылыстарды өзара байланысты екі жақты қарастыру әдісі
активтер», ІІ бөлім «ағымдағы
активтер». Баланс активінің І бөлімінде
статьялардың мынадай тобы болады:
материалдық емес активтер, негізгі
құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс,
инвестиция, дебиторлық берешек, алдағы
кезеңдердің шығындары. Баланс активінің
ІІ бөліміндегі «ағымдағы
Бухгалтерлік есепке баланс әдісі шаруашылық ресурстарын құрамы мен олардың құралу көздері бойынша көрсету үшін қолданылады. Субъект ресурстарын көрсетудің баланстық әдісі осылардың жалпы теңдігіне (екі белгінің) негізделген. Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстары мен олардың құрылу көздерінің қолдағы мөлшері мен жағдайын және олардың мақсатты бағыттарын ақша түрінде белгілі бір күнге жалпылау әдісі. Баланс негізінде субъектінің қаржылық жағдайы, ресурстардың пайдаланылуының дұрыстығы, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі, олардың айналымдылығы мен өтімділігі (белгіленеді) анықталады.
Бухгалтерлік баланста ресурстарды топтау субъектісінің шаруашылық ресурстарының экономикалық саралауға және осы ресурстардың құралу көздеріне негізделінеді. Олар ресурстар мен шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнын жақсырақ көрсететіндей, сол арқылы субъектінің қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы балансты талдауды жеңілдететіндей тұрғыда орналасады. Баланстың сол жағы (формаға қараңыз) – актив өзіне екі бөлімді қосып алады. І бөлім – «ұзақ мерзімді бөлімі қысқа мерзімде пайдалануға арналған, бір жыл ішінде қолма–қол ақшаға айналдырылатын (жылдам өтетін) ресурстарға бекітіледі. Баланс пассиві осы ресурстардың құралу көздері мен мақсатты бағыттарын көрсетеді: Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
І бөлім: «жеке меншік капитал»;
ІІ бөлім: «ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
ІІІ бөлім: «ағымдағы міндеттемелер»;
Бірінші бөлім субъектінің
міндеттемелерін өтегеннен
Бухгалтерлік балансқа жекеленген шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бухгалтерлік ақпарат пайдаланатын көптеген сыртқы және ішкі топтар мүдделері тұрғысынан келу қажет. Сондықтан да оның рөлі маңызды.
Сөйтіп, баланстың негізгі элементі шаруашылық ресурстарының белгілі бір түрі (активті статия) немесе олардың көздерінің (пассивті статья) қорытындыланған көрсеткіштер есебіндегі статьясы болып табылады.
Баланс статьялары топтарға қорытылады, ал топтар бөлімдерге қорытылады. Мұның өзі бухгалтерлік баланстағы ақпараттық шолу мен талдауды жеңілдетеді. Бухгалтерлік баланс активтері мен пассивтердің жалпы ауқымдарының тұрақты теңдігі ұсталынады. Актив пен пассив көрсеткіштерінің жиынтығын баланс валютасы деп атайды.
Бухгалтерлік баланс құрлымының күрделілігі, көрсеткіштердің өзара байланысы мен тұрақты сипаты оны тікелей және кері байланыстары нақты көрініп отыратын салыстырмалы түрдегі дербес ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Пассив сипатымен келісілмеген активтер өзгерісі шаруашылық тетіктерінің тепе–теңдігін бұзуға, тиісті көздермен қамтамасыз етілмеген шаруашылық ресурстарының құрылуына соқтырады.
Өз кезегінде актив баланс пассивіне ықпал етеді: шаруашылық ресурстарын тиімді пайдалану олардың көздерін ұлғайтады, субъектінің қаржылық жағдайына игі әсер етеді.
1.2 Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формасы
Бухгалтерлік есеп жекелеген амалдар пайдаланылып, солар арқылы шаруашылық операциялары көрініс табады.Бухгалтерлік есеп әдістемесінің элементтері - есеп шоттары болып табылады. Бухгалтерлік есеп есеп шотарының жүйесе сапалық бірыңғай белгідегі ресурстардың, олардың көздері мен шаруашылық процестерінің қозғалысын көрсетеді. Өздерінің атаулары мен нөмірлері (шифрлары) бар есепшоттар жүйесінің ресми тізімі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары деп аталады. Ол экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындарға (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) арналған. Солай бола тұра бухгалтерлік есептің көптеген есеп шоттары субъектілердің қаржы шаруашылық қызметтінің ерекшелектеріне қарай оны пайдалану да мүмкін. Бұл жұмыс жоспарын есепке алуда бірінші бөлімдегі жекелеген есеп шоттардың мазмұнын ашатын субшоттар жүйесіне қоса есеп шоттар жасап, қолдануды қажет етеді.
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп есеп шоттарын енгізу жекелеген шаруашылық операцияларын экономикалық жағынан топтастырудың, шаруашылық ресурстарының (активтерінің) қозғалысы мен олардың құралу көздерінің өзгерісіне ағымды бақылау жасаудың, сондай–ақ есеп жұмысында барлық шаруашылық процестерінің өзара байланысын қалыптастырудың тәсілі болып табылады.
Ағымдағы есепті дұрыс
ұйымдастыру үшін шаруашылық процестерінің
көрінісі мен шаруашылық ресурстарының
құрамындағы өзгерістерді (байланыстырып)
ұштастырып субъект қызметі процесінің
барысына өзара сабақтас сипаттама
беру қажет. Бұған баланстың әрбір
статьясы үшін ашылатын, алайда олар балансқа
қатыстылығына қарай бір–
Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің мәнісі – ол шаруашылық ресурстарының жекелеген әрбір түрінің немесе олардың көздерінің қозғалысын көрсетуге, ресурстардың әрбір түрінің құрамы мен орналасуындағы өзгерістер туралы ақпарат алып тұруға және бухгалтерлік баланс жасауда қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұндай бақылау бухгалтерлік есептің негізгі талаптарының бірі және оған есеп шоттар жүйесінің көмегімен қол жеткізіледі.
Таблица (есеп шот) екі бөлікке
бөлінеді. Есеп шоттың сол жағы (шартты
түрде) «Дебет» деп, ал оң жағы «Кредит»
деп аталады. Есеп шоттың екі жақтылығы
қандай да бір шаруашылық ресурстары түрлерінің
немесе көздерінің ұлғаюы мен азаюын бөлек
топтастырып, есепке алу қажеттілігінен
туған. Есеп шоттың бір жағы ұлғаюды жазуға,
екінші жағы азаюды жазуға арналған, оның
үстіне ұлғаю да азаю да сияқты есепке
алынатын объектіге қарай есеп шоттың
дебетіне немесе кредитіне жазылуы ықтимал.
Сондықтан «Дебетті» кіріспен (түсумен),
ал, «Кредитті» шығынмен (шығыспен) теңдестіруге
болмайды. Бұл терминдердің есеп шоттар
жақтарының атауларынан басқа және тек
шартты түрдегі, техникалық белгі болып
табылады.
Есеп шот таблицасының формасы есепке
алынатын объектінің ерекшеліктеріне
қарай әртүрлі болуы мүмкін. Есеп шоттар
таблицасының неғұрлым дәл реквизиттерді
көрсетудің қарапайым формасы мынадай
болады.
Дебет | |||||||
уақыты |
Жазу |
Операция |
Сома |
уақыты |
Жазу |
Операция |
Сома |
Есеп шот таблицасына қандай да бір шаруашылық ресурстары түрінің немесе олардың көздерінің ұлғаюы мен азаюы бойынша шаруашылық операциялары жазылады.
Белгілі бір кезеңдегі есеп шот дебеті немесе кредиті бойынша жазылу сомасының жиынтығы «Айналымдар» деп аталады. Есеп шот бойынша есептелінген қалдық «Сальдо» деп аталады. Кезеңнің басындағы (мысалы, айдың басындағы) ресурстың (активтердің) қандай да бір түрінің немесе оларды құрайтын көздердің алғашқы жағдайын білдіретін сальдо (қалдық) «Бастапқы сальдо» делінеді. Кезең соныңда (мысалы айдың соныңда) бастапқы сальдоны, есеп шоттың осы кезеңдегі дебеті мен кредиті бойынша айналысын есепке алғандағы кезең үшін бастапқы сальдо болады. Аталмыш есеп шоттың дебеті бойынша жазулар сомасының (бастапқы сальдо мен айналымдардың) кредит бойынша жазулар сомасының артықшылығын көрсететін сальдо «Дебеттік сальдо» деп аталады. Кредит бойынша жазулар сомасының дебет бойынша жазулар сомасынан артықшылығын көрсететін сальдоны «Кредиттік сальдо» деп атайды.
Жүргізілген шаруашылық операцияларынан
туындаған баланстық
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарына жазудың және олардың сальдо мен баланс жиынтығына ықпалының схемасы.
Баланстық |
Операцияларды |
Сальдо өзгерістері |
Жиынтық баланстың өзгерістері | ||
Дебет |
Кредит |
Активті |
Пассивті |
||
Бірінші |
Активті |
Активті |
Біреуі |
Өзгеріс | |
Екінші |
Пассивті |
Пассивті |
Бір есеп шот |
Өзгеріс | |
Үшінші |
Активті |
Пассивті |
Ұлғаю |
Ұлғаю |
Ұлғаю |
Төртінші |
Пассивті |
Активті |
Азаю |
Азаю |
Азаю |
Ең бірыңғай болып табылатын қарапайым шаруашылық операциялары бір есеп шоттың дебетіне және келесінің кредитіне жазылады. Алайда, өмірде тек қарапайым ғана емес, сонымен бірге ресурстардың күрделі кешенде өзгерістері операцияларымен де істес болуға тура келеді. Бірнеше біртектес қарапайым операцияларды біріктіретін операция күрделі деп есептелінеді және ол жазуларды елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді.