Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:49, отчет по практике
Мен Абдыкаирова Индира, ЕА 09.201 тобының студенті 22.10-05.01 уақыт аралығында «Жасыбай Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында мен теориялық білімімді нығайтып, алған білімімді тәжірибе барысында қолдандым. «Жасыбай-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
Кіріспе 3
Ι БӨЛІМ. 4
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бухгалтерлік баланс 7
Бухгалтерлік есеп шоттары, екі рет жазу және есеп формалары 10
Бухгалтерлік есеп формасы 14
IΙ БӨЛІМ. 17
Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау 17
Қаржылық салымдардың есебі 21
Негізгі құралдар есебі 25
Материалдық емес активтер есебі 27
Тауарлы материалдық қорлар есебі 29
Ақша қаражаттарының есебі 32
Еңбекақы есебі 34
ΙΙΙ БӨЛІМ. 37
Салықтар есебі және қызметтері 37
Салық жүйесі, салық саясаты және түрлері 40
Екі рет жазу дегеніміз шаруашылық операциялары туғызған екі құбылысты бірдей сомада бір шоттың дебеті мен келесі шоттың кредитінде бірдей уақытта өзара байланыста көрсетудің тәсілі болып табылады.
1.3 Бухгалтерлік есеп формасы
Мемориальдық ордердің үлгісі.
| |||
Негіздеме (құжаттқа сілтеме |
Есепшоттың |
Есепшоттың |
Теңге Бойынша |
---- жылғы желтоқсандағы
есеп |
|||
Негізгі өндіріс жұмысшыларына |
900 |
681 |
36 200 |
Қосалқы өндіріс жұмысшыларына |
920 |
681 |
21 70 |
Әкімшілік–басқару қызметкерлеріне |
821 |
681 |
3020 |
Сауда қызметкеріне |
811 |
681 |
860 |
Жиынтығы: |
Мемориальдық
ордерлер тікелей құжаттардың өзінде
толтырылуы ықтимал, ол үшін оған арнаулы
штамп таңбасын түсіреді немесе баспахана
бланктерінің формасында ерекше орын
бөледі. Барлық жағдайда мемориалдық ордер
құжаттарға еріп жүреді, одан соң олар
тіркеулі журналға жазылады.
Тіркеу журналының
формасында мемориалдық журналдың рет
нөмірі, уақыты мен жазылған жазулардың
жалпы сомасы болады. Тіркеу журналын
енгізу мемориалдық ордерлерде көрініс
тапқан операциялар сомасын синтетикалық
есепшоттар бойынша жазулар жиынтығымен
салыстыруға, сондай–ақ ордерлер мен
құжаттардың сақталуын бақылауға мүмкіндік
береді.
Есептің мемориальдық–ордерлік
формасы есеп процестерінің қатаң жүйелілігімен,
қарапайым да оңай техникасымен ерекшеленеді,
онда аналитикалық регистрлердің стандартты
формалары, есептеу машиналары, тіркеудің
көшірме әдістері кеңінен қолданылады.
Оның үстіне, есептің осындай формасы
жағдайында есеп жұмысын шебер қызметкер
мен шеберлігі төмендеу қызметкерге бөліп
беру жеңіл.
Мемориальдық – ордерлік есеп формасының
кемістігі мынадай:
Қазіргі уақытта бухгалтерлік
есепті ПЭВМ ді пайдалану арқылы (оның
саны 50 единицаға жақындаған) автоматтандыру
бағдарламасының рыногы құрылды. Барлық
бағдарламаларға компьютерде
ПЭВМ–де әрбір аналитикалық есеп шот
бойынша синтетикалық есептің тиісті
есепшотына машинограммалар әзірленеді.
Бұл регистрді мынадай мазмұн болуы мүмкін:
кіріс сальдосы, жекелеген құжат негізінде
(сальдо) дебет бойынша (немесе кредит
бойынша) айналым. Жаңа сальдо әрбір операциядан
кейін шығарылады. Ай аяқталысымен аналитикалық
есеп шот дебеті мен кредит бойынша айналымдар
жиынтығы саналады, сондай–ақ ақырғы
сальдо белгіленеді.
ΙΙ БӨЛІМ.
2.1 Қаржылық есеп беру түсінігі және оның баптарын бағалау
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері
бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға
арналған қаражат көздерінің артықшылығын
немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда
кәсіпорынның меншікті , несиелік және
өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін
анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық
есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін,
яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе
алатындығын бағалауға
Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.
ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына
қойған мақсатына қол жеткізу
үшін ол осы есептің негізінде
алынған, БЕС-ның халықаралық негізі
ретінде қабылданған БҰҰ-ның
ҚР-нда енгізілген қаржылық
есеп негізгі параметрлері бойынша
халықаралық стандарттар
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы
шаруашылық субъектілерінің мүліктік
және қаржылық жағдайдың көрінісін,
қызметтің түпкі нәтижесін
Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланлатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрлтайшылары меншік иелері жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойнша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 2700 «Материалдық емес активтер», 2710 «Гудвилл», 2720 «Гудвиллдің құнсыздануы», 2730 «Өзге материалдық емес активтер», 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», 2750 «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залал» деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет.
«Негізгі құралдар» бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорының меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке – жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады, яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады. Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстық «Негізгі құралдар» деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2400 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы», 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залал».
Ұзақ мерзімді инвестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар – акцилар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар, сондай – ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың «Ұзақ мерзімді инвестициялар» деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», 2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», 2030 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар».
«Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімінде есеп беретін адамдарға берешектер көрссетіледі. Бұл бапты толтыру үшін 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», 2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді берешегі», 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2160 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», 2170 «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының деректері қолданылады.
Есеп берудің «Тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ)» бабын толтырған кезде І бөлімдегі 1300 «Қорлар», 1310 «Шикізат пен материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Өзге қорлар», 1360 «Қорларды есептен шығару бойынша резерв» деген бөлімшелердің ақпараттары қолданылады.
«Алдағы кезеңдердің шығыстары» бабын толтыру үшін 2920 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» деген бөлімшенің ақпараты қолданылады .
Баланстың пассивіндегі «Бөлінбеген пайда» бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер 5500 «Бөлінбеген пайда», 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.
2.2 Қаржылық салымдарының есебі
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция)
кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа
заңды тұлғалардың құнда
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол – құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.