Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық сипаттамасы...............5
1.1. Калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері..............5
1.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................8
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................16
1.4 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................21
2 . Кәсіпорындағы өнімнің (жұмыстар мен қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы......................................................24
2.1 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың қарапайым (процесстік) әдісі..................................24
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі....................................................34
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................37
Қорытынды.................................................................................................................43
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................45

Работа содержит 1 файл

Калькуляциялау.docx

— 532.39 Кб (Скачать)

Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде – шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердің базасында жасалуы мүмкін.[6]

Бөлістік әдісін қолданған кезде  нормативтік әдістің негізгі  элементтері – нақты шығындардың  ағымдағы нормадан жүйелі түрден ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану  керек.

Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа  да шығындардың нақты шығысын  ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар  өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына  негізделген шығындар да көрініс  табуы керек. Белгіленген процесстің ауытқуынан, жұмсалған материалдық  шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша  шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде  көрініс табуы тиіс.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.[10]

Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.

Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі  шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта  жасауға ашылатын ведомстарында  жүргізіледі.

Алғашқы шикізаттан өндірістің бір  процессінде әртүрлі сорттарға  немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын  анықтау үшін түзету коэффициентін  пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде  алғашқы бір шикізаттан кесілген тақтайлар да кесілмеген тақтайлар  да, жаңқалар және отындық кесінді  шеттақтайлар да алынады. Мұндай жағдайларда  белгілі бір атаудың бірінші  сорты өлшем бірлігі ретінде  қабылданады, ал қалған сорттарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.

Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын  бір өнім бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің  өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу  шығындары әрбір өнім түрінің  арасына үлес салмағы бойынша  таратылады.

Ішкі және сыртқы нарықта  мұнай мен мұнай өнімдері маркетингін  және оларды сатуды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз» -өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ӨМ) жүзеге асырады. ҚМГ ӨМ экспорттық жөнелтімдерінің  негізгі көлемін «ҚазМұнайГаз»  Барлау Өндіру» АҚ компаниясы өндіретін  мұнай құрайды. ҚМГ ӨМ барлық дерлік экспорттық жеткізілімдері іс жүзінде  «Транснефть» ААҚ компаниясы магистралдық мұнай құбырларының ресейлік жүйесі және Каспий құбыр арнасы консорциуымының (КҚК) мұнай құбыры арқылыжүзеге асырылады. Осы бағыттар мұнайды энергия  тасымалдағыштардың әлемдік нарығына тасымалдау экономикасы және мұнай  айдаудың қолда бар квоталарын толық  пайдалану тұрғысынан алғанда анағұрлым  оңтайлы болып табылады. ҚМГ ӨМ 2010 жылғы мұнай экспортының жалпы  көлемі 6 747 мың тоннаны құрады.

Ішкі нарықта мұнай  өнімдерін бөлшек саудада сату «ҚазМұнайГаз»  өңдеу және маркетинг» АҚ-тың Астана, Алматы қалаларында, Қазақстанның солтүстік  және шығыс өңірлерінде орналасқан автомай құю станцияларының

желілері арқылы жүзеге асырылады. ҚМГ ӨМ жоғары сапалы бензинді, дизель отынын және авиакеросинді қоса алғанда  мұнай өнімдерінің кең түрлерін сатады. «ҚазМұнайГаз» сауда маркасымен өзінің бөлшек сату желісін кеңейту  бағдарламасын іске асыру жалғасуда  және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ ӨМ меншігінде 279 автомай  құю станциялары болды.

«ҚазМұнайГаз» сауда маркасымен өзінің бөлшек сату желісін кеңейту  бағдарламасы жаңа АҚС салу есебінен де, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған станцияларды сатып алу және қайта  жарақтау есебінен де жүзеге асырылып жатыр. АҚС салған кезде «ҚазМұнайГаз»  озық әлемдік тәжірибені қолдануда:

модульдік кешендер, ең жаңа деген отын тарату бағандары, озық бағдарламалық  жасақтама орнатылып жатыр. Бұл  еңбек өнімділігін арттыруға  және тұтынушыларға қызмет көрсету  сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2011 жылға қарай ҚМГ ӨМ бөлшек сату желісін 323 автомай құю станциясына  дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Жыл сайын көктемгі егіс және жинау жұмыстары кезеңінде  ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай материалдарын төмен бағамен  жеткізу жүзеге асырылуда. 2010 жылы ауыл шаруашылығының мұқтаждарына 422 мың  тонна дизель отыны жеткізілді.[11]

 

 

Мұнайды Қазақстанның магистральдық  мұнай құбырларымен тасымалдау «ҚазТрансОйл»  АҚ (ҚТО) және Каспий құбыр арнасы консорциуымының

(КҚК) жүйелері бойынша  жүзеге асырылады.

2011 жылы мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 65,83 млн. тоннаны құрады, бұл жоспарлы көлемнен 4 процентке және 2009 жылғы деңгейден 3% артық. Мұнайды айдау көлемі: Атырау-Самара бойынша – 15,3 млн. тоннаны (2009 жылға қарай 13%

төмендеу), КҚК – 29,9 млн. тоннаны (өсім 7%), соның ішінде «ҚазТрансОйл»  АҚ жүйесі бойынша – 4 млн.тонна (өсім 3,5%), Қазақстан-Қытай – 10,1 млн. тоннаны (өсім 31%) құрады. Мыналардың:

• көмірсутегі шикізатын  өндірушілердің мұнай өндіру және оны  мұнай құбырларының жүйесіне тапсыру  көлемдерін ұлғайтуына;

• ҚТО-ның турбуленттілікке қарсы қоспаларды пайдалануды қоса алғанда, құбыр жүйесін пайдалану  тиімділігін арттыру жөнінде  жүргізген іс-шараларының арқасында  жоспарлы жылдық көрсеткіштердің өсуіне қолжеткізу мүмкін болды.

Атауы

2011

2010

2009

2008

2007

2006

ҚазТрансОйл (100%)

52,51

50,88

47,46

45,68

43,26

38,18

Құбыр (50%)

5,05

3,85

3,06

2,4

0,88

-

МұнайТас (51%)

2,16

3,04

2,95

2,75

2,71

2,8

Батуми мұнай терминалы (100%)

6,12

6,41

7,16

-

-

-

Барлығы:

65,83

64,18

60,63

50,83

46,85

40,96




 

Тұтастай алғанда, ҚТО-ның  магистральдық мұнай құбырларының желісі 5,3 мың километрден асады, компанияның жалпы көлемі 1,3 млн. Текше метрден астам резервуарлық паркі, 38 мұнай айдау станциясы, 4 ағызу-құйып алу эстакадасы бар. КҚК ұзақтығы 1510 км, соның ішінде қазақстандық учаскенің ұзақтығы 452 км құрайды. «ҚазТрансОйл» АҚ: «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы»  АҚ («Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры), «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі»  ЖШС («Атасу-Алашанькоу» және «Кеңқияқ-Құмкөл»  мұнай құбырлары), сондай-ақ «Batumi Industrial Holdings Limited» және «Batumi Capital Partners Limited»  мұнай тасымалдау компанияларында (Батуми мұнай терминалы) акционер болып  табылады.[11]

 

2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаусын есептеудің жолдары

 

 

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын  тапсырыстық әдісі аз сериялы  және жеке - дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлык тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша  белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде  ашылады, содан соң ол орындаушы  - цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код  беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстын өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Осы тәсілдін кейбір ерекшеліктері  бар, атап айтсақ:

- барлық шығарылған шығындар  туралы мәліметтерді шоғырландырып  және оларды жеке жұмыс түрлері  мен дайын өнім партияларына  жатқызу;

- уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша  шығындарды шоғырланлыру;

- тек бір ғана шотты  жүргізу, "аяқталмаған өндіріс" (батыс есебінде барлық өндірістік  шығындарын жинақтау тек осы  "аяқталмаған өндіріс" шотында  көрсетіледі). Осы шотта өндірістін  әрбір тапсырысы бойынша шығындардың  жекелеген есебін ұйымдастыру  үшін карточкаларды енгізуді  ұсынады.

Тапсырыстың өзіндік құнын  калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз  әдісі пайдаланылады.

Тек дайындау цехында (құю, ұсталық - пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехка өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар  бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстын кескінінде, калькуляциялаудың  бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық  отындар мен энергиялар - белгіленген  топ кескінінде аналитикалык есепте көрініс табады.

Ал үстеме шығыстары олардың  өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың  өзіндік құнына жатқызылады.

Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде  танылады.

Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық кабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін  өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына  тапсырыстың біткені туралы хабарлама  жасайды, содан соң тапсырыс бойынша  шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол коймаға  накладнойы өткізу тапсырыстын жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).

Сондай - ақ, кез келген тапсырыстың  өзіндік құны бұрмаланбауы үшін (әсіресе, бітпеген тапсырыстарға қатысты) артық  немесе пайдаланбаған материалдық  құндылықтар қоймаға тапсырылады, ол кезде 20 -"Материалдар" бөлімшесінін шоттары дебеттеліп, 900 немесе 920 шоттары  кредиттеледі.

Бұл әдісті қолдану барысында  іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған  дейін барлық шығындар аяқталмаған  өндіріс ретінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек кайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістін ұзак циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, кострукциялық элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады. яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.

Кіші сериялық өндірісте  тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын  болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу  үшін пайдаланған барлық тораптар мен  детальдар (бөлшектер) есепте бөліп  көрсетіледі.

Тораптар меп детальдардың (бөлшектердің) бірінші түрі бойынша  олардың шығындарының есебі тапсырыстық  әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалатын бұйымдар - екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан  шығындардан және нормативтік әдісі  бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс  тәртібінде есептелген тораптар мен  детальдардың (бөлшектердің) жалпы  құнынан немесе өзіндік құнынан  құрылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген  және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды  ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінін карточкаларында  әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде  өнім бірлігінің өзіндік құнының  есептік калькуляциясын жасайды.

«КазМұнайГаз» АҚ компаниясының зерттеу жұмыстары бойынша балашақта анықталған мұнай запастарының көлемі келесі туған жерлеріне дәл келеді. Олар:

  • Нуржанов (+1 796 тыс.т);
  • Молдабек Восточный (+805 тыс.т);
  • Терень Узюк (+603 тыс. т);
  • Уаз (+552 тыс.т);
  • Жанаталап (+287 тыс. т);
  • Балгимбаев (+275 тыс. т);
  • Северный Котыртас (+249 тыс. т);
  • Узень (+229 тыс. т);
  • ЮВ Камышитовое (-108 тыс. т); and
  • Ботахан (-240 тыс. т).

Нұржанов

GCA серiктестiктi 2010 жылдың Запастарының бағасында бастапқы Запастар В=с1лердiң бағасын қабылдады,бағалар көрсетiлген 2010 жылдың плюс iспен көрсетiлген Запастарының хаттамасында негiз ретiнде ықтимал Запастар. Ол туған жерiнiң өңдеуi көрсеткiштерiнде тұрақтанды және сол алған коллекторлардың тағы басқа зерттеулердiң осы картирлеулерi зерттеу моменті. Сонымен бiрге GCA серiктестiк баға үшiн ұңғымақтардың бұрғылауының нәтижелерi триас коллекторлары ескерді. Әйтсе де, хабарлауға және шыдамдылықтың сенiмсiздiктерi артынан бұрғылаулар триас көкжиегiндегi коллектор және шектелген бағдарлама сол кезде, серiктестiк GCA триас коллекторларының КИН ы қысқартты.

Мұнайды олжаның 2011 жылында тенденция шыға өсуге нық жалғастырды,

 бақылап отырылатын  ағымында соңғы 11 жылдармен: 755 т/сут. 1999 жылда 1176 т/сутқа дейiн. 2011 жылда. GCA, Нұржанов туған жерiнде серiктестiктiң пiкiрiншедi қандай болмасын болмайды баяулата алар ма ейтiн өндiрудi шектеу немесе өндiрiс қуаттары бұрғылауды бағдарламаның кеңейтуiмен байланысты күтiлетiн олжалар болжалатын өсу, және GCA серiктестiк GCAның серiктестiгiнiң 2010 жылының бағасына үлкейтуге енгiзiлген шектеудi түсті қойылған тенденцияның негiзiнде Нұржанов туған жерiндегi жиынтық олжаның бағасын ұңғымақтардан 2012 үлкен жылға бұрғылаудың көлемдерi және олжаның көрсеткiштерiнiң олжа, үлкеюлерi мұндай жиынтық олжаның еншiсi артынан тиiмдi өңдеудi мерзiмге дәл келедi, олжалар шектеулердiң жоқтығы.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама