Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық сипаттамасы...............5
1.1. Калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері..............5
1.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................8
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................16
1.4 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................21
2 . Кәсіпорындағы өнімнің (жұмыстар мен қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы......................................................24
2.1 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың қарапайым (процесстік) әдісі..................................24
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі....................................................34
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................37
Қорытынды.................................................................................................................43
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................45

Работа содержит 1 файл

Калькуляциялау.docx

— 532.39 Кб (Скачать)

4) бухгалтерлердiң аккредиттелген  кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби  ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлiк  ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын  коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн  есепке алуға қабылданған бастапқы  құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған  нысандар;

6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк  есеп саласында қызмет көрсететiн,  кәсiби ұйымның мүшесi болып  табылатын ұйым;

7) жария мүдделi ұйымдар - қаржы  ұйымдары, акционерлiк қоғамдар (коммерциялық  еместерiн қоспағанда), жер қойнауын  пайдаланушы ұйымдар (кең таралған  пайдалы қазбаларды өндiретiн  ұйымдардан басқа) және жарғылық  капиталында мемлекеттiң қатысу  үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық  жүргiзу құқығына негiзделген  мемлекеттiк кәсiпорындар;

8) кәсiби бухгалтер - кәсiби бухгалтер  сертификаты бар жеке тұлға;

9) кәсiби бухгалтер сертификаты  (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау  жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң  кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын  құжат;

10) қаржылық есептiлiк депозитарийi (бұдан әрi - депозитарий) - қаржылық  есептiлiктiң ұйымдар жыл сайын  өткiзiп отыратын, пайдаланушылар  үшiн ашық қолжетiмдi электрондық  деректер базасы;

11) қаржылық есептiлiк стандарты  - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және  қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;

12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық  стандарттары (бұдан әрi - ұлттық  стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң  уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;

13) қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттары (бұдан әрi  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетiнiң Қоры бекiткен қаржылық есептiлiк стандарттары;

14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  саласындағы қызметтi реттеудi  жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк  орган. 

Қазақстан Республикасының  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгiленсе, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады.

Бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiктiң мақсаты

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiктiң принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары

1. Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк  есептi жүргiзудiң және қаржылық  есептiлiктi жасаудың принциптерi болып  табылады.

2.Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк  және салыстырмалылық қаржылық  есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары  болып табылады.

 Бухгалтерлiк есептi  ұйымдастыру

1. Басшылық немесе дара кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды  қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

2. Басшылық немесе дара кәсiпкер  есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық  бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет  құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын  енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi  және қаржылық есептiлiктi жасауды  шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе  аудиторлық ұйымға немесе кәсiби  бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi  жүзеге асыра алады.

Жария мүдделi ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күшi қолданылмайды.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын  ұйым - шетел институтының мүшесi бухгалтерлiк  ұйымға теңестiрiледi.

Қаржылық есептiлiк элементтерi

1. Активтер, мiндеттемелер және  капитал қаржы жағдайын бағалаумен  байланысты қаржылық есептiлiк  элементтерi болып табылады.

Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап  отырған, болашақта экономикалық пайда  алу күтiлетiн ресурстар.

Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның  активтерiндегi барлық мiндеттемелер  шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.

2. Кiрiстер мен шығыстар пайда  мен зиян туралы есепте қызмет  нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей  байланысты элементтер болып  табылады.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң  түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң  азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың  жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң  қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң  пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Қаржылық есептiлiк

1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң  немесе ұйымның қаржылық жағдайы,  қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық  жағдайындағы өзгерiстер туралы  ақпаратты бiлдiредi.

2. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық  есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық  есептiлiк мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлiк баланс;

2) пайда мен зияндар туралы  есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы  туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерiстер туралы  есеп;

5) түсiндiрме жазба.

Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.

3. Егер Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде өзгеше  көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң  қаржылық есептiлiк көлемiн, оны  жасау нысандары мен тәртiбiн  уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Қаржылық есептiлiкке ұйымның  басшысы және бас бухгалтерi, дара  кәсiпкер қол қояды.

Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк  ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн  ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның  басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның  басшысы немесе кәсiби бухгалтер  қол қояды.

Қаржылық есептiлiктiң  халықаралық стандарттары

Қаржылық есептiлiктi жасауды ұйымдар  Қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан  Республикасында жариялауға жазбаша  рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк  тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

Осылайша бүгінде Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік басқару  есебі дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған  тәжірибемен дәстүрді ескере отырып, оның кәсіпорында қалыптасуымен  дамуында  обьективті алғышарттар  түсіп-жетілді.

 

Акционерлік қоғамдар туралы  
2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

        Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының  акционерлік қоғамдар туралы  заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Осы Заңның ережелері  Қазақстан Республикасының заң  актілерінде көзделген ерекшеліктер  ескеріле отырып қолданылады. 

2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Егер Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгіленсе, халықаралық шарттың  ережелері қолданылады.

«Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 Нормативтік қаулысын қара

           Акционерлік қоғам

1. Өз қызметін жүзеге  асыру үшін қаражат тарту мақсатымен  акциялар шығаратын заңды тұлға  акционерлік қоғам (бұдан әрі  - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғам өз міндеттемелері бойынша  өз мүлкі шегінде жауап береді.

2. Қоғамның акционері  оның міндеттемелері бойынша  жауап бермейді және Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны  шегінде қоғам қызметіне байланысты  залалдарға тәуекел етеді. 

3. Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда  акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысанында коммерциялық емес  ұйымдар құрылуы мүмкін.

4. Қоғам (акционерлік қоғамның  ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған  коммерциялық емес ұйымнан басқасы)  облигациялар және бағалы қағаздардың  өзге де түрлерін шығаруға  құқылы.

5. Қазақстан Республикасының  заң актілерінде қызметтің жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар  үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысаны міндетті болып белгіленуі  мүмкін.

6. Қоғамның фирмалық атауы  болады, онда «акционерлік қоғам»  ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету  және оның атауы қамтылуға  тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.[7] 

 

 

 

 

 

1.4 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама

 

 

2002 жылдың 20 ақпанынан бастап  Қазақстан Республикасы Президентінің  үкімімен, мұнайгаз экономика секторында, Қазақстан Республикасының қызуғышылығын  қолдайтын, тиімділіктің деңгейін  көтеру және мұнайгаз кешені  дамыту үшін Ұлттық акционерлік  қоғам «ҚазМұнайГаз» құрылды  – 100 % мемлекеттік үлеспен. АҚ  «ҚазМұнайГаз», ЖАҚ «ННК «Қазақойл»  және ЖАҚ «НК «Мұнай және  Газ тасымалдау» құқықтық мирасқор  болып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы  мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу  және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. Акцияларының 100%-і  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» АҚ-қа тиесілі. «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы» акционерлік  қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын  біріктіру арқылы құрылды.[11]

Компания міндеті –  ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін барынша көп пайданы қамтамасыз ету:

• Компанияның құнын барынша  арттыру, табыстылығын арттыру, өндіріс  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

• халықаралық нарықта  бәсекеге қабылетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде қалыптасу;

• отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.

«ҚазМұнайГаз» — өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сыныптағы  жоғары тиімді мұнай-газ компаниясы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай  мен газды барлау және өндіру, газ  тасымалдау және маркетинг, мұнай тасымалдау, мұнай өңдеу, мұнай-химия және мұнай  мен мұнай өнімдері маркетингі секторларында  интеграцияланған өсу, сондай-ақ мұнай-газ  саласына арналған сервистік қызметтер  секторында стратегиялық маңызды активтерді іріктеп дамыту стратегиясын жүзеге асыратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының  мақсаты - 2015 жылға қарай әлемнің  отыз ірі мұнай-газ компанияларының  қатарына кіру.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамы қызметінің негізгі  мәні ретінде мыналар белгіленген:

  • мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
  • республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеруді қамтамасыз ету;
  • мұнай және газ ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және одан әрі арттыру стратегиясын әзірлеуге қатысу;
  • келісім-шарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай- газ операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларына арналған байқаулар ұйымдастыруға қатысу;
  • корпоративтік басқару және көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша мониторинг;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ішкі және халықаралық жобаларына қатысу.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама