Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру
Кіріспе.........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық сипаттамасы...............5
1.1. Калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері..............5
1.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................8
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................16
1.4 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................21
2 . Кәсіпорындағы өнімнің (жұмыстар мен қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы......................................................24
2.1 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың қарапайым (процесстік) әдісі..................................24
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі....................................................34
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................37
Қорытынды.................................................................................................................43
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................45
Калькуляциялауға ең алдымен
қатысы бар өндірістік шығындар есебі,
калькуляциялаудың алғышарты
Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты – өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірістік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын.
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқуы себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Сондықтан, өндірістік есеп
пен калькуляциялау өнімнің өзіндік
құнын ғана емес, тұтастай кәсіпорынның
басқару жүйесінің негізгі
Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін мағызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзідік құны калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» бухгалтер сеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар «Қорлар» ХҚЕС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.[3]
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі – өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны –
оның шығару мен өткізуге арналған,
ақшалай түрде бейнеленген
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ақаудан, жұмыстың өндірістік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, материалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
өндірістік
коммерциялық
өзіндік құн
қосымша шығыстар
тікелей еңбек шығындарын тікелей материалдық
аударымдарымен
1-сурет. Бұйымның өзіндік құн элементтері
Сатуға өндірілген және дайындалған өнімнің толық өзіндік құнын мынадай формуланы пайдаланып есептеуге болады:
Жұмыс күшіне тікелей шығындар + материалдар + қосымша шығыстар = өндірістік өзіндік құн + өткізу шығындары + әкімшілік шығыстары = рентабельділік % толық өзіндік құны = сатылым (келісімшарттық) құны
Жеке және орташа салалық өзіндік құн бөлінеді. Жеке өзіндік құн нақты кәсіпорынның өнім шығару жөніндегі шығындарын; орташа салалық – сала бойынша бұл бұйымды өндіруге шыққан орташа шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.
Калькуляциялағанда шығындар
есебінің объектілері мен өнімнің
өзіндік құнының калькуляциясын
дұрыс белгілеу маңызды. Кәсіпорын
өндіріске кеткен шығындарға аналитикалық
есеп ұйымдастыратын объектілер шығын
есебінің объектілері болып табылады.
Кәсіпорын калькуляциялайтын
Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне қарамастан, беліглі бір принциптерге сәйкес ұйымдастырылады.
Шығын есебінің объектісі
– өзіндік құнды басқару
Көпмақсатты есеп жүйесінде есеп объектісінің екі тобын бөледі: жауапкершілік орталықтары мен өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын есебі объектілеріне: шығын пайда болған орындар, жауапкершілік орталықтары, шығын баптары, өндірістік қызмет факторлары, біртекті өнім түрлері немесе топтары жатады.
Шығын есебі объектілері
бойынша топтасқан ақпарат
Калькуляциялау объектісі
– белгілі бір құнды жұмыс
пен көрсетілген қызмет, өнім, жартылай
өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі
кейбір азық-түлік өнімдерінің
Калькуляциялау объектісінің
негізгі номенклатурасын әрбір
кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті
мен күрделілігін, бөлшектер мен
тетіктердің бұйымда
Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салалрында бітпеген өндіріс болмаса, шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді. Бұл жекелеген даналармен, шағын сериялармен, жаппай өндірстегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.
Барлық сомалар үшін өндірістегі
тікелей материалдық және еңбек
шығындарына ресурстарды
Шығын есебі объектілерін
таңдау өндіріс технологиясының
ерешеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру
түріне, кәсіпорынды басқару
Машина жасау жеңіл өнеркәсіп, қара және түсті металлургия салалары және басқалар өнімнің үлкен номенклатурасымен, бұйымның кейбір бөліктерін бірегейлендірудің едәуір деғгейімен сипатталады. Бұл салалар калькуляциялық объектілерді шығарылатын бқйымдарды біртектілік белгілерімен ірілендіріледі. Технологиясы, конструкциясы бірдейлігімен, біртекті шикізат пен материалдардан, бірдей жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен және еңбек сыйымдылығымен жасалатын жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердің бар болуымен сипатталатын өнім түрлері біртектілер деп саналады. Бұйымдарды бір калькуляциялау объектісіне топтастыру принциптерін сақтау өзіндік құнды қалыптастыру талаптарына жауап беретін негізгі шарт болып табылады.[5]
Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері өндіріске арналған шығын есебі процесі мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен негізделген. Жалпы алғанда өндірістік шығындардың басқару есебі жүйесі объектілерінің екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер, бойынша шығындарды бөлуі тиіс.
Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.
Кез келген кәсіпорында калькуляциялау
мынадай принциптерді ескере отырып
ұйымдастырылады: шығын есебі объектілерін,
калькуляциялау объектілері мен
калькуляция бірліктерін
Қосымша шығыстарды бөлу тәсілін таңдау өнім бірліктерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.
Шығындарды кезең бойынша шектеудің мәні операциялардың бухгалтелік есепте жасалған сәтінде көрсетілуінде және олар ақшалай түсіммен үйлеспейді.
Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама