Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 19:18, курсовая работа
Тақырыптың соңғы және ең күрделі бөлімінде тауар және оларды өткізу аудиті, оның басты міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері жөнінде айтылады, сонымен қатар дайын өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса маңызды мәлімет - аудитордың міндеттері, тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті мағлұмат жиыны.
Кіріспе.
Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі.
Таурлар және оларды өткізуін есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.
Таурлар және оларды өткізу аудиті.
Қорытынды.
Пайдалынған әдебиеттер
Баланс құру мерзіміне жақвнврақ жіберілген растаулар жеткілікті түрде сенімді дәлелдеулер болып табылады. Бірақ өз уақытында аудитті аяқтау үшін аралық мерзімге шоттарды растайға ыңғайлырақ. Мұның болуы мүмүкін, егер ішкі бақылау жүйесі сатып-өткізу мен ақша түсімі тиісті түрде растау жасалған күн мен кезеңнің аяғы арасындағы күнге сәйкес келетін болса.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі -тауар. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Тауар өнімінің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Тауарлардың қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген тауарлы өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген енімді шығару мен еткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.
Аудитор тауарларды тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:
Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.
Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.
Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:
Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».
Теріс бағамдық айырмада:
Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.
Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.
ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.
Артық
шығу сомаларына 1310 «Шикізат және материалдар»,
1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және 1350
«Өзгеде қорлар» шоттары
Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беру-де, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар өнеркәсіп орындарында тауарлық-материалдық құндылықтардың артық шыққанын заңсыз иемдену мен жасаудың мынадай тәсілдері қолданылады:
Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда, көрсетілген тәсілдер Қазақстанның көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс-тәжірибесінде ең жиі кездеседі.
Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу шаруашылығының және басқа өлшегіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен бірге мезгілде материалдарды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы, цех басшыларының тарапынан бақылаудың жағдайы, тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі тексеріледі.
Материалдық кұндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс-тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда, жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақтауын қамтамасыз етудің шартты міндеті - дұрыс ұйымдастырылмаған күзет. Оның жағдайына функционалды аудит материалдық құндылықтарды әкелу мен тасып шығаруды; күзет қызметкерлеріне рұқсатнама ресімдеу мен тіркеудің белгіленген тәртібін сақтауды; олардың қолданылған рұқсатнаманы бухгалтерияға уақтылы қайтаруын; басқа шарттарды орындауын ішкі бақылаудың іс жүзіндегі жүйесін кенеттен тексеруден басталады. Мұнда әр түрлі бұрмалаулар кездеседі: материалдық құндылықтарды бір рұқсатнамамен екі рет алып шығу; бұған құқы жоқ адамның қолы қойылған рұқсатнамамен тасып шығару.
Өндірістік
іс-қызметте бұрмалаулар мен қызмет
бабын теріс пайдалану
Сарапшылық іс-тәжірибені талдау шикізат пен материалдарды ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) өңдеу жағдайында есептік мәліметтерді бұрмалаудың негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мыналар да оған қосылады:
Информация о работе Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарының аудиті