Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарының аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 19:18, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың соңғы және ең күрделі бөлімінде тауар және оларды өткізу аудиті, оның басты міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері жөнінде айтылады, сонымен қатар дайын өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса маңызды мәлімет - аудитордың міндеттері, тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті мағлұмат жиыны.

Содержание

Кіріспе.

Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі.

Таурлар және оларды өткізуін есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.

Таурлар және оларды өткізу аудиті.

Қорытынды.

Пайдалынған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курсавой аудит.doc

— 211.00 Кб (Скачать)
 

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 7110 «Өнімдер сату қызметтер көрсету бойынша шығыстар»  шоты қарастырылған. Мұнда тауарлық –материалдық қорларды сатып ал ,тасымалдау,сақтау,өңдеу сұрыптау,буып-түю және өткізу істермен тікелей байланысты жедел шығындар есепеке алынады.Мұндай тікелей шығындар көтерме және бөлшек сауда ұйымдарында көкеніс қоймасын да,дайындау және жабдықтау –өткізу мекемелерінде болады.

Қазіргі уақытта еліміздің экономикасында жүргізілген жатқан реформаларға сәйкес көптеген мекемелер және тұтынушылар  кооперациясының мекемелері көп салалық шаруашылық қызметін атқарады: сауда,қоғамдық тамақтандыру,дайындау, т.б. сондықтан құрамында аталған салалардың кәсіпорындары бар. Олар осы кәсіпорындарының шығындары есебін жалпы иесіздік, «көпшілік» әдісімен жүргізеді.

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарына  шек қою,бақылауды күшейту және тиімділігін арттыру резервтерін  анықтау мақсатында тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындарын өнімдер мен тауарларды өндіріс орындарынан тұтынушаларға жеткізумен шұғылданатын кәсіпорындар бойынша жекелеген есеп жүргізу қажет,сондықтан сауда түріне байланысты 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотына мынадай қосымша шоттар ашуды ұсынамыз:

7111 «Көтерме  сауда кәсіпорындарының шығындары»  қосымша шоты,мұнда көтерме базалар  мен қоймалардың тауарлық-матеиарлдық  қорларды сатып алу, тасымалдау,сақтау,сұрыптау,буып-түю және сауда мекемелері мен кәсіпорындарына алып-сатуға және өтдірістік байланысты кеткен шығындары есепке алынады;

7112 «Бөлшек  сауда кәсіпорындарының шығындары»  қосымша шоты,мұнда бөлшек сауда  ұйымдарының тауарларды сатып  алу,тасымалдау,сақтау,сұрыптау,буып-түю  және тұтынушы-тұрығындарға тікелей сатып шығындары көрініс табады.

  Жоғарыда қаралған қосымша шоттарда шығындар есебі белгіленген есептік баптар тізбегіне сәйкес жүргізуге асырылады.

Сонымен,жекелеген  сауда кәсіпоырндарының шығындарын есепке алу үшін 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотынын тиісті қосымша шоттарын пайдалана отырып,мекеме шығындары қызмет салалары бойынша шетеуге мүмкіндік алады,бұл нарықтық экономика жағдайында сауда мекемелернің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін жақсарту мақсатында шығындарғы бақылау күшейту және оларды азайту шараларын қолдануға мүмкіндік туғызады.

7110 «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» шотының тиісті  қосымша шоттарының дебетінде  шығындардың едәуір бөлігі төлеу  кезеңіне қарамастан оларды есептеу кезінде көрініс табады.Мысалы,ай сайын шығындардың мынадай баптарын есептеу жүргізіледі: «Субъектінің басқару аппараты мен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақв төлеу»; «Еңбекақы төлеуден аударымдар»; «Негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау және пайдалану шығындары»; «Негізгі құралдардың тозуы» және басқалар.

Кейбір  шығындар тиісті қосымша шоттардың  дебетіне олады төлеу кезіде жазылады.Олар,мысалы, өнімдер мен тауарлады талдау шығындарын төлеу;іссапар шығындары;банк,пошта байланыс қызметтерін төлеу және тағы басқа алдын-ала есептеуді қажет етпейтін кейбір шығындар жатады.

Мекеменің шаруашылық қызметігің шаруашылық  қаржылық нәтижелерін дұрыс анықтау  үшін сол есеп беру кезеңіне жататын  барлық шығындарды уақытында және толық қамтып көрсету қажет.

Мекемелер шығындарының ұсынылған есептік  баптар тізбегіне сәйкес олардың  жекелеген түрлерін құжаттармен  рәсімдеу мен бухгалтерлік есептің  әдістемесін егжей-тегжейлі қараймыз.

    «Тасымалдау-дайындау шығындары» бабында мекемелердің тек тиісті көлік тауарлық құжаттармен жан-жақты салыстырып тексерілгеннен кейін ғана белгіленген тәртіп бойынша өз есебені алынған тауарлық-материалдық қорларды тасымалдау шығындары,сондай-ақ мұқият тексерілгеннен соң бекітілген тарифтер мен баға көрсеткіштер бойынша есептілген қызмет көрсету құны есепке алынады.

    Бұл орайда жабдықтаушының өнімдер мен  тауарды сатып алушының есеп айырысу  шотына енгізілген тасымалдау шығындарының сомасына,содай-ақ көлік және басқы  сырт мекемелерінің жүктерді құн  салығынсыз бухгалиерлік есеп шоттарында мынадай жазба жазылады:

    7110 «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» шотының дебеті

    Есеп  айырысу мерзімдеріне қарай келесі шоттардың кредиты:

    3310 «Жеткізушілер  мен мердігерлерден қысқа мерзімді  берешек»

    4110 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге беретін ұзақ  мерзімді бетрешек»

    Банк  көшірмесімен басқа ақша құжаттары  негізінде төленген тасымалдау шығындар сомасына қосымша құн салығынсыз есеп айырысу түрі мен төлем көзіне байланысты мынадай бухгалтерлі  тізбе беріледі:

    7110 «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» шотының дебеті 

    Тиісті  шоттардың кредиты:

    1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

    1030 «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»

    1060 «Өзге  ақша қаражаты» шоттының тиісті  қосымша шоттары:

    1061 «Аккредитивтердің ақша қаражаты»

    1062 «Чек  ктапшалардағы ақша қаражаты»

    1063 «Арнаулы  шоттардағы ақша қаражаты»

    Жабдықтаушылар,мердігерлер  мен көлік мекемелеріне жолдағы  тауарлық-материалдық қорларды белгіленген  табиға кему мөлшерінен тыс жетіспеушілігі немесе тарифтен асып есептегіні үшін сотқа берілген талаптар қанағаттандырылмаған берешек сомасына көрсетілген ұйымдардың шешіміне сәйкес төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады:

    7110 «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» шотының дебеті 

    1280 «Өзге қсықа мерзімде дебиторлық берешек» шотының «Талаптар бойынша есеп айырысу» субшотының кредиты. 

      «Тауарды жарнамалау және өткізу нарықтарын зерттеу мен нарыққа шығару шығындары»  бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетілген мақсаттарға кететің төмендегідей шығындар көрсетіледі.

    Терезелік көрмелер,көрме залдары,өнімдер  тауарлар мен азық-түлік үлгілері бөлмелерін көркемдеу және стендтер,жарнамалық қалқалар мен көрсеткіштер, т.б. жасауға  шығыс құжаттамасы,материалды есептен  шығару кесімдер мен басқадай шығыс құжаттарына сәйкес жұмсалған материалдар мынадай бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    Тиісті  шоттардың кредиті:

    1310 «Шикізат  және материалдар»

    1350 «Өзге қорлар»

    Мекеменің терезелік көрмелер,сауда залдар,көрмелер мен жәрмеңкелерде қойып көрсету  кезінде түгел немесе жартылай өзінің бастапқы сапасын жоғалтқан өнімдер  мен тауарларды арзандату сомасына өнімдер мен тауарларды арзандату  және есептен шығару кесімдеріне сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазу жазылады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    Тиісті  шоттардың кредиті:

    1320 «Дайын  өнім»

    1330 «Тауарлар»

    Осындай бухгатерлік тізбе тікелей сатып  алушыларға немесе делдал мекемелерге тегін немесе қайтаруға жатпайтын келісім-шарттар және басқадай құжаттарға сәйкес дайын өнімдер мен берілген тауарлар үлгілірінің құнына да беріледі.

    Жарнамалық  бұйымдар,жарнамалық жариялау,заттаңба нұсқаулары, пакеттердің ерекше және фирмалық үлгілерін дайындау және істеп  шығару,бұқаралық ақпараттар құралдары  арқылы жарнамалық құлақтандырулар  беруді, т.б. төлеуге кеткен шығындар сомасына есептесу түрі мен төлеу көздері және төлеген есеп айырысу шоттар мен басқадай ақша құжаттарына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    Тиісті  шоттардың кредиті:

    1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

    1030 «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»

    1060 «Өзге  ақша қаражаты» тиісті қосымша  щоттары.

    Өткізуші  коммерциялық және басқадай делдал мекемелердің жасалған келісім-шартқа сәйкес өнімдер мен тауарларды өткізу нарықтарын зерттеу және нарыққа шығару жасалған қызметтері үшін төленетін комиссиялық адамдар сомасына және тауар,қор мен валюталық биржалардың брокерлік,дилерлік,маркетингтік операцияларын қоса есептегендегі қызметтер құнына мынадай бухгалтерлік тізбе беріледі:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    3310 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек» шотының кредиті

Осындай жазулар бухгалтерлік есеп шоттарында сырт мекемелердің тұрғындарға сауда қызметін көрсету мәселелері жөнінде арнайы жарнамалық кинофильмдер,тақырыптық аудио-бейнероликтер мен диафильмдер жасау,сатып алу және көрсету ,сондай-ақ жарық және өзге де срт жарнамалр мен сауда қызметтерімен байланысты басқадай шаралар жасалған келісім-шартқа сәйкес жүргізілген қызметтерін өтеу құнына да жасалады.

«Санитарлық және арнайы аяқ киімдер  мен киім-кешектер және асханалық киімдер,ыдыстар  мен аспаптар бойынша  шығындар» бабында өзінің экономикалық мазмұнына сай келесі материалдық және еңбек шығындары есепке алынып,бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен көрсетіледі.

Асханалық киімдер,санитарлық және арнайы аяқ  киімдер мен киім-кешектер және санитарлық жабдықтарды жуу мен жамауға  алынған және жұмсалған материалдардың құны шығыс құжаттамасы мен белгіленген нысандағы кесімдер негізінде есептеген мынадай бухгалтерлік тізбемен шығарылады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    1310 «Шикізат  және материалдар» шотының кредиті

    Ыдыстардың  қирауы,аспаптардың сынуы мен  бүлінуінен болған белгіленген тәртіп бойынша бекітілген мөлшерлер шегіндегі  шығындар сомасына ыдыстардың сынуы  мен қирауы туралы кесімдері мен  басқа құжаттарға сәйкес мынандай бухгадтерлік жазба жасалады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    1350 «Өзге  қорлар» шотының «Бірнеше рет  пайдаланылатын заттар» субшотының  кредиті.

    Кір жуу,жөндеу шеберханалары мен басқа  мекемелердің санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер,асханалық киімдер мен санитарлық жабдықтар жуу,дизенфециялау және жамау қызметтерін атқарғаны үшін төлмдер сомаларына мынандай бухгалтерлік тізбе жасалады:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті

    Санитарлық  және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер,асханалық  киімдер мен санитарлық жабдықтарды  жуу мен жамау сияқты бір жолға  жұмыстарды жасауға арнайы  шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға келісілген шартқа және есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес ессептелген еңбеақы сомасы бухгалтелік есеп шоттарында мынадай жазулармен көрметіледі:

    7110  «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  дебеті

    3350 «Еңбеақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»  шотының кредиті

Информация о работе Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарының аудиті