«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдардың жіктелуі.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

      Негізгі  құралдар уақытынан  бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыр техникалық  белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай деп бөледі.

      Күрделі  жөндеу деп негізгі құралдардың  объектісін тұтастай алғандағымен  салыстырғанда тозу мерзімі азырақ  жекелеген бөліктерін қалпына  келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың  жәнк көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдам астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.

        Үйлер мен ғимараттардың күрделі  жөндеуі кезінде тозған құрылымдары  мен детальдары толық ауыстырылады  немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.

        Күрделі  жөндеулер негізгі  құралдардың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін,  жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде  танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.

       Мысалы, кәсіпорындағы автомашинаның  бастапқы құны 1 500 000теңге құраған және оның пайдалы   қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000теңге тұратын оң жақ қанаты ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын қанаты ағымдағы ретінде танылады.

        Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі  құралдарды жұмыс жағдайында  ұстап тұру үшін оның тозған  детальдарын ауыстыру немесе  жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал- жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал- жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.

       Жөндеу есебінде атқарылған жұмыс  түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді,жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.

       Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік  және шаруашылық тәсілмен жүзеге  асырылады. Неғұрлым прогрессивті  және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілері жөндейді; ал шаруашылық тәсіл бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.

       Мердігерлік ұйымдармен жасасқан  ағымды және күрделі жөндеулері  үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен еңбек құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айрысуды объект тұтастай біткен соң жасалады. Есеп айрысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.

       Күрделі жөндеу өткен негізгі  құралдарды қабылдап алу «Күрделі  жөндеуден өткен, қайта құрастырылған  және жаңартылған негізгі   құралдарды қабылдау-тапсыру актісі»  бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметтері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

             Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, теңге Дебет Кредит
1. Мердігерлердің орындаған  және акт бойынша жазылған шоттары  келісілді (акцептелді)      
  Негізгі өндіріс 160 000 934 671
  Көмекші өндіріс 50 000 934 671
  Әлеуметтік салық 20 000 945 671
  ТМҚ сақтау және сату 4000 811 671
  Жалпы және әкімшілік  шығындарға жататындар 40 000 821 671
                 ЖИЫНТЫҒЫ  274 000 - -
    ҚҚС, 16% 43840 331 671
                  БАРЛЫҒЫ 317840 - -
2. Орындалған және қабылданған  жұмыстар үшін мердігердердің шоттары төленді 317840 671 441

       Негізгі құралдардың жөнделген  лбъектінің техникалық төлқұжатында  күрделі жөндеуден өткен объектінің  қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ  техникалық төлқұжатына қайта  құрастыруға және жаңартуға   байланысты өзгерістері енгізілуі мүмкін.

       Егер жөндеуді, қайта құруды және  жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған  болса, онда актіні екі дана  етіп жасайды. Екінші данасын  жөндеу,қайта құру және жаңарту  жүргізген субъектіге береді.

        Шаруашылық тәсілмен негізгі  құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың дебетінде 126,934,945,811,821,  ал оларға кеткен материалдардың есебі мына шоттардың 201,206,208, жабдықтаушылар мен еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айрысуына мына шоттардың 671,641-643, кредитінде көрініс табады.

       Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың,  мүліктердің және басқа да  негізгі құралдардың объектілерін  жөндеу шығындары 810 «Көмекші өндірістер» шотында, шығын баптарының мынадай номенклатурасы бойынша есептеледі:

     Материалдар- жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің  және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.

     Жұмысшылардың  еңбегіне ақы төлеу – жөндеу  құмысы үшін  есептелген еңбекақы  сомасы.

      Еңбек-ақыдан есептелінген аударымдар- жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады.

     Электр  энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу  цехтарының технологиялық және  басқа қажеттіліктеріне электр  энергиясының, жылудың, газдың,будың  шығындары .

      Жөнделетін  әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды.

       Кәсіпорынға қажет болған жағдайда  және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады. Қорды құру үшін, жылдық сметалық шығыннан ай сайын қаржы аударып отырады.

      Егер  кәсіпорын жөндеу қорын құратын  болса, онда ол ай сайын жөндеудің  барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржыны 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорына аударымдар жасалса, онда 126,811,821,894,845-шоттары дебеттеледі де, 686-шы « Басқадай есептелген шығыстар» шотының «Жөндеу қоры» деп аталатын аралық шоты кредиттеледі.

    - егер жөндеу мердігерлік тәсілмен орындалған болса,671- ші шотынан;

    - егер жөндеу  шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында  орындалған болса, 920-шотынан;

    - егер жөндеу  шаруашылық тәсілмен жөндеу цехынан  тыс жерде жылжымайтын объектілерде  орындалған болса, 201,206,208,641-643,671,681 және т.б,

       Егер де кәсіпорынның құрған  резерві жұмсалған шығындарды  жаппаса,онда, есептеу қағидасына  сәйкес, артық жұмсалған шығындар  кәсіпорынның  шығындарына жатқызылады,  яғни 811,821, 834,845 шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Өйткені 686 шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында,негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезеңінде олардың мүліктік карточкасы карточкалардың «Жөндеу» бөліміне орналастырылады.

       Жөндеудің аяқталуына қарай, жөндеуден  қабылданғанобъектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады.

       Жалгер – кәсіпорын негізгі  құралдарға кеткен шығындарын  келсілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының аяқталуына қарай мына шоттарғаесептен шығарылады:

  • Егер де келісім -шарт жағдайы бойынша жалға алушы кәсіпорын өз қаражатының есебінен өтесе, онда 821 шоты дебеттеліп, 671,820 шоттары кредиттеледі.

             

                 Негізгі құралдарды түгендеу

         Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігінанықтау мақсатымен №6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтнрлік есеп стандарттарына  сәйкес жүргізіледі.

    Бухгалтерлік  есеп пен есеп беру тәртібі  бойынша барлық кәсіпорындар  бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығынқамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-жоқтығын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда негізгі  құралдарды түгенде жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек.  Үйлерді, ғимараттарды және тағыда басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.

      Негізгі  құралдарды жоғарыда көрсетіліп  жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

     -негізгі  құралдарға жауапты адам қызметінен  ауысқанда;

     -негізгі  құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;

     -өрт  немесе басқа да кенеттен болған  табиғи апат жағдайларына байланысты;

     -ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және тағы да басқа жағдайларда.

     Кәсіпорындарда  негізгі құралдарға түгендеу  жұмысын жүргізу үшін  тағайындалған  коиссия жұмыс жүргізуден бұрын  мыналарды толық тексеріп алулары қажет:

     -түгендеу  карточкалардың, түгендеу кітапшалардың,  түгендеу тізімнің түгелдігін  және олардың жағдайын немесе  жоқтығын;

     -негізгі  құралдардың төлқұжаттарының немесе  техникалық құжаттарының түгелдігін  және олардың жағдайын немесе  жоқтығын;

     -жалға  алынған немесе жалға берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға  берілген, сондай-ақ уақыиша сақтауға  алынғпн негізгі құралдардың  тиісті құжаттарының түгелдігін  немесе жоқтығын.

     Егер  ондай тиісті құжаттар болмаған  жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардың ондай құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап, құжаттарға тиісті өзгерістерді енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын,  инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын және тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіпжазулары керек. Түгендеу барысында кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілері ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы  немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап, оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржыны немесе қосымша шығынның есеп тіркелімдеріне жазылмай  қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.  

Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары