«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдардың жіктелуі.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

      Амортизациялық  аударым есептеудің таңдап алған  әдісі кәсіпорынның  есеп саясатында  көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен  екінші есеп беру кезеңіне  дейін дәйектілі түрде қолданады.  Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістің   қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

    Негізгі  құралдардың құны бойынша амортизацияны  бір қалыпты есептеу әдісі,  яғни объектінің құны,оның қызмет  ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету  мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

       Бұл  тәсілде амортизациялық  соманы аудару үшін:

       -қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді.

       -Қазақстан Республикасының салық  заңдылықтарының белгіленген амортизациялық  нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны-100 000теңге, бес жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000теңгеге тең болады . мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ын құрайды немесе бір қалыпты тәсілге сәйкес 18 000теңге болады.

       Негізгі құралдардың амортизациясының  бірқалыпты әдісі мына формула  бойынша есептелінеді.

 

    Бастапқы құн - жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000 теңге

            Пайдалану мерзімі                     5жыл 

   Осыған сәйкес  ай сайынғы амортизация сомасы 150 000 теңгеге теі болады (18 000:12).

     Төменде  негізгі құралдардың амортизациясын  бір қалыпты әдіс бойынша есептеу  жолы көрсетілген.

    Негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс                               

                                        бойынша есептеу

   Мерзімі  Бастапқы    

    құны

Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы   Қалдық        

     құны 

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 
 
 
100 000 
 

100 000 
 

100 000 
 

100 000 
 

100 000 

 
 
 
18 000 
 

18 000 
 

18 000 
 

18 000 
 

18 000

 
 
 
18 000 
 

36 000 
 

54 000  
 

72 000 
 

90 000

 
 
 
82 000 
 

64 000 
 

46 000 
 

28 000 
 

10 000 

 
 

     Негізгі  құралды пайдалану барысында   бір қалыпты табыс алынатын  болып болжалынса ғана, бірқалыпты  әдіс пайдаланылады, яғни ол  объектінің пайдалылығының бірт  індеп азайғанын көрсетеді.

       Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі негізгі құралдардың тозуы тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизайиялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

   

   Бастапқы құн - жойылу құны = (100 000-10 000):900 000км =0,10теңге

      Орындалатын жұмыстың

          болжамды мөлшері 

      Егер  пайдаланудың бірінші жылында  автокөлік 200 000 шақырым жол жүрсе, екінші жылы – 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100 000шақырым, төртінші жылы – 200 000 шақырым және бесінші жылы – 100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса-амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

    Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша  

                                                     есептеу  
 

Мерзімі   Бастапқы     

      құны

Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық амортизацияланған сомасы Айға есептелген амортизацияның сомасы(теңге)
Сатып алынған  мерзімі:

1-ші жыл

2-ші жыл

3- ші жыл

4-ші жыл  

5-ші жыл  

 
 
 
 
100 000 

100 000 

100 000 

100 000 

100 000

 
 
 
 
  40%x100 000

=40 000

  40%x60 000   =24 000

40%x36 000 =144 00

40%x21 600 =8640

2960

 
 
 
 
40 000 

64 000 

78 400 

87 040 

90 000

 
 
 
 
3333 

5333 

6533 

7253 

7500

 

        Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен  байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

        Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны  есептеу тау-кен өнеркәсібінде  ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны  есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша  жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі  құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы бойынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

        Амортизацияны есептеудің  жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді,сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де,теоретиктер,оның екі түрін ұсынды.

      а)Кумулятивтік әдіс;

      ә)Азайып  отыратын қалдық әдіс.

      Кумулятивтік әдіс- латын тілінен аударғанда «өсу» және «жиналу» деген мағынаны білдіреді,яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5/15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4/15 бөлігіне, үшінші жылы 3/15,төртінші жылы 2/15,бесңншң жылы 1/15 бөлігіне.

        Жыл сайынғы амортизациялау нормасы:  бөлімінде жылдар санының өосындысы, ал алымында:бірінші жыл үшін-5,екінші жыл үшін-4, үшінші жыл үшін-3,төртінші жыл үшін-2, бесінші жыл үшін-1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.

        Төменде негізгі құралдардың  тозуын кумулятивтік әдіс бойынша  есептеу жолы көрсетілген.

          Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдісі          

                                              бойынша  есептеу

   Мерзімі

(жылдары)

  Бастапқы

      құны

    Кумулятивтік 

       саны   мен амортизациялаудың 

         нормасы

Жинақталған жылдық тозу     

     сомасы

       Айға есептелген амортизация-

ның сомасы  

      (тенге)

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жыл 

2-ші жыл 

3-ші жыл 

4-ші жыл 

5-ші жыл

 
 
 
  100 000 

  100 000 

  100 000 

  100 000 

  100 000

 
 
 
5/15 x90 000=30 000 

4/15 x90 000=24 000 

3/15 x90 000=18 000 

2/15 x90 000=12 000 

1/15 x 90 000=6000

 
 
 
     30 000 

     54 000 

     72 000 

     84 000 

     90 000

 
 
 
        2500 

        4500 

        6000 

        7000 

        7500

    

      Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында  күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.

      Азайып отыратын  қалдық әдіс. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы  20% болады.

        Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40% болады. Бұл белгіленген ставка қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.

        Қалдық құнды азайту үшін қажетті  шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100 000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.

 

   Мерзімі  Бастапқы   

     құны

Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған

    жылдық  амортизация-

ланған

сомасы

Айға есептелген амортизация-

ның сомасы

     (теңге)

Сатып алынған  мерзімі:

1-ші жыл 

2-ші жыл 

3-ші жыл 

4-ші жыл 

5-ші жыл

 
 
 
100 000 

100 000 

100 000 

100 000 

100 000

 
 
 
40%x100 000=  

   40 000

40%x60 000=   

  24 000

40%x 36 000=

14 400

40%x21 600= 8640

         2960

 
 
 
      40 000 

      64 000 

      78 400 

      87 040 

      90 000

 
 
 
       3333 

       5333 

       6533 

       7253 

       7500

 

      Халықаралық  практикада баяу амортизация  деп аталатын әдіс бар, мысалыға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ  оны тек қана арнайы жағдайда  ғана пайдаланады.  Бұл әдістің  мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.

       Мысалы: «Әлия» ЖШС 1998жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал – сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.

      Кәсіпорын  амортизациясын есептеу үшін  кумулятивтік әдіс пайдаланған,  ал 2001 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.

    Есеп қағидасындағы  өзгерістердің әсерін есептеу  және оны көрсету мынадай жолмен  жасалынады:   

            Кезеңі  Кумулятивтік әдісі 

        бойынша 

    амортизацияны 

        есептеу

Бірқалыпты әдісі 

        бойынша

    амортизацияны 

         есептеу

1999жыл (1608333-                       -3760)x15/120=200571 (1608333-3760)/15 = =106971
2000жыл (1608333-                       -3760)x15/120=187200 (1608333-3760)/15= =106971
2001 жылға жинақталған амортизациясының сальдосы  
200572+187200=387772
 
106971+106971= =213942

    

     Амортизацияны есептеу 1999жылдың  1-ші қаңтарынан басталған.

     Амортизацияны  есептеу үшін кумулятивтік саны  мынадай формула бойынша есептелінеді:

    15 x (15+1)/2=120

     Екі әдісті пайдаланудың салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған табысқа жатқызылады.    

                  Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

    Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральді жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері  негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен  салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.

Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары