«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдардың жіктелуі.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

      4. Машыналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал- аспаптармен, қоршаулармен, тірек- тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топшадан тұрады:                                                     

    - күш қуатты машиналар мен жабдықтар- жылу және электр қуатын өндіретін машина- генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдаратын машина двигательдер; жұмыс машиналары мен жабдықтары еңбек өнімін жасау процесінде керек жараққа механикалық, аппараттар мен жаббдықтар;                                                 

    - өлшеуіш және реттегіш құрал аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек жарақтар, лабороториялық жабдықтар)- өндірістік процестерді өлшеуіш, реттеу үшін құрал- аспаптар, құрылғылар мен керек- жарақтар;                                                                                          

      - есептегіш техника- процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, керек- жарақтар, құрал- аспаптар (компъютерлер мен басқа есептегіш техника);                                                                    

      - басқа машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).                                                

      5. Табыстау қондырғылары-электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі,тұруба құбыры) қондырғылары.                                                            

      6. Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.                          

      7. Басқа да негізгі құралдар:                                                                      

      - аспап- қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл. Ағаш және т.б. өңдеуге арналған, машинаға бекітілген керек жарақтар( кескіш, езуші,тығыздап нығайтылған электр қол бұрғылары, бояу сыр пульттары,қысқыштар):         өндіріс мүлік пен олардың керек- жарақтары өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар жұмыс үстелдері, шкафтар;                                                                                         

     - шаруашылық мүлкі- кеңселік және шаруашылық мүлкі (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);                                                                                                      

     - жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы- аттар, өгіз түйе және тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал- ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан, саулық және қошқар. Мүлікті объект- әрбір үлкен мал.                                                                                  

     - көпжылдық көшет егістері-  қолдан егілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер ( жүзімдік, роза, бұтадан жасалған қоршау);                                                                   

     - жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар- ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар(жерді тастан тазарту);                                                                     

     - басқа да негізгі құралдар- кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.                                                                                           

     8. Бітпеген құрылыс.                                                                                                      Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:                                                                                        

    - тоқтатылып қойылады- уақытша қолданылмайды;                                                                                

    - қоймада тұрады- жөнделген,апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;                                                                                     

    - жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.                                                                                                                                        

     Негізгі  құралдардың есебін ұйымдастыруда  оларды бағалаудың маңызы зор  болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен,қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.                                                                                            

     Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған  ақаулардs жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей,ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:                                                                                                                      

     а)жер учаскесінің бастапқы құнына:                                                                                                 

     Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылары, сатып алу сату жөніндегі келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған   материалдарды сатудан түскен түсімді алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.                                                                                                          

     ә)құрал жабдықтардың бастапқы құнына:                                                                                     

     Құрал- жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға,әкелуге, тиеп- түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал -жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі.                                                                                                  

     Алайда құрал- жабдықтарды монтаждауда, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса,ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын  қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.                                                                  

      Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары,еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге,архитекторларға төленген төлемдер,құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқс да кеткен шығындар енгізіледі.                                                                        

     Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса,онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ,яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса,онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.                                                      

     Мысалы:кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000(бес жүз мың) тенгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге. Үй бұзуға кеткен шығын 40000(қырық мың )теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қортындылайтын болсақ,сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000+20000+15000=560000 теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:                               

    - үлес қосушылар  мен құрылтайшылар негізгі құралды  жарғылық қорға өзінің үлесі  ретінде салса,онда олардың құны  құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;                                                                                                                

    - ұйымдар  негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе  сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;                                                                                                                                             

    -ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау - өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен.                                                                                        

      Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.                                                                                                                        

      Негізгі құралдардың баланстық құны -бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.                                                               

     Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны- негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.                                                                                                                                                            

     Негізгі құралдардың келісілген құны-бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.                                                                                                                            

     Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана есептіледі:                                                            

     а)негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;                                                            

     ә)ҚР Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.                                                                                                                                                                                                                                    

Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары