«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдардың жіктелуі.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

   Жарамсыз  болған және заттай,сапалық жағынан  тозу, апат, стихиялық апат, пайдаланудың нормативті шарттардың бұзылуы,сондай- ақ құрылысқа, кеңеюге, қайта құруға және тағы басқа себептер салдарынан жойылуға тиісті негізгі құрал-жабдықтарды кәсіпорын балансынан есептен шығарылады.  

   Негізгі құралдардың  жарамсыздығын,оның қалпына келтіретін жөндеудің мүмкін еменстігін немесе экономикалық тиімсіздігін субъект басшысы, бас бухгалтер, қызмет мамандары құрамына кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия айқындайды.                                                                              

   Кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия жойылатын объектіні тікелей қарап, байқау өткізеді,оларды есептен шығару себептерін және бұған кінәлі жауапкершілікке тартылатын адамдарды анықтайды,кейбір тараптардың  детальдардың, материалдардың қолдануы мүмкіндігін айқындап, оларға бағалау жүргізіледі. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару актісі (ф. №НҚ-4) табылады, оның негізінде бухгалтерияда тиісті бухгалтерлік жазбалар жасалады. Актіде объектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы,объектіні бөлшектегенде алынған материалдық құндылықтардың құнын ,тарату бойынша шығындар мөлшерін, өткізудің ықтималдығы мен таратудың жалпы қорытынды бағасын көрсетеді.                                   

   Стихиялық  апат пен апат салдарынан таратылатын  негізгі құрал-жабдықтар бойынша  актіге құзырлы органның стихиялық  апат туралы анықтамасы, не болмаса  себептері мен айыптылары көрсетілген  авария туралы актінің көшірмесі  тіркелуі тиіс. Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома, сондай- ақ бөлшектеуден немесе түскен материалдар пайдаланылуы ықтимал бағамен кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы шаруашылық жүргізілетін субъектінің қарауында қалады.                                                     

   Негізгі құрал  объектілерін өтеусіз беру туралы шешім  шаруашылық жүргізуші объектіге  қатысушылардың жалпы жиналысында  қабылданады.

     Салынып  біткен,яғни аяқталған құрылыстар  үшін ол объектілерді қабылдап  алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:                     

-объектінің аты;

-oбъектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;

-салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

   -құрылыстың салынып біткен уақыты;

-амортизациялық аударым мөлшері;

-бастапқы құны;

-басқа да шартты белгілері.

     Негізгі  құралдардың салынып біткен аса  ірі объектілеріне ұйымдағы бас  механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, тозу мөлшері,істен шығарылу себебі) және тағыда басқа мәліметтер жазылады.  Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.

       Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау –тапсыру актісі кейіннен бұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төл құжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалармен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған  құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

     Дт: Негізгі құралдар-шоты;

     Кт: Ақшалар-шоты;

     Еншілес  (тәуелді) серіктестіктерге қарыз- шоты;

     Қоюшы  мердігерлермен есеп айырысу-шоты;                

     Төленбеген  капитал-шоты;

     Үкімет  органдарының субъсидиялары-шоты

     деп  аталатын шоттардың тиістілері.

     Егер  кәсіпорынға келіп түскен, яғни  кіріске алынған негізгі құралдар  бұрын пайдалып және оларға  тозу сомасы есептелген болса,  ондай негізгі құралдардың тозу  сомасына мынадай бухгалтерлік  жазулар жазылады:

     Дт:Негізгі  құралдар-шоты;

     Кт:Негізгі  құралдардың тозуы-шоты.

       Негізгі құралдар кіріске алынғанда бухгалтерлік  есеп шоттары                 

                           бойынша жүргізілетін  операциялар

        Операциялар мазмұны Дебиттелетін   шот Кредиттелетін шот
1                         2             3            4
1 Ұйымның салынып жатқан құрылысы аяқталып кіріске алынды           122          126
2 Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу           125          126
3 Көпжылдық өсімдіктерді кіріске алу           125          126
4 Уақытша салынған құрылысты  кіріске алу        122,125          126
5 Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:

  -келісілген құнына;

  -тозу құнына.

  
 

      121-125

      122-125                                        

  
 

         511

      131-134

6 Жеке немесе заңды  тұлғалардан сатылып алынған  негізгі құралдарға:

-қалдық құны бойынша; 
 
 
 
 

-қосылған құн салығы  сомасына.

 
 
 
      121-125 
 
 
 
 

          331

 
 
 
421-424,431,

432,441,451,

452,671,687

421-424,431,

432,441,451,

452,671,687

7 Тәуелді, еншілес  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардан кіріске алынған  негізгі құралдар:

-қалдық құны бойынша;

-қосылған құн салығы  сомасына;

 
 
 
 
       12-126

          331

 
 
 
 
641-643

641-643

8 Заңды тұлғалар мен  жеке адамдардан келіп түскен,әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:

-бастапқы құны  бойынша;

-қосылған құн салығы  сомасына.

 
 
 
 
      121-126

           331

    
 
 

          671

          671

9 Басқа да атқарушы органдардан  субсидия ретінде келіп түскен негізгі  құралдарды кіріске алу:

-қалдық құны бойынша;

-тозу құнына.

 
 
 
       121-125

       121-125 

 
 
 
         726

      131-134

10 Заңды тұлғалар мен  жеке адамдардан тегін (ақысыз,қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу:

-қалдық құны бойынша;

-тозу құнына.

 
 
 
 
121-125

121-125

 
 
 
 
        727

      131-134

11 Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан немесе бұрын  есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алғанда:

-ағымдағы құны  бойынша;

-есептелген тозу  сомасына.

 
 
 
 
 
      121-126

      121-126

 
 
 
 
 
          727

       131-134

12 Ұйымның өзінде өндіріліп,кіріске  алынатын негізгі құралдар:

-негізгі өндірістен;

-көмекші өндірістен.

 
 
121-126

121-126 
 

 
 
900

920

 

     Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық

                                      аударым мөлшерін  есептеу

         Негізгі құралдар  өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

        Негізгі құралдардың тозуын «табиғи»  және «сапалық» тозу деп екіге  бөледі. Негізгі құралдардың табиғи  тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың  жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес,оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсет етуі нәтижесінен болып табылады.

      Негізгі  құралдардың сапалық тозуы олардың  толық табиғи тозуы жетпей-ақ  құнсызданып, өндірістің даму  үдерісінен кейін қалуы, яғни  активтердің ғылым мен техниканың  дамуының бүгінгі күнгі талаптарына  сәйкес келмейтін жағдайда болуынан  пайда болады.

       Осы жоғарыда аталғандарды қорта  келе, негізгі құралдардың тозуы  дегеніміз, олардың табиғи және  сапалық сипаттарын жоғалтуы  депте айтуға болады.

       Негізгі құралдардың сапалық  тозуының бірінші себебі-өндіріс  салаларында ғылыми- техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділіге өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды,құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін  қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал -жабдықтардың , машиналардың,яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына  қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың тағыда басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімдім етеді.

        Негізгі құралдардың сапалық  тозуының екінші себебі ғылыми- техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімдімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай мешікте болса да (мемлекеттік,жеке меншік,акционерлік және т.б.) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдарың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизацмя есептелмейді:

   -жерге;

   -кітапхана қорларына;

   -фильм қорларына;

   -архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

   -өнімді малдарға;

   -мұражайлық құндылықтарға.

     Сонымен  қатар амортизациялық аударым  мынадай жағдайларда есептелмейді:

    -қайта құру,жаңарту  және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

    -негізгі  құралдарды уақытша тоқтатып  қойған мерзімде.

    Негізгі  құралдар  өндіріс үдерісінде  пайдаланылған кезде өздерінің  бірте-бірте тозуына байланысты  құндарын өздерінің көмегімен  өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп,ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

      Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы,

       Ұйымдарда негізгі құралдағы  ай бойы есептелген амортизациялық  аударым сомасы ай сайын өндірілген  өнімнің,атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

      Кәсіпорындарға  жаңадан келіп түскен, кіріске  алынған негізгі құралдарға амортизациялық  аударым келесі айдың басынан  (бірінен) бастап есептеледі. Ал  ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.

      Негізгі  құралдарға амортизациялық аударым  есептеу мына әдістер бойынша  жүргізіледі:

      1.Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.

      2.Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс).

     3.Жылдамдатып  есептеншығару әдістері:

     а)қалдық  құнының кему әдісі;

     ә)сандардың  жиынтығы бойынша  құнын есептеп шығару (комулятивті әдіс) әдісі.

Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары