«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдардың жіктелуі.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

     Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны  жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны осы бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын- оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап тұрады.                                                                       

      Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрдe қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.                                                                                     

     Негізгі құралдардан бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуіне:                                                                 

      Дт:Негізгі құрал- шоты                                                                                                                           

      Кт:Негізгіт құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал- шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.                                                                                              

      Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының  өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы  негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасын бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады. 

  

      Негізгі құралдарды қайта бағалау барысында бухгалтерлік                    

             есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар  

     Операциялар  мазмұны Дебиттелетін                шот Кредиттелетін шот
1                         2              3              4
1 Қайта бағалу нәтижесінде  негізгі құралдардың бағасының  өсуі 121-125 541
2 Қайта бағалау нәтижесінде  негізгі құралдардың бағасының  кемуі 541 121-125
3 Қайта бағалау негізінде  негізгі құралдардың тозу сомасына енгізілетін түзетулер  542 131-134

                                                               

                               

                   Негізгі құралдар қозғалысының есебі

       Негізгі құралдардың түсуі.

     Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал- саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен;объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.                                                                                                                    

    Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал- жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.                                                              

   Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің , құрал- сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типте болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.

   Рәсімделгеннен  кейін осы объектіге қатысты  техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қояды, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.                                                                                              

   Алыс беріс  актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуға керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды,не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.                                                                                                                                

   Негізгі құралдардың  кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех(бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған  бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.                                                                  

   Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.                                                      

   Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің  үш данасы жазылады: алғашқы екеуі  өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші  дана негізгі құралдардың нақты  бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі-есеп айрысу төлем құжаттарына тіркеледі),үшінші дана  негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.                                                                                                    

   Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың  әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу  әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер,ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б.нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен  шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды  «Архив» картотекасы бөліміне қояды.                                         

   Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі  барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС,сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы  және т.б.),жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін пайыздар, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.                                                             

   Жер учаскесінің  бастапқы құнына шотта көрсетілген  сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар; материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша пайыздар, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.                                                         

   Қажетті болып  саналмайтын шығындар (тасымал кезінде  алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.                                                                                                            

   Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады,белгіленген  тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзінде заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.                                                                                                             

   Негізгі құралдардың істен  шығуы.     

   Негізгі құрал  объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:                                                                                 

   - физикалық немесе сапалық тозу;                                                                                              

   - шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;                                   

   - басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;                                                                                                                                 

   - басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;                                                  

   - объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;                                 

   - кем шығу,табиғи апат және басқа себептер.                                                                                                                                                   

   Негізгі құрал  объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.                                                                                                              

   Негізгі құралдардың  жарамсыздығын, олрады қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.                                                         

   Комиссия  объектіні қарайды, есептен шығарудың  нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды  табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды  және жарамдылы материалдық құндылықтарды  бағалайды. Есептен шығаруды  «Негізгі құралды есептен шығару актісімен» (№НҚ-3 ф.) және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» (№НҚ-4 ф.) екі данамен ресімделеді.                                         

   Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.                                                                                                                           

Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары