2.5 Бюджет пен
есеп айырысудың бақылауы мен
аудиті
Бюджет пен есеп айырысу
аудитін өткізгенде тексеруге жататын
жалпы мәселелер мыналар болып табылады:
- салық салынатын негізді анықтаудың толықтығы және дұрыстығы;
- салық мөлшерлемесінің және басқа төлемдерді есептегенде арифметикалық есептің дұрыстығы;
- жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі жіне салық төлеуде жіңілдіктерді қолдану;
- салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды қарастырудың дұрыстығы мен өз уақыттылығы;
- бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы есебін жүргізу дұрыстығы;
- талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы жіне субъекті балансы жазбалармен сәйкестігі.
«Қысқа мерзімді міндеттемелер»
бөлімінде «Салықтар бойынша
міндеттемелер» атты жеке бап бар. Оның
дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді
Бас кітаптағы «Төлеуге жататын КТС»мәліметтерді
Бас кітаптағы «Төлеуге жататын КТС» 3110
шоты, «Жеке табыс салығы» 3120, «ҚҚС» 3130,
«Әлеуметтік салық» 3150, «Басқа да салықтар»
3190 шоттары объектінің бюджетке төлейтін
салықтары бойынша ағымдағы кредиторлық
берешегі туралы ақпараттарды жинақтауға
арналған.
Аудитор әрекет етуші заңдарды
мұқият зерттеу негізінде салық
төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің
өзгеруінің салық төлеуде жүргізілетін
есептердің заңдылығы мен негізділігін
ең алдымен тексеруі тиіс.
КТС бойынша бюджетпен есеп
айырысуды (Дт 7710 Кт 3110) және кейінгі
шегерілген корпоративті салықты (Дт 7710
Кт 4310) тексергенде, ҚҚС (Дт 1420 Кт 3130),акциздерге
(Дт 1210,1280 Кт 3140 ),бағалы қағаздармен операцияларға
салық, арнайы төлемдер мен жер қойнауын
пайдаланушылар салығы, ол жалпы мемлекеттік
салықтар бойынша бюджетке төленген төлемнің
дұрыстығы мен уақыттылығын тексереді.
Әсіресе,салық төлеушінің салық
төлемі дұрыстығын тексергенде
мына сияқты жергілікті салықтарға
аса назар аударылады:жер салығы(Дт
7110,7210,8010 Кт 3160 ),жеке табыс салығы(Дт 3550
Кт 3120), әлеуметтік салық(Дт 1620,7110,7210,8010,8020,8030,8040
Кт 3150), мүлік салығы(Дт 7110,7210,8010 Кт 3180),
көлік құралдарына (Дт 7110,7210,8010 Кт 3170) салық.
2.6 Еңбекақы төлеу
бойынша есеп айырысудың аудиті
Жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы төлеуді тексерудің
негізгі міндеті еңбекақы төлеуде
нормативтік қүұқықтық актілердің
сақталуына бақылау жасау,жалақыдан
ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде
бухгалтерлік есепті жүргізудің
дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын
ақпараткөздері болып 3350 «Қызметкерлермен
еңбекақы бойынша есеп айырысу»
шоты бойынша аналитикалық және
синтетикалық мәліметтер өнімділіктің
есебі және еңбекке ақы төлеуді
есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар
уақытша еңбекке жарамсыздық
парақтары, еңбек демалысына төлемдерді
есептеу, нормативтік құжаттар, бұл
операцияны реттейті ҚР « Еңбек
туралы заңы» ,қызметкерлердің
еңбегі жайлы мәселелер жөніндегі
әдістемелік ұсыныстар, олрдың
орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі
жөніндегі нұсқаулық және т.б.басшылыққа
алынады.
Қызметкерлермен еңбекақыв бойынша
есеп айырысуларды тексеруді
әр айдың бірінші күніндегі
3350 шоты бойынша аналитикалық
есеп көрсеткіштерінің және бух.баланстағы,
бір уақытта Бас кітаптағы
жазулармен сәйкестігін анықтап
бастаған жөн.Бұл үшін Бас кітаптағы
қарастырып отырған айлардың
бірінші күндегі 3350 шот бойынша
тізімдеме ведомосының жиынтық
сомасымен кәсіпорын балансындағы
көрсеткішімен салыстыру керек.
Айырмашылық табылғанда олардың
себептерін анықтау керек. Сондай
ақ мәдіметтерді депозитке салынған
еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен
салыстыру керек. Сосын алғашқы
құжаттардың анық сенімділігін,
толтыру дұрыстығын,олардың еңбекақы
және еңбекті өтеудіңм басқа
түрлерін есептеу мен төлеу
бойынша нормативтік құжат талптарына
сәйкестілігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде
тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле
шарттарын қолданудың дщұрыстығы,
кесімді еңбекақы төлеуде жұмыстың
сандық және сапалық көрсеткіштерін
орндау, нормалар мен баға қоюды
қолданудыің дұрыстығы тексеріледі.
Еңбекақы төлеу есебі жөніндегі
алғашқы құжатттарды тексергенде
орындалған жұмыс есебі үшін
жауапты лауазымды адамдардың
қойылған қолдары бар немесе
жоқтығын, барлық деректемелер толтырылу
дұрыстығын, құжаттарды тазартылып
өшірілген түзетулердің бар немесе
жоқтығын т.б. анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар
есебі табелін, сондай ақ еңбекті
төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы
құжаттарды тексергенде, оларға
ойдан шығарылған, яғни жзасанды
тұлғаларды кіргізу жағдайлары
бар немесе жоғын анықтау керек.
Бұл үшін оларды берген уақыттағы
нарядтарды талдап шығу, нарядтар
мен жұмыс уақытының есебі
табельдеріндегі жұмысшылардың аты жөндерін,
жеке құрам есептерінің және төленген
сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру
керек. Бұрын төленген алғашқы құжаттар
бойынша қайтадан есептеу жағдайлары
бар немесе жоқтығын, бір адамның аты жөндері
бірнеше есептеу төлемдік ведомостарында
қайталануын тексеру де маңызды. Кәсіпорынның
тізімдік құрамында жоқ,аз уақыт жұмыс
істеген адамдарға жазылған нарядтарға,сондай
ақ төмен сапамен орындалған жұмысты
қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға
ерекше назар аудару қажет және алғашқы
құжаттар мен есептік ведомостарды тексергенде
арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше
назар аударылуы керек.
Жеке табыс салығы ҚР «Салықтар
және бюджетке міндетті басқа
төлемдер туралы» кодексте белгіленген
тәртріп бойынша ұсталынады.
Зейнетақы жарнасын ұстауды және
қызметкерлердің ай сайынғы еңбек ақыдан
10% мөлшерінде ұсталынады.
Қарызға алынған тауарлар үшін
ұсталымдар қызметкерлерге ұзақ
пайдалану үшін несиеге тауарларды
сату ережелерінде қарастырылған
тапсырма міндеттеме негізінде
жасалады. Қызметкерлер келтірілген
материалдық зиянның орнын толтыру
үшін ұсталым кәсіпорын бойынша
бұйрық негізінде,не болмаса сот
шешімі бойынша атқарылады.
Тексеру қорытындысында мыналарды
анықтау қажет:
- шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дщұрыстығы;
- жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығына;
- бух.өткізбелерді еңбекті төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
- синтетикалық және аналитикалық есепті,жиынтық мәліметтерді және еңбекті төлеу қоры бойынша бух.есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;
- 3350 шоты арқылы орындайтын үкім қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8,10 журнал ордерлердегі жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі.
Қорытынды
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
өзінің шаруашылық қызметі барысында
меншікті капиталмен қатар басқа
қатыстырылған капиталды да қолданады.
Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік
есепте міндеттемелер деп аталады.
Кез келген өндіріспен айналысатын
ұйым сол өнімді өндіру үшін
қажетті материалдар мен шикізаттар
алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлерінің
алдында міндетті болса,саудамен айналысатын
ұйвмдар өзінің сататын тауарын жеткізіп
беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның
алдында қарыз болуы мүмкін.тіпті өндіріспен
де саудамен де айналыспайтын ұйымдардың
өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары
мен қызметкерлеріне олардың істеген
еіңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі
салықтар үшін қарыз немесе оның алдында
міндеттемесі болуы мүмкін.Қазіргі таңда
қаржының жетіспеушілігінен банктер,банктен
тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз,несие
алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан,сондай
ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп
алып,оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай
жабылып,аукционға салынып, сатылып жатқан
ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған
міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі
ең негізгі,яғни қай саладағы болмасын
кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері
екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелер
есебі типтік шоттар кестесінің үшінші
және төртінші міндеттемелер деп алынатын
бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Арнайы бақылау мен аудиттің
арнайы тағайындалуы шаруашылық
тәжірибесінің,ғылыми ұйымның немесе
жеке экономикалық субъектінің
талаптарымен анықталады.Іс тәжірибеде
арнайы аудит бағыттары және
басқа түрлердің қорытындылары
мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
- Д.О. Абленов «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит:теориясы,әдіснамасы,тәжірибесі»\ Алматы 2007ж
- Кеулімжанов «Бухгалтерлік есеп принциптері»\Алматы 2003ж