Міндеттемелер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің,ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субъектінің талаптарымен анықталады.Іс тәжірибеде арнайы аудит бағыттары және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Осы жұмыста қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі шаруашылық субъектіде қолданатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз.

Работа содержит 1 файл

Міндеттемелер аудиті.docx

— 67.11 Кб (Скачать)

        Жүргізілген тексерудің нәтижесі кәсіпорындарда қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебінің жүргізілмейтінін немесе нашар ұйымдастырылғандығын көрсетеді.Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға банкілік немесе банк мекемелерінен тыс займдар бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы дер кезінде әрқашан да тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып,содан кейін банк займдары бойынша пайыздардың есептелуініңдұрыстығын және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек.

 

2.2 Ұзақ мерзімді  міндеттемелер аудиті 

 Ұзақ мерзімді міндеттемелерге  мыналар жатады:

  • Ұ.м.банк заемдары;
  • Банк мекемелерінен тыс ұ.м заемдар
  • Басқа да ұ.м заемдар
  • Мерзімі ұзартылған корпоративті табыс салығы.

Банкілердің және банкіден тыс мекемелердің ұзақ мерзімді заемдары бір жылдан жоғары мерзімге беріледі.Ол заемдар жаңа техниканы, қымбат жабдықтарды  сатып алу, өндірісті кеңейту  және т.б. бағдарламаларды іске асыру  үшін алынады.

               Заемдарды алу және өтеу бойынша  операцияларының арнайы аудитін  өткізу үшін ХҚЕС сәйкес, келесі көрсетілген шоттар:4010,4020,4030қолданылады,оларға 1010,1020,1040,1050 және басқа шоттар мен кореспонденцияда алынған заемдар сомалары несие бойынша,ал дебеті бойынша – ақшаның есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген заемдар сомалары беріледі. Заемдарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және заем алушы ұйым мен банк арасындағы несиелік шартпен рәсімделеді,онда несиелеу объектісі,заемды беру мен қайтару мерзімдері,пайыздық мөлшерлемелер,оларды төлеу  тәртібі,тараптардың қарызды беру және өтеу туралы міндеттемелері, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.

               Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде аудитор алдымен баланста көрсетілген есепті кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтың Бас кітаптағы жоғарыда аталған шоттары мен журнал ордердің мәліметтеріне қарап,сәйкестігін анықтауы тиіс. Бірақ, осыны бірден істеуге болмайды, ойткені баланста синтетикалық есептің қалдықтары емес,аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Бір сөзбен айтқанды баланстың «Қамтамасыз етілген заемдар», «Қамтамасыз етілмеген заемдар» және «Ұйымдардың бір біріне және еншілес ұйымдарға берілетін қарыздары» баптары аналитикалық есеп негізінде толтырылуы тиіс.

                 Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан  алынған ұзақ мерзімді қарыздарды  тексергенде, аудитор заем берушілермен  мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен  анықтауға тиісті,аудитор бір  мезгілде басқа кәсіпорындардан  заем алудың негізділігі мен  заңдылығын да, сондай ақ оларды  өтеудің толықтығы мен мерзімділігін  тексеруі тиіс. Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін пайыз төлеудің дұрыстығын тексеріп,сондай ақ кәсіпорынның өтелмеген заем қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі пайызды көрсетуге шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Пайыздар сомасы банкілердің заемдары жөніндегі пайызды төлеу бойынша, шығыстар есбінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

                 Тексеру кезінде аудитор берешек  кәсіпорынға берілген вексельдермен  қамтамасыз етілгенін,ұзақ мерзімді  заемдар шотынан есептеп шығарылмайтын,вексельдік  операциялар есебі ережелеріне  сәйкес ескерілетіні назар аударуы  тиіс. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге,сондай  ақ «Кейінге қалдырылған салықтар»бабы  жатады.Бұл отандық бух.есептің  мүлдем жаңа объектісі,жаңа термин,оның және «Салықтық төлем», «Табыс салығы», «Салықтық табыс», «Салықтық эфект» тағы басқаларының мазмұны 11 «Табыс салығы бойынша есеп» БЕС да ашылып көрсетіледі,ал ХҚЕС бойынша12 стандарытнда қарастырылған. Аудитор «Мерзімі ұзартылған корпоративті сллық сомасы» бабына байланысты тексерудің мына ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс.

  1. Есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық нәтиже есебі негізінде анықталады.
  2. Есепті кезеңде пайда болған уақытша айырмашылықтың салықтық нәтижесі салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі.
  3. Бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 шотының және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтерімен салыстыру керек.
  4. 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі:

а) 7710 шотымен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы

ә) Дт 7710 шотының Кт 4310 шотының салықтық мөлшерлемесі ұлғаюына байланысты түзету енгізу

б) Дт 5020 Кт 4310 шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметті салықтық әсер сомасы 

     5.   4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі

 а)уақытша айырмашылықтардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге           тиісті немесе 3310 және 7710 шоттарымен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есепке жатқызылатын салықтар сомасы

 ә) салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты Кт 7710 шотының кемуіне байланысты түзету енгізу

б) 5020 шотымен корреспонденцияда бух.есептегі өсімнен салықтық есептесулерді қайта бағалау сомасы.

 

2.3 Кредиторлық  берешектің арнайы бақылауы мен  аудиті

           Халықаралық қаржылық есеп беру  стандарттарына сәйкес кредиторлық  берешектің аудиті мына шоттарда  жүргізіледі:

Ұзақ мерзімді кредиторлық  берешек:

4110 - Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді берешегі

4120 - Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі

4130 - Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі

4140 - Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі

4150 - Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі

4160 – Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар

4170 – Басқа да ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер

3310 - Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешегі

3320 - Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешегі

3330 - Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешегі

3340 - Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешегі

3350 - Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді берешек

3360 - Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі

3370 -Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектердің ағымдағы бөлігі

3380 - Төленуге тиісті қысқа  мерзімді сыйақылар

3390 - Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық берешектер

Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:

  1. Берешектердің төлем тәртібі сақталғанын тексеру
  2. Оларды есептеуде қолданылатын бағаның,тарифтің  және басқа құндық көрсеткіштердің нақтылығын тексеру
  3. Кредиторлық берешек сомаларының шынайылығын тексеру
  4. Есептіліктерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айырысу  жағдайларын бақылауды ұйымдастыру  келісімшарттық және есептік тәртіптің  нығаюына тапсырылған ассортиментте  және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті  арттыру сапасы мен өнімді жеткізу  жөніндегі міндеттемелерді орындауға,кредиторлық  берешекті қысқартуға және шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

2.4  Жабдықтаушылар  және қызмет көрсетушілермен  есеп айырысудың  бақылауы мен  аудиті

Аудитор 3310 шотын тексерген кезде оның қалдығын 1210 шотымен сәйкестігін салыстыру керек,ал 4410 шотын тексерген кезде оның қалдығын 2110 шотымен сәйкестігін салыстыру керек, ол жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

  1. Алынған тмқ мен айналымнан тыс активтер,орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;
  2. Алынған тмқ,айналымнан тыс активтер,есеп қисап құжаттары әлі түспеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
  3. Қабылдау кезінде табылған тмқартығы мен айналымнан тыс активтер;
  4. Тасымалдау мен тағы да сол сияқты бойынша алынған қызметтер.

Бұл шот бойынша есептеулер негізгі мынадай екі бағыт  бойынша жүргізілуі керек:

    1. Қабылданған материалдық құндылықтар,орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
    2. Жабдықтаушылардан алынған тмқ кіріске алудың толықтығын талдау.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бойынша  аудитор бағдарлама жасағанда,ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да, жүргізілген  жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін анықтауы тиіс.

         Берілген құжаттардың көшірмелері негізінде қуыным өтініштеріндегі жабдықтаушылардың кінәларының айғақтылығын анықтайды. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды тексере келе, өткізілген операциялардың құжаттық негізделуін анықтау, құжаттардың түпнұсқалығы мен оны толтырудың дұрыстығына көз жеткізу, барлық ақтайтын құжаттардың бар болуына назар аудару, ал жекелеген жағдайларда ыңғайласпа тексеру өткізіп,банкіден құжаттардың көшірмелерін сұрату керек.

             Жабдықтаушылар мен мердігерлермен  есеп айырысу операциясын бақылай  келе, аудитор бух.өткізбелерді құрастырудың  дұрыстығын тексергені жөн. Өндірістегі  шығындар есептеліп, оларды өндірістің  өзіндік құнына, шаруашылық субъектінің  қаржылық нәтижелеріне әсер ететін  көптеген қателерді есепке ала  отырып, есеп шоттардағы операциялардың  бейнеленуіне айрықша назар аударылады.

             Уақыты ертеде өтіп кеткен берешекті айқындау үшін оның уақытын талдай келе,мына топтарға құрастырамыз:

  • бір айға дейінгі
  • бір айдан үш айға дейінгі
  • бір айдан алты айға дейінгі
  • алты айдан бір жылға дейінгі
  • бір жылдан жоғары

               Осы уақыттар негізінде аудитор  қажылық есеп айырысу тәртібін  бұзу дәрежесін анықтайды. Осы  істер бойынша сәйкестілігінежасалған  пайымдаулар түпнұсқаның ақтаушы  құжаттарға негізделуі және бекітілуі  тиіс, ол құжаттар: шот фактура,жөнелтпе  қағаздар,қолхаттар, чектер, төлемқұжаттары, түгендеу тізімдемелері, біріктіру  ведомостары, материалды жауапты  және лауазымды тұлғалардың түсіндірмелері  және т.б. болуы керек.  Қорытындыда  аудитор шот корреспонденцияларын  құрастыру дұрыстығын тексереді:

Кесте 6 - Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың бақылауы бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

ТМҚ алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар  екендігін тексеру

Шарттар,шот фактуралар,төлем  тапсырмалары,кірістік құжаттар және т.б.

ТМҚ саны мен сапасы жөніндегі  тілек талаптарды рәсімдеудің дұрыстығын,нақтылығын және уақыттылығын тексеру

Тиісті құжаттарды жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына  талаптар,8 журнал ордер, Бас кітап  және т.б.

Алынған құндылықтарды кіріске  алудың немесе орындалған жұмыс пен  көрсетілген қызмет есбінің толықтығы  мен уақыттылығын тексеру

Қабылдау актілері,жүк  құжаттары, шот фактуралар, кассалық кірістік ордерлер, қрйма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі,6 журнал ордер, Бас кітап,баланс және т.б.

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге  берешектіңі анық сенімділігін,шынайылығын,нақтылығын және заңдылығын тексеру

Шарттар, жобалық сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері,шот  фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал ордер, Бас кітап,баланс және т.б.


 

 

жалғасы кесте 6

Вексельдерді пайдаланып,жабдықтаушылармен  ҚҚС алып тасталғанын және олармен  есеп айырысудың дұрыстығын тексеру

Вексель, кірістік төлем  құжаттары, 5,6 журнал ордерлер, салықтық шотфактуралар, ҚҚС жөніндегі салық декларациясы, Бас кітап және т.б.

Берілген шоткорреспонденциялар  жайлы мәліметтерді тексеру, аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі

Шот фактуралар,төлем тапсырмалары, 6 журнал ордер, Бас кітап,баланс,әдістемелік  ұсынымдар.

Информация о работе Міндеттемелер аудиті