Міндеттемелер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің,ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субъектінің талаптарымен анықталады.Іс тәжірибеде арнайы аудит бағыттары және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Осы жұмыста қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі шаруашылық субъектіде қолданатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз.

Работа содержит 1 файл

Міндеттемелер аудиті.docx

— 67.11 Кб (Скачать)

Кіріспе

           Арнайы бақылау мен аудиттің  арнайы тағайындалуы шаруашылық  тәжірибесінің,ғылыми ұйымның немесе  жеке экономикалық субъектінің  талаптарымен анықталады.Іс тәжірибеде  арнайы аудит бағыттары және  басқа түрлердің қорытындылары  мен аудиторлық қызметті жинақтайды.

             Осы жұмыста  қаржылық есеп  берудің негізгі элементтерінің  бірі шаруашылық субъектіде қолданатын  міндеттемелер ретінде арнайы  бақылау мен аудитте жиі кездесетін  жағдайларды қарастырамыз.

              Міндеттемелер өткен мәмілелердің  немесе оқиғалардың нәтижелері  болып табылады және ағымдағы  және ұзақ мерзімді болады. Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өзінің шаруашылық  қызметі барысында меншікті капиталмен  қатар басқа қатыстырылған капиталды  да қолданады. Бұл қатыстырылған  капитал бухгалтерлік есепте  міндеттемелер деп аталады. Кез  келген өндіріспен айналысатын  ұйым сол өнімді өндіру үшін  қажетті материалдар мен шикізаттар  алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлерінің алдында міндетті болса,саудамен айналысатын ұйвмдар өзінің сататын тауарын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін.тіпті өндіріспен де саудамен де айналыспайтын ұйымдардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еіңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер,банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз,несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан,сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып,оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып,аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі,яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелер есебі типтік шоттар кестесінің үшінші және төртінші міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

             Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлармен есеп айырысу жағдайына және тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субъектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты оны баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндеттемелер есебі

          Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті материалдар мен шикізаттар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлерінің алдында міндетті болса,саудамен айналысатын ұйвмдар өзінің сататын тауарын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін.тіпті өндіріспен де саудамен де айналыспайтын ұйымдардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еіңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер,банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз,несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан,сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып,оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып,аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі,яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелер есебі типтік шоттар кестесінің үшінші және төртінші міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

 

    1. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі

          Несие – бір заңды тұлғаның екінші заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз,өсім алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын қарым –қатынас жүйесі б.т.

    Нарықтық экономика  жағдайында несиенің екі түрі  бар.

Комерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнының алынатын құнының кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

          Несие беру және оны қайтару  тәртібі тиісті заңдарға сәйкес  және кәсіпорынның банкімен немесе  басқа да несие берушілермен  жасалған келісім шарттары негізінде  реттеліп жүргізіледі.Онда несие  берілетін объекті, несие беру  шарты мен тәртібі,оның өтелетін  мерзімі,міндеттемесі,өзара қамтамасыз  ету түрі,пайыздық өсім ставкалары мен оның толеу тәртібі,екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы,толтырылатын және бір біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы да бысқалары көрсетіледі.

         Несиенің объективті қажеттілігі  – бұл, кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделеді.

         Банк мекемелерінің несиелерінің  есебі

Банк несиесі есебі  қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы ҚР ҰБ мекемесі бекіткен: «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне  сай жүргізіледі.Қ.м. несие ұйымның  айналым қаржысын құрайиын көздерінің бірі болып саналады.

Банк несиесі кәсіпорынның,яғни несие алушының есеп айырысу шоттарының қаражаттарының мөлшеріне қарамай  ақ беріледі және қолма қол емес тәртіппен несие алушының қарыз  шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі,нақты мерзімі,әдістері несиелік келісім шартта қарастырылады. Егер несие алушы келісім шартта көрсетілген мерзімде несиелік борышын өтей алмайтын болса,банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

           Кәсіпорын банк мекемесінен несие  алған уақытында:

Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және т.б.шоттар

К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

          Ал бұл алынған несие қайтарылған  уақытта:

Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.

           Осы алынған несие үшін есептелген  пайыз сомасына:

Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

К-т: «Төленетін сыйақы» шоты

           Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген  уақытында:

Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.

Шетел валютасы түріндегі  несиелер есебі

          Еліміздің экономикалық жағдайын котеру үшін сырттан инвестийия тартып,әр түрлі дүние жүзінің ірі банктерінен де несие алынады.Соның ішінде есептелетін пайызы мен берілетін мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД БАЙ» несиесі б.т. Бұл қордың мүшелігіне енетін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына  айырбастауына,кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.

          Шетелдік банктерден немесе басқалардан  шетелдік валюта түрінде несие  алған ұйымның бухгалтериясында:

          Д-т:«Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,

         К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде жазылады.

         Ал ұйым бұл несиені қайтарған  уақытында:

         Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты

          К-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Банктен тыс мекемелерінің  несиелері есебі

Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес барлық кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшалардың қозғалысын еркін пайдалануға,яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы.Яғни өзінің бос тұрған ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорынға инвестиция ретінде салуға немесе несиеге беруіне болады. Сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек қана банк мекемелерінен ғана емес,басқа да заңды немесе жеке тұлғалардан несиеге,қарызға алуға болады.Ұйымдардың басқа кәсіпорындардан алған несиесчіне бухгалтерияда жазылатын екіжақты жазу банк мекемелерінен алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді:

          Ұйым банктен тыс мекемеден  несие алған уақытында:

          Д-т: «Ақшалар» шоты

          К-т: «Банктен тыс мекеменің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

          Ал бұл алынған несие қайтарылған  уақытта:

         Д-т: «Банктен тыс мекемесінің қарызы» шоты,

         К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.

       Осы  алынған несие үшін есептелген  пайыз сомасына:

        Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

        К-т: «Төленетін сыйақы» шоты

        Кәсіпорын  бұл міндеттемені төлеген уақытында:

        Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты

        К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.

Басқадай несиелік операциялар есебі

Коммерциялық банктер  іс жүзінде көбінесе несиені нақты  ақшалай емес,төлем қаржысы есебінде,яғни пайдаланатын вексель түрінде береді.Несие  алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен,тауарлармен  жабдықтайтын,сондай ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу  үшін пайдаланады.Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісім шартта қарастырылып белгіленеді.Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін.Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексель ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді.Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.

           Әрбір кәсіпорын өз қалауы  бойынша «Басқадай қарыздар»деп  аталатын шотта «Басқа да қ.м.несиелер»  және «Басқадай ұ.м.несиелер»деп  аталатын аралық шоттарын ашуларына  болады.Сонымен қатар бұл шоттарда  алынған несиелердің басқадай  түрлері де есептеледі.Кәсіпорынның  бухгалтерлік есебінде нақты  несиеге алынған ақшаларына:

          Д-т: «Ақшалар» шоты

          К-т: «Басқадай қарыздар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

          Ал бұл алынған қаржы бойынша  есеплелген пайыз сомасына:

         Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

         К-т: «Басқадай қарыздар» шоты  түрінде екі жақты жазу жазылады.

         Ал вексельдерді дисконттау бойынша  операцияларға:

         Д-т: «Басқадай қарыздар» шоты,

         К-т: «Алынған вексельдер» шоты  түрінде екі жақты жазу жазылады.

Кесте 1-Банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялардың  мазмұны

Д-т

К-т

1

2

3

4

1

Алынған банк несиелері кассаға  немесе есеп айырысу шотына келіп  түсті

1010

3010,4010

2

Жабдықтаушы мердігерлерге  банк несиесінің есебінен қойылған аккредитивтер

1060

3010,4010

3

Жабдықтаушы мердігерлерге  қарыз сома банк несиесінің есебіне  төленді

3310

3010,4010

4

Жабдықтаушы мердігерлерге  алдағы уақытта алынатын материалдық  қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610,2110

3010,4010

5

Көрсетілген қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы  ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610,2110

3010,4010

6

Есептелген салық бойынша  ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды

3110-3190

3010,4010

7

Вексельге алынған банк несиелері

1010

3010,4010

8

Кәсіпорынға банк мекемелерінен  алынған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан аударылды

3010,4010

1030

9

Банктен тыс мекемелерден алынған неселер

1010,1030

3020,4020

10

Банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебінен жабдықтаушы  мердігерлерге қарыз сома төленді

3310,3350

3020,4020

11

Банктен тыс алынған несиелер бойынша қарыз қарыз есеп айырысу  шотынан төленді

3020,4020

1030

Информация о работе Міндеттемелер аудиті