Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:15, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. "Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Кіріспе
Меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық негіздері
Капитал ұғымы мен түрлері
Меншік капиталын құрудың негізгі шарттары
Меншік капиталын есепке алудың негізгі міндеттері ақпараттық қамтылуы мен есептелігін жасақтау
Шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі
Шаруашылық қызметіне сипаттама
Ұйымдағы меншіктік капиталды есепке алу
Капитал қозғалысын тексеру бойынша қорытынды
Қорытынды
Қолданылған ақпараттар көздері
Негізгі құралдардың
сапалық (моральдық) тозуын
№16 «Негізгі құралдардың
есебі» бухгалтерлік есеп стандартына
(ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің
қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған
құнды тарату процесі. Баланстық
құн кез-келген жинақталған амортизация
және жинақталған залал
Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша-шыққан айдан кейінге айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Негізгі құралдардың амортизациясы есептеудің әр түрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалы дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
-құнын сандардың
жиынтығы бойынша (
Шаруашылық
субъектілерінде негізгі
Негізгі құралдарды
есептен шығарған кезде «
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал - сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.
Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі. Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.
Материалдық емес
активтері деп – белгілі
бір нақтылы табиғи пішіні
жоқ, ақша немесе зат
Кәсіпорын міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру. «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалы салық және басқа да міндетті төлемдерді салық заңнамасына сәйкес бекітілген рет бойынша мердігерлер есеп құралдарын мемлекет бюджетіне аударады. Салық бюджетін және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және төлену реті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес анықталған.
Бюджет алдындағы
мәліметтер туралы жағдайы 3100
«Салықтар бойынша
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалы бухгалтериясы тексеріс кезінде кредиторлармен акт құру жолымен алынған есептемені жүзеге асырады.
Кәсіпорын өз жұмысының тиімді және ырғақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету үшін, ол өзінің материалдық техникалық базасын жасайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қаралған, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізіледі. 3310 шотының кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шотфактурасы және дебеті бойынша есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Келіп түскен шот-фактураларда алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналында» тіркейді. Журналдың деректерін 3310 шот бойынша жүргізілетін есепке алу регистрлердің деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журналға жабдықтау бөлімі тауар-көліктік ілеспесі, кіріс ордерлері материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне арай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналға жазады, оны бухгалтерия үш кезеңде толтырылады.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Бұнда тіркеу нөмірі мен төлем-талап тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының аты, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады.
Екінші кезеңде, журналға қоймаға бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары негізінде жазу жазылады.
Үшінші кезеңде журналда
шот-фактураның төленуі
Айдың аяғында журналдың
жиынтығы есептеледі және
Мердігерлер мен жабдықтаушы есептемесін есепке алу үшін 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қарастырылған. 3310 шотының кредиті бойынша мердігерлер мен жабдықтаушылардың ТМҚ қойылған, жұмыстар мен қызмет көрсетулер атқарылған жағдайды, ал дебет бойынша – бұл жағдайлар төлем бойынша бейнеленеді. Кредиттік қалдық мердігерлер мен жабдықтаушылардың есеп кезеңі аяғында төленбеген қарыз сомасын көрсетеді.
Менің ойымша қаржылық қорытынды есеп өзінің барлық маңызды аспектілері бойынша 2009 жылғы 31 желтоқсанда «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал қаржылық жағдайының дұрыс әрі дәл бейнесін көрсетеді және Қазақстан Респуликасында қаржылық қорытынды есепті құрудың қабылданған методологиясының талаптарына сәйкес келеді.
2009жылдың 31 желтоқсанында:
• тәуелсіздік коэффициенті - 0,55 немесе жыл басымен салыстырғанда 0,15 пунктке жоғарлаған; қаржыландыру коэффициенті – 1,21 немесе жылдың басымен салыстырғанда 0,54 пунктке жоғарлаған жалпы өтімділік коэффициенті – 1,39 немесе 0,4 пунктке көтерілген; аралық өтімділік коэффициенті – 0,63 немесе 0,6 пунктке жоғарлаған. Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалы 2011 жылдың бас айының ішінде өзінің қаржылық жағдайын едәуір жақсарқан және оны салыстырмалы түрде өтімді (ликвидті) кәсіпорын деп есептеуге болады.
Бухгалтерлік баланстың
дұрыстығына аудиторлық
Қорытынды
Мен курстық жұмысымды қорыта келе, мынандай қортындыға тоқталдым.
"Капитал" ұғымы жеке
тұлғаның қолындағы қорды
Ал, меншіктік формасы жөнінен капитал: жекеменшік (дара, отбасылық), ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер, корпорациялар); мемлекеттік; аралас; шетелдік болып келеді. Кәсіпкерлік капиталдар экспорты негізінде басқа елдерде өздерінің өңдірістік филиалдарын құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді жойып, арзан жұмыс күшін шетел рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары жедел есті. Тікелей инвестицияның орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл елдерде АҚШ пен салыстырғанда екі еседен артық болды. Капитал ауысуы өрісінде бәсеке күрт күшейді. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің мағынасы артты.
Сөйтіп, өндірістік
капиталдарды жасау мен оның
өсімін қаржыландырудың
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — ұлттық
мұнай-газ саласында қазақ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті — Ұзақбай
Қарабалин.