Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:15, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. "Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Кіріспе
Меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық негіздері
Капитал ұғымы мен түрлері
Меншік капиталын құрудың негізгі шарттары
Меншік капиталын есепке алудың негізгі міндеттері ақпараттық қамтылуы мен есептелігін жасақтау
Шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі
Шаруашылық қызметіне сипаттама
Ұйымдағы меншіктік капиталды есепке алу
Капитал қозғалысын тексеру бойынша қорытынды
Қорытынды
Қолданылған ақпараттар көздері
Егер серiктестiктiң акциясы биржаларда саудаласса оған шығынмен пайдалы туралы ақпарда немесе ескертулердегi акцияға шаққандағы дивидендтер, жариялалған немесе ұсынған есептi мерзiмдерге сома әйгiленуi керек.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал шаруашылық субъектісінің қаржылық – шаруашылық қызметіне жүргізілген аудит қорытындысы
Төменде «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал субъектісінің қаржылық – шаруашылық қызметіне жүргізілген аудит қорытындысы ұсынылып отыр.
Мен, тәуелсіз аудитор Жұманов Кенесары (№0201 біліктілік куәлігім өзінің қызметін заңды тұлға құрмай – ақ жүзеге асырушы жеке кәсіпкер ретінде 2008 жылғы 10 қаңтарда Атырау қаласы салық комитетінің тіркелген, 2008 жылғы 29 тамызда берілген мемлекеттік лицензияның №0000068) 2007 жылғы 20 ақпандағы келісім шартқа сәйкес «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал жарғылық капиталының құралуына, сонымен бірге қаржылық жағдайына, төлей алу қабілетіне аудит жүргіздім.
Аудитке төмендегі қаржылық құжаттар тапсырылады:
• баланс;
• табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп;
Мен аудитті Халықаралық аудит стандартына сәйкес жүргіздім. Атырау қаласында орналасқан «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы «Салық Департаменті» 1997 жылы 16 маусымда алғаш рет тіркелген болатын, ал 1998 жылы 23 желтоқсанда тіркеуден қайта өткізілді №35489 – 2468.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал атқаратын барлық шаруашылық операциялары негізгі бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы құжаттармен рәсімделеді. «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал шаруашылық қызметінің деректерін рәсімдеу үшін, 27.10.2005 ж. №175 ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген бастапқы құжаттың жиынтық формалары және 1С-Бухгалтерия бағдарламасы қарастыратын алғашқы құжат формалары қолданылады.
Бухгалтерлік есеп регистрлері 1С бағдарламасымен көзделген «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиал бухгалтерлік есебі жүргізілетін форматта құрылады. Бухгалтерияға келіп түсетін бастапқы құжаттар формасы, мазмұны, арифметикасы бойынша міндетті тексеріске түседі.
Ақшалай, тауарлы-материалдық және басқалай құндылықтарды сақтау және жұмсау, заңға және тағайындалған тәртіпке қарама қайшы келетін операциялар бойынша құжаттар қабылданбайды, олар ӨФ-ның Бас бухгалтеріне шешім қабылдау үшін беріледі.
Бұрын кеткен жазба қателерін түзету үшін проводкаларды түзету бухгалтерлік анықтамасы беріледі. Бухгалтерлік анықтамаға оны жасаған орындаушының және бас бухгалтердің қолы қойылуы керек.
Белгілі бір құжаттарды сақтау үшін әрбір есепті ай және кварталға іс қағазы құрылады. Бухгалтерлік мұрағатта сақтау жауапкершілігі және мұрағат кітапшасына енгізіп отыру бухгалтерге жүктеледі.
Қоғам активтердің, меншікті капиталдың, міндеттемелер мен соның жүзеге асырып отырған шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңына, ҚЕҰС, ҚЕҰС-ны түсіндірмелеу жөніндегі тұрақты комитетімен жарияланған ҚЕҰС-ларды қолдану жөніндегі түсіндірмелерге, осы Есептік саясатқа және Стандарттардың ішкі түсіндірмелеріне, Қоғамның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі өзге нұсқаулықтары мен бұйрықтарына негізделумен жүргізіп отырады.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалы ақша қаражатының қозғалысы туралы есептіліктің тікелей әдісін қолданады.
Жанама әдіс
- бұл әдісте таза табыс немесе
зиян өзгерген ағымдағы
Қысқа мерзімді активтер есебі. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау, мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс.
Кассадағы операциялар есебі 1000 – «Кассадағы қолма–қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 – «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты» және
1020 – Кассадағы валютамен
ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі,
«Кассадағы теңгемен ақша қаражаты»
есебі Қазақстан
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 – «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебиттелініп, мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:
1040 – «Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша
6010 – «Өнімдерді сатудан
және қызмет көрсетуден алынатын
табыс», 6280 - «Басқа
да кірістер» шоттары
Кассадан ақша берілген
кезде 1010–шоты
«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі. Валюта түскен кезде 1020 шоты дебиттелінеді де және төмендегі шоттар кредиттелінеді:
1050 – «Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма қол ақша» шоты – валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасы;
1050 –
«Ел ішіндегі валюталық
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалындағы кассалық операциялардың есебі 1010- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша",1020- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" шоттарында жүргізіледі.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалындағы кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшаның есебі ҚР-ның Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл есеп «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс касса ордерімен жабдықталады. Кассаға ақша тапсырған жеке және заңды тұлғаға бас бухгалтермен кассирдің қолы қойылған ақшаны қабылдаған туралы ордердің қиынды бөлігі түбіртегі беріледі.
Кассадан ақша беру шығыс касса ордерiмен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған төлем тізімдемесі мен ақша беруге жазылған өтінішпен т.б. құжаттармен жабдықталады. Оның атауы мен нөмiрін, оны кім және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Кассадан жалақы берген жағдайда төлем тізімдемесі толтырылады. Сонымен қатар бұл құжат арқылы жәрдем ақы, сыйақы беріледі. Касса ордерлерін көшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетулерге жол берілмейді. Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі. Онда кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшаның мақсаты көрсетіледі.
Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында жүргізеді. Ол нөмiрленуге, тігілуге тиісті. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттарының нөмiрі, корреспонденцияланған шоттар, операция сомасы көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир кітапта жиынтықтарды санайды, күн аяғындағы қалдықты шығарады. Содан кейін оны тексеріп, қол қояды және касса құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырады.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалында касса операцияларына төмендегідей бухгалтерлік проводкалар беріледі:
1. Дт 1010- Кт 1040- кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
2. Дт 1010- Кт 1250- қызметкерлер есебіндегі сомалар, жалақы жетіспейтін сомалар, т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздарға;
3. Дт 1010- Кт 6010- материалдар, жұмысшылар, қызметкерлер үшін нақты ақшамен есеп айырысқан кезде;
4. Дт 3350- Кт 1010- кассадан қызметкерлерге жалақы берілгенде;
5. Дт 1040- Кт 1010- есеп айырысу шотына өткізілген сомаға.
Банк есеп шоты банк пен шот иесі арасындағы депозиттерінің қабылдауы бойынша келісімдік қатынастарды және шот иесіне өз ақшасын кедергісіз жұмсауға, ақша сомаларының шот иесіне қабылдауға және одан шығаруға байланысты банк операцияларын жүзеге асырады.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалның бухгалтерлік есебі Типтік жоспарға сәйкес, 1030 шотының дебеті құралдардың есептеме шотына келіп түсуі жүзеге асады, ал есептен шығару кредит бойынша 1030 шоты бойынша кредиттік айналымдар №2 журнал-ордерге жазылады, ал дебет бойынша айналымдар әр түрлі журнал ордерде бейнеленеді.
Есептеме шоты бойынша, есеп операциясын жүргізуге ең негізгі құжаттардың бірі банктік жазба болып табылады. «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалының бұндай жазбаларды кезеңдік түрде алып отырады. Жазбаларға есептеме шотына есептен шығару және қайта есептеу құралдарының негізінде жүргізілетін, өзге кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған құжаттар жатады.
«Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалының қысқа мерзімді активтері мыналардан тұрады:
- тауарлы-материалдық қорлар;
- ақша құралдары;
- дебиторлық берешек;
- қысқа мерзімді қаржылық салым.
Тауарлы-материалдық қорларға өндіріс процесінде қажетті жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек заты жатқызылады.
Ұзақ мерзімді активтер есебі. Негізгі құралдар дегеніміз – өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар- бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдық активтер.
Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер
(ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер
және жермен байланысты
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар және т.б.
Негізгі құралдар
көптеген құралдар бойына
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді:
1. өндірістік
2. өндірістік емес.
Өндірістік бұл – өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалданған - жалдау
шарты бойынша онда
Пайдалану сипатына
қарай негізгі құралдар
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.
Қолданылмаған (тоқталған)
- консерватцияға немесе басқа
себептерге байланысты
Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.
Негізгі құралдардың
тозу есебi және амортизацияны
есептеу әдісі. Негізгі
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.