Меншілті капитал аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:15, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. "Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.

Содержание

Кіріспе
Меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық негіздері
Капитал ұғымы мен түрлері
Меншік капиталын құрудың негізгі шарттары
Меншік капиталын есепке алудың негізгі міндеттері ақпараттық қамтылуы мен есептелігін жасақтау
Шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі
Шаруашылық қызметіне сипаттама
Ұйымдағы меншіктік капиталды есепке алу
Капитал қозғалысын тексеру бойынша қорытынды
Қорытынды
Қолданылған ақпараттар көздері

Работа содержит 1 файл

audit.malikkyzy marzhan.docx

— 106.72 Кб (Скачать)

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі  негізгі өнтрістік капиталдарды — негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі  олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.

Кәсіпорындарда  өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс  процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика  жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс  істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен  еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану  жөне қайта қалпына келтіруді  жүзеге асыратын арнаулы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың  өндірістік капиталдарының (негізгі  айналым капиталдарының) ауыспалы айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натураддық-заттық элементтерін —  еңбек құралдары мен еңбек  заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы  ресурстарын авансылау жолымен  жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек  заттарынан тұратын, құн нысанында  көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары  болып табылады. Негізгі және айналым  өндірістік капиталдарының толық айналымының  сипаты ажыратылады.

Негізгі құрал-жабдықтар  — қызмет көрсету мерзімі бір  жылдан астам материаддық активтер. Коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындарға негізгі құрал-жабдықтардың түсуінің негізгі әдістері:

ұзақ мерзімді инвестициялар жолымен негізгі  капиталдарды сатып алу;

жарғылық (акционерлік) капиталға салым есебіне акционерлік  қоғамдардың құрылтайшыларының  берген объектілері;

мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан алынған  негізгі құрал-жабдықтардың объектілерін қайтарусыз алу.

Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс  активтердің жаңа түрлерінің бірі —  материалдық емес активтер. Материалдық  емес активтер — жылдық жиынтық  табыс алу үшін үзақ мерзімді (бір  жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер.

Кәсіпкерлік қызметте ұзақ уақыт мерзім пайдаланылатын заңды  тұлғалар (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса) мен жеке тұлғалардың  материалдық емес объектілеріне  сатып алынған патенттер, лицензиялар, сауда маркалары мен тауар  таңбалары, өндірістік ақпараттар, жерді  және табиғат ресурстарын пайдалану  жөніндегі басқа құқықтар, "ноу-хау", "фирма бағасы" және т.б. жұмсалатын шығындар жатады. Негізгі құрал-жабдықтармен, ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымдарымен  және айналымнан тыс басқа активтермен  қатар материалдық емес активтер баланс активінің 1 бөлімінде есепке алынады. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында паңца болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.

Кәсіпорынның  меншікті және ұзақ мерзімді қарыз  қаражаттары материалдық емес активтерді сатып алу және қайтарусыз алу  оларды қаржыландырудың көздері  болып табылады.

Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық  емес активтер тіркелген активтерді құрайды. (Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс  процесінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің қүнын біртіндеп, бөліп-бөліп  тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация  нормасы, ал бұл үлестің ақшалай  көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.[6]

Өндірістік айналым  капиталдары деп заттық мазмұны  жағынан еңбек заттарын, сондай-ақ құны аз жөне тез тозатын заттардың  құрамында есепке алынатын еңбек  құралын айтады. Өндірістік айналым  капиталдары өндіріс сферасына  қызмет етеді жәңе өндірістік цикл процесінде бастапқы нысанын өзгерте  отырып, өзінің құнын дайын өнімнің  құнына көшіреді.

Айналыс капиталдары  өндіріс процесіне тікелей қатыспасада  өңдіріс пен айналыс процесінің бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың іс-әрекетінің сипаты мен  сферасы оларды дербес "айналыс  капиталдары" ұғымына бөліп керсетуге  алғышарттар жасайды.

Өндірістік айналым  капиталдары мен айналыс капиталдары  үнемі қозғалыста бола отырып, қаражаттардың  үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге авансыланған құн  нысандарының тұрақты және заңды  ауысымы болып отырады: ол ақша нысанынан  тауар нысанына, сонан соң өндірістік және қайтадан тауар және ақша нысандарына  айналады. Сөйтіп, қажетті өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндіріс  дайындамасын, дайын өнімді және оны  өткізудің шарттарын жасайтын өндірістік айналым капиталдары мен айналыс  капиталдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен қаражаттарды авансылаудың объективті қажеттігі пайда болады.

Өндірістік айналым  капиталдары мен айналыс капиталдары  қозғалысының біркелкі сипаты оларды бірыңғай ұғымға — айналым қаражаттарына  біріктіруге мүмкіндік береді.

Айналым қаражаттары  — бұл өндірістік және өнімді өткізудің  үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатымен өңдірістік айналым капиталдары  мен айналыс капиталдарын жасау  және пайдалануға авансыланған ақшажиынтығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің  айналым қаражаттарын қалыптастырудың  көздері мыналар болып табылады: табыс (пайда), тұрақты ең аз кредиторлық  берешек, банктік және коммерциялық кредит.

Инфляциялық процестер, қысқа мерзімді кредиттерді пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің жоғары деңгейі айналым қаражаттарын қалыптастыруда меншікті көздердің  рөлін күшейтіп отыр. Кредиттердің ең көп бөлігі сауда-делдалдық қызметпен айналысатын ұйымдарға, екі еседен азы өнеркәсіп өңдірісімен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға беріледі.

Коммерциялық  кредит вексель жүзінде жасалады. Вексель — бұл айналым қаражаттарын молықтырудың нагыз көзі, анағұрлым арзан кредит.

Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтердің ауыспалы айналымы мыналарды қамтиды:

негізгі капиталдар мен материалдық емес активтердің тозығы;

амортизацияны есептеу;

толық қалпына  келтірудің қаражаттарын қордалау;

нақтылы (тура) инвестициялар  мен материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестицияларды қаржыландыру жолымен ауыстыру.

Айналым қаражаттарына авансыланған ақшалай шығындардың орнын толтыру (өтеу) өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және кәсіпорынның шотына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, бұл келесі ауыспалы айналым үшін еңбек заттарының кезекті тиісті мөлшерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Өндірістік капиталдардың ауыспалы айналымының жоғарыда баяндалған процестері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға сипатты болып келеді.

Негізгі капиталдар мен материалдық емес активтердің  жән және ұдайы жаңғыртылу процесі  ұзақ мерзімді инвестициялардың көмегімен  жүзеге асырылады. Сонымен бірге  жәй ұдайы өндіріс құрылысты  және негізі капиталдар мен материалдық  емес активтерді қолданыстағы негізгі  капиталдар мен материаддық емес активтер бойынша тозықтың есептелген сомасына сәйкес мөлшерде жасау мен  сатып алуды білдіреді.

Ұлғаймалы ұдайы  өндіріс негізі капиталдар мен материалдық  емес активтерді олардың тозығының  есептелген сомасынан асатын көлемде  жаңартуды қажет етеді.

Ұзақ мерзімді инвестициялардың мүмкін болатын көздеріне  мыналарды жатқызуға болады:

шаруашылық жүргізуші  субъектінің меншікті қаражаттары;

республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;

шетелдік инвесторлардың қаражаттары;

банктердің кредиттері.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің меншікті қаражаттарына  құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортазациялық аударымдар және таза пайда жатады.

Алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрған кезде өндірістік капиталдарды, материалдық  емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі жаргылық капитал  болып табылады. Оның каражаттары  есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар  жасалады. Жарғылық капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста қамтылып көрсетіледі  және кәсіпорынның, фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы критерийі қызметін атқарады.

Кейінгі негізгі  капиталдарды сатып алуға шаруашылық қызмет нәтижесінде кәсіпорында  пайда болған қорланымдар пайдаланылады. Оларға ең алдымен өнім өткізуден  алынатын түсім-ақша құрамындағы амортизациялық аударымдар мен табыс (пайда) жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары  мен орталықтандырылған бюджеттен  тыс ресурстар, ал мемлекеттік емес көсіпорындарда акционерлік капитал  атқарады. Өндіріс базасын одан әрі  дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Тартылған қаржылық қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің, заңды  және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.

Қарыз қаражаттарына  коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелерді, негізгі капиталдарды қаржы  лизингі негізінде сатып алу  және инвестициялық салық кредиті  жатады.

Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына  топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара сатығы нақтылы рыноктегі кәсіпорынның қаржылық орнықтығының дәрежесін анықтайды.

Өндірістік капиталдардың  қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын  өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген  қызметтер) нысанында көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі

 

 

2.1 Шаруашылық қызметіне сипаттама

 

 

1991 жылдың соңында, республиканың  мемлекеттік басқару жүйесінің  жалпы өзгерістерімен бірге, Қазақстанның  энергетикалық секторы өзгерістерге  ұшырады. Сала Қазақстан Республикасының  энергетика және электрлендіру  министрлігі мен ҚР геология  мен жер қойнауын қорғау Мемлекеттік  комитетіне көшті.

1992 жылы Қазақстан, Ресей  және Оман Каспий құбыр консорциумын  құрды, оның мақсаты Новоросийскідегі  қара теңіз портына Теңіз кен  орнынан мұнайды тасымалдау сызығын  салу және жабдықтау болды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы мен «Аджип» (Италия) және «Бритиш  Газ» (Ұлыбритания) компаниялары арасында Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты  кен орнын өңдеу туралы келісім  шартқа қол қойылды.

1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш  Республикамызда мұнай-газ саласындағы  кәсіпорынмен бірлесе – Қазақстан-Түрік  «ҚазақТүрікМұнай» кәсіпорны құрылды.

1993 жылы наурызда, Қазақстан  секторындағы Каспий теңізіне  барлау өткізу қажеттілігімен, Қазақстан  үкіметі қаулысымен «ҚазақстанКаспийШельф»  компаниясы іске қосылды.

1993 жылдың 6-сәуірінде «ғасыр  келісім шарты» жасалынды. Қазақстан  Республикасы үкіметі мен Американың  «Шеврон» компаниясының ұзақ  мерзімді (40 жыл) келісім шарт  осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында  Қазақстан Каспий шельфінде геологиялық  барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада оператор ретінде  өздерін көрсететін жеті шетел  компанияларынан («Аджип», «Бритиш  Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Тоталь», «Шелл» ) және  «Қазақстан-КаспийШельф» құралған. Халықаралық консорциум жасау  туралы келісімге, мұнай саласы  аймақтарына үш жыл қатарынан  геологиялық зерттеулер туралы  келісімге де қол қойылды.

1993 жылы республикада  Германия қаржысының үлесімен  ең үлкен компания – Қазақстан-Герман  кәсіпорны «ҚазГерМұнай» құрылды.

1994 жылдың 13 маусымында Қазақстан  Республикасы Президентінің қаулысы  бойынша , Қазақстан Республикасы  Энергетика және жанармай ресурсы  министрлігінен, Қазақстан Республикасы  Энергетика және көмір өнеркәсіп  министрлігіне және мұнай және  газ өнеркәсіп министрлігіне  болып бөлінді. 1994 жылы шілдеде  Қазақстан Каспийдің қорларын  өңдеу туралы әлемдік деңгейде  жоба ұсынды, ол жобада Каспий  табиғи қорларын игеру және  өндеу туралы сұрақтар бойынша  өздерінің принципиалдық көзқарастарын  білдірді. 1994 жылдың аяғында ең маңызды шешімдер бойынша, Республика үкіметі, Қазақстанда мұнай-газ кешені бағдарламасын қабылдады: 1. Өңдеу қуаттылығын нығайту; 2. мұнай өніміндегі ішкі қажеттеліктерді толық қамтамысыз ету; 3. Мұнай экспортын өсіру.

Информация о работе Меншілті капитал аудиті