Капиталдың жеке акт ретінде
емес, ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс
процесі капитал айналымы деп
аталады.
А — Т...Ө...Т'- А'- Т' (өндіріс
факторлары).... — Ө....Т" — А"
Капиталды мынадай белгілері
бойынша топтастыруға болады:
• бар болу формасы
бойынша;
• құнын ауыстыру
тәсілі бойынша;
• меншіктік капитал
формасы бойынша;
• қаржыландыру кездері
бойынша;
• пайдалану бағыттары
бойынша.
Кәсіпорын қызметінің жөне
елдің толайым барлық экономикасының
тиімділігін жүзеге асыру үшін объективті
түрде негізгі екі принципті
ұстау қажет:
1. Кәсіпорын капиталы
бір мезгілде үш түрлі: ақша,
өндіруші және тауар формасында
болуға тиіс.
2. Егер капитал формасының
ауысуы үзіліссіз жүріп тұрса,
кәсіпорын сондай жағдайда ғана
табысты жұмыс істейді. А —
Т... Ө...Г.
Егер капитал бірінші
фазасында кідіріп қалса (А —
Т), онда ақша капиталы қазынаға айналады.
Өндірістік фазада кідіріс болса, өндіріс
құралдары мен жұмысшы күші істен
шығады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржылық жағдайлары республика экономикасындағы
өзара есеп айырысулардың ретсіздігінен
қиындай түседі.
1998 жылғы желтоқсан айының
соңындағы жағдай бойынша көсіпорындардың
мерзімі асқан дсбиторлық қарыздары
359, 4 млрд. теңгеден асып, жыл басындағыдан
36,5 пайызға көбейген.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
міндеттемелері бойынша мерзімі өткен
қарызға келетін болсақ, ол 64,9 пайызға
өсіп, 1998 ж. желтоқсан соңына 611,3 млрд. теңгені
құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
міндеттемелері бойынша мерзімі
асып кеткен қарыз құрылымында ең
көп мерзімі асқан қарыз үлесі
тауар, жұмыс, қызметтер (45,2%) жөне бюджетке,
сондай-ақ бюджеттен тыс қорға
төлем бойынша екен.
Атап айту керек, көсіпорындардың
қаржы жағдайларының нашарлаулары,
олардың төлем қабілетсіздіктері
көп жағдайда экономикада ақша массасының
тапшылығына ұрындыратын қатаң
жүргізілген ақша-несие саясатына
байланысты.
ҚР Ұлттық банкісі бойынша
табыс 4227,6 млн. теңге және екінші деңгейдегі
банктер бойынша шығындардан
асып түскен табыс 3939,4 млн. теңге құрады.
Егер үшінші фазада үзіліс
болса, онда тауарлар таратылмайды, сөйтіп
айналым процесі жаңаланбай қалады.
Өндірілген капитал оның
құнын ауыстыру тәсілі және сол қозғалыстың
әрекеті бойынша негізгі және
айналымды болып болінеді.
Негізгі капиталға (негізгі
шаруашылық құралдарына): ғимарат, салынып
жатқан күрылыс, жұмысшы машиналар
мен жабдықтар, инвентарь, көлік
құралдары жәнс т.б. жатады. Негізгі
құралдар шаруашылық құралдарының бір
ғана емес, бірнеше айналыстарына
қатысады. Аталған көрнекті активтерден
тыс: патенттер, лицензиялар, авторлық
құқық, ноу-хау және т.б. сол секілді
сезілмейтін активтер де есепте көрініс
табады.
Күшіндегі есепке алу төртібіне
сәйкес негізгі капиталға жатпайтын
және айналым құралдарының құрамында
есепке алынбайтындар: бір данасының
қанша тұратындығына қарамастан
бір жылдан кем тұтынылған заттар,
құндылықтары олардың қызмет мерзіміне
қарамастан, тиісті органдармен белгіленген
белгілі бір лимиттен төмен заттар,
бағаларына қарамастан арнаулы құралдар
мен аспаптар; бағаларына жөне қызмет
мерзімдеріне қарамастан арнайы киімдер
мен аяқ киімдер, төсек-орын бұйымдары,
құрылысқа, жөндеу мақсаттарына және жабдықтауға
арналған айналымдық қорларды жекеленген
құрылыс конструкциялары мен
тетіктері, машиналардың, құралдардың
және жылжымалы техникалардың бөлшектері
мен агрегаттары; кәсіпорын-дайындаушылардың,
жабдықтау және тарату ұйымдарының
қоймаларындағы дайын бұйымдар секілді
саналатын жабдықтар мен машиналар,
сондай-ақ монтаждауды талап ететін
жөне курделі құрылыс балансында
саналатын жабдықтар; құнына және қызмет
мерзіміне қарамастан балық аулау
құралдары (тралдар, ау, тор, жабдық және
басқалар); бензомоторлы ара, бұтақкескіш
және сал ағызатын трос, сондай-ақ иелікке
алынған немесе магистрал өнімінің (жұмысының)
өзіндік құны есебінен салынған ағаш таситын
жол тармақтары, маусымдық жолдар, ормандардағы
уақытша ғимараттар.[3]
1.2 Меншік
капиталын құрудың негізгі шарттары
Кәсіпкерлік капиталдар
экспорты негізінде басқа елдерде
өздерінің өңдірістік филиалдарын
құру арқылы жоғары дамыған елдердің
концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға
көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді
жойып, арзан жұмыс күшін шетел
рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың
ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты
елдердің шетелдік капитал қорлары
жедел есті. Тікелей инвестицияның
орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл
елдерде АҚШ пен салыстырғанда
екі еседен артық болды. Капитал
ауысуы өрісінде бәсеке күрт күшейді.
Қолайлы инвестициялық ахуал
жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің
мағынасы артты. Егер XX гасырдың бірінші
жартысында монополиялардың экономикалық
экспансиялық жасау объектісі негізінен
отар және тәуелді елдер болса, қазір
тікелей шетелдік инвестицияның 70—75%
өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
үлесіне тиеді. Бұған қоса өнеркәсібі
дамыған елдердің үлкен қаржылық
қорлары, көлемді ішкі рыноктары
бар. Дамыған елдер арасындағы капитал
қозғалысы олардың арасындағы шаруашылық
қатынастарын тереңдетіп, ұлтаралық
сипаты жоғарылатады. Өнеркәсібі дамыған
елдер арасындағы капиталдың ауысуы
бірнеше дәрежеде жүреді. Қазіргі
заманғы өнеркәсібі бар негізгі
орталықтар АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония
елдерінің монополиялары капиталды
сыртқа шығаруда әр түрлі әдістерді
қолданады. Мысалы, трансферттік бағалар
механизмін пайдалану арқылы немесе
өздерінің капиталдарын апарған
елдерде аса ірі реинвестицияларды
жүзеге асыру мен заемдар беру
әдістерін қолданады. Капитал ауысуы
басталған кезден 70-жылдардың соңына
дейін инвестиция қозғалысының орталығы
Батыс Еуропа елдері болды. Капиталдардың
шоғырлануы Еуропалық экономикалық
қоғамдастыққа қатысушы елдер қаржыларының
өзара ауысуы арқылы, үшінші елдер
ка-питалдарының еркін келуі арқылы
(бұрын АҚШ есебінен еді, қазір
Жапония есебінен) жүргізілді. 70-жылдардың
соңында Батыс Еуропа елдеріндегі
шетел капиталының бұл елдердің
АҚШ-қа капиталды экспорттауды біртіндеп
көбейтуі есебінен қысқара бастады.
80-жылдары АҚШ-тың ұлттық экономикасы
келтірілген шетел капиталы көлемі
жағынан дүниежүзінде бірінші орын
алды.[4]
Қазіргі уақытта
дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер
арасындағы капитал қозғалысында елеулі
өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық
мемлекеттерден капитал шығару, бір
жағынан, олардың экономикасының дамуына
мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі
дамыған елдер жас ұлттық капиталдың
өз елдеріне келуіне кедергі жасайды,
сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен
шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан,
көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы
үшін дамыған елдердің капиталын
тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары
деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды
елдер алдыңғы қатарды технология
мен тікелей жеке меншік капиталды
инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.
Соңғы он жылдықтарда өндірісті
интернационализациялау, қоғамдастырудың
халықаралық түрлерінің көбеюі капиталдың
трансұлттық, монополиялық нысандарының
дамуына әкеп соқты. Мұның өзі
ендігі уақытта дүниежүзілік шаруашылықтағы
басты рөлдерді интернационалдық сипаттағы
өнеркәсіптік және банктік монополиялар
атқарады деген сөз. Дүниежүзілік және
ұлттық рыноктардағы олардың монополиялық
ерекшеліктері анықталады. Қазіргі
кездегі халықаралық монополия
дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың
бір немесе бірнеше сферасында үстемдік
жүргізуші концерн немесе бірқатар
елдердің концерндері одақтарының
жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік
рынокта айналымы 1 млрд. доллардан
асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар
өз қызметтерін атқарады. Олар дүниежүзілік
рыноктағы өнеркәсіп өндірісінің
1/3-нен артығы, сыртқы сауданың жартысынан
астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.
Халықаралық монополиялар
үш топқа бөлінеді. Олар трансұлттық
көпұлттық корпорациялар және халықаралық
монополиялық одақтар. Ғылыми әдебиеттерде
және практикада оларды көбінесе бірыңғай
трансұлттық корпорациялар деп
атайды. Трансұлттық корпорациялар
(ТҰК) қазіргі кездегі дүниежүзілік
шаруашылық байланыстарының негізгі
субъектілері болып есептеледі. Бұл
ірі компаниялар акционерлік
компаниялардың ядросы. ТҰК — көптеген
елдерде әрекет етеді, сол елдерде
туынды кәсіпорындары (дочерние предприятие)
филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын,
бөлімшелерін жасайды. Мысалы, "Дженерал
мотерс", "Экссон", "ИБМ", "Симменс",
"Филипс" және т. б. Екі немесе бірнеше
елдерде туынды компаниялары бар
корпорациялардың саны П мыңнан асады.[5]
Көп ұлтты корпорациялар
(КҰК) қызмет көрсету түрлері, көлемі
жағынан ғана емес, сонымен қатар
капиталы және оны бақылау ерекшелігімен
айқындалатын халықаралық монополиялар.
Олардың қатарында екі немесе
одан да көп елдердің меншігіне негізделген
"Роел-датч-Шел", "Юнилевр", "АРБЕД"
және т. б. сияқты көп ұлттық корпорациялар
жатады.
Халықаралық монополиялық
одақтар (картелдер, консорциумдар, пулдер)
өңдірістік, ғылыми-техникалық және коммерциялық
негізде құрылып, соған сәйкес өнеркәсіптік,
банктік және т. б. концерндер бірлестігі
болып табылады. Соңғы жылдары
трансұлттық корпорациялардың жаңа
ны-сандары қалыптасу үстінде. Ортақ
меншікке және акционерлік емес бастамаларға
негізделген халықаралық монополиялардың
басқа да түрлері бар. Мысалы ғылыми-зерттеу
бағдарламаларын, лицензиялар мен патенттер
сатуға келісім-шарттар жасайтын халықаралық
ұйымдар.
Халықаралық монополиялар
дамуының ерекшеліктеріне олардың
ішкі фирмалық қатынастарының күшеюі
мен күрделенуі, яғни ТҰК-тың өз ішіндегі
халықаралық рыноктық қатынастардың
интернационалдануы жатады. Кейбір елдердегі
сыртқы сауданың бір бөлігі монополиялық
бірлестіктердің жекелеген бөлімдері
арасында ішкі корпорациялық айырбас
сипатын алады. Мұның өзі оларды
белгілі бір дәрежеде дүниежүзілік
рыноктағы халықаралық қатаң
бәсекеден қорғайды және тауар айналымын
едәуір көлемге жеткізеді. ТҰК-тар
бүкіл дүниежүзілік сауда құрылымын
өзгертеді. Бірыңғай стандарттарды
қолдана отырып, халықаралық монополиялар
өздері әрекет ететін елдердегі филиалдарының
тауарлар импорттауы кезінде тарифтік
кедергілердің әсерін кемітуге тырысады.
Олар көп жағдайларда бұрынғы
әкелінген және қолданылған материалдарға
салық төлеуден босатылады. ТҰК-тардың
дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі күшейген
сайын халықаралық сауданың басым
бөлігі ірі корпорациялардың стратегиялық
мақсаттарына бағынып, халықаралық
монополиялық құрылымдардың бір
бөлігіне айналады. Бұл құрылымдар
өнімді өңдіру, өткізу және қайта бөлу
процестерін өз бақылауында ұстайды.
Мұның өзі ұлттық сыртқы сауда
мүдделері мен ТҮК мүдделері
арасындағы қарама-қайшылықтардың өршуіне
әкеледі.
1.3 Меншік
капиталын есепке алудың негізгі міндеттері,
акпараттық қамтылуы мен есептілігін
жасақтау
Меншік капиталы
міндеттері. Өндірістің айналым қорлары
мен айналу қорларына салынған ақшалай
қаржы. Айналым капиталы шамалы тұрақты
қор жасауға, дайын өнімдер қалдықтарына,
аяқталған өндірістің қажеттен тыс
жиналып калған шикізаттарына, алғы
кезеңдегі болатын шығындарға бөлінеді.
Оның сомасы көсіпорынның (фирмалар, ұйымдар)
жарғылық қорында бекітіледі; оны
олар өз қалауларынша қалай жұмсаса
да сатуға, айырбастауға, қарызға беруге,
егер олар ескірсе немесе жарамсызданса,
баланстан шығарып тастауға да билік
ете алады. Теңестірілгендерге, ең алдымен,
тұрақты түрде шаруашылық айналымда
пайдаланылатын қаржы жатады. Ол жұмысшылар
мен қызметкерлердің жалақылары
бойынша ең аз қарызды, кәсіпорын
жұмыскерлерінің демалыс айларына
төлеу үшін жинақталған әлеуметтік
қажеттіліктер мен алдағы төлем
резервтеріне ақша аудару жөні бойынша
жиналған қарызды, еңбек сіңірген жылдарына
сыйақы төлеу, фактураланбаған өнімдер
жеткізушілерге қарызды және басқаларды
қамтыйды. Қарыздық қаражат маусымдық
корларды жасаудың және басқадай
уақытша қажеттіліктерді қанағаттандырудың
бастау көзі. Негізінен банк несиесі
формасында қосымша ресурстарға деген
қажеттіліктерді жабу үшін (мысалы, жол
үстінде есеп айырысу құжаттарына қарыз
беру жоне сол сияқты) беріледі. Тартылған
айналым капиталына өнім жеткізушілермен,
бюджетпен жоне басқа қарызгерлермен
есеп айырысуға дейінгі кәсіпорын айналамындағы
уақытша еркін қаржылар жатады.
Айналым капиталы,
әдетте, өңдіріс процесі кезінде өзінің
натуралды-заттық формасын өзгертеді,
өрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын
дайын өнімге көшіріп және оны толық қолданады.
Оған: шикізат, материалдар, жанармай және
басқа да материалдық құндылықтар, аяқталмаған
өндіріс және өздері дайындаған жартылай
фабрикаттар шығындары (келесі кезеңде
жабуға болатын, осы есеп беру кезеңіндегі
шығын), құндылығы аз және тез тозатын
заттар (мысалы, белгіленген лимиттен
асып кетпейтін қызмет көрсету мерзімдері
мен құны шектеулі мүліктер) және басқалар
жатады.
Меншіктік формасы
жөнінен капитал: жекеменшік (дара, отбасылық),
ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер,
корпорациялар); мемлекеттік; аралас; шетелдік
болып келеді.
Қалыптасу бастау
көздері бойынша: өзінікі және қарызға
алған капиталдардан тұрады.
Өз капиталы дегеніміз
- кәсіпорынның меншік иесі (немесе меншік
иелері) сөзсіз және айырықша меншік иесі
болып табылатын капитал. Өз капиталына
жарғылық қорды (акционерлік капитал)
яғни меншік иелерінің, акционерлердің
алғашқы жөне онан кейінгі қаржыларын
салуларын және пайда есебінен капиталды
қосымша өсірулерін жатқызуға болады.
Қарыздық капитал
дегеніміз - кәсіпорын белгілі уақытқа
дейін иемденіп, келісімді уақыт
біткеннен кейін уақытша иемденгені
үшін төлемімен қайтарылатын капитал.
Қарыздық капиталдың
құрамына банктен алынған капиталдан
басқа құнды қағаз шығару арқылы
(акциядан басқа) тартылған, кәсіпорын
жалға алған машиналар, жабдықтар,
ғимараттар секілді капиталдар да кіреді.
Пайдалану бағытына
қарап капитал мына бағыттар бойынша
жіктелінеді:
• негізгі
қорларды күрделі жөндеу, қалпына
келтіру, қайта құру;
• жаңа кәсіпорындарды
салу, істеп тұрғандарын кеңейту.
Өндірісті кеңейтуді қаржыландыру
үшін бөлінетін қаражаттар мөлшері
мына факторларға байланысты:
• салық салу.
Салық мөлшері бөлінбейтін пайданың
мөлшеріне тікелей ықпал етеді;
• амортизациялық
аударым мөлшеріне;
• банк қарызы
рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне;
• құнды қағаз
рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне.