Материалдық емес активтердің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.
1.1 Материалды емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі ....................................................................................................................7
1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30

2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34
2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40
2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48

3 Бөлім. Материалды емес активтердің аудиті.
3.1 Материалды емес активтер операциясының аудиторлық қызметі.......53
3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60
3.3 Материалды емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..66


Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс ЖАНДОС.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Акционерлік қоғам мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Акционелік қоғам қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда өз қытысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Акционерлік қоғамның   қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және акционерлік қоғамның  қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.

Акционерлік қоғам қызмет түрлерінің мақсатын жүзеге асыру жолдары:

- экономиканың және хаықтың багажды, жүк багажды, жүктерді, почталық жөнелтілімдерді темір жол көлігімен тасымалдаудағы қажеттіліктерін толассыз және қамтамасыз ету.

- поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасмалданатын багаждың, жүк багаждың, жүктердің, почталық жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз ету.

- сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету.

- темір жол көлігін жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, құпия және қызметтік мәліметтерді жария болудан қорғау жөнінде кешенді шаралар жүргізу болып табылады.

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін салуды, күтіп ұстауды және жетілдіруді жүзеге асыру.

- магистральды темір жол желісі қызметтерін көрсету.

- жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың тасымалдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың тағайындалу пунктеріне уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету.

- маркетингтік қызмет.

- көліктің әр түрін қатыстыра отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру.

- Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен келісе отырып, темір жол транзиттік көлік дәліздерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу.

- сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасуды дамыту.

- өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді экспорттау (импорттау).

- ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалатын техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, құрастыруды, реттеуді, қолдануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғандағы, Қазақстан Респубикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет.

- қоғам қызметі туралы материалдарды әзірлеу және жинақтап қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару.

- темір жол көлігі саласында ақпараттық қызметтер көрсету.

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер.

- лицензия немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша алы


Информация о работе Материалдық емес активтердің есебі