Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:47, дипломная работа
Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.
1.1 Материалды емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі ....................................................................................................................7
1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30
2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34
2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40
2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48
3 Бөлім. Материалды емес активтердің аудиті.
3.1 Материалды емес активтер операциясының аудиторлық қызметі.......53
3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60
3.3 Материалды емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..66
Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76
Ведомость 20хх ж.-дың 3 наурызында аяқталды
Орындаушы:____________________
Бас бухгалтер _____________________
Жалпы материалды емес активтерді түгендеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалды емес активтердің нақты бары мен жоғын, олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалды емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Материалды емес активтерді түгендегеу кезінде кәсіпорынға меншік құқында тиесілі МЕА нақты қолда барын; оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі; МЕА-дің тозуын есептеудің дұрыстығы; моральды ескірген активтердің бар-жоғын тексереді. Негізгі құжаттарда материалды емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің құрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалды емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалды емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалды емес активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқығын растайтын құжаттар жатады.
Материалды емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет етуі мерзімінен артпайды. Материалды емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді. Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу №6 «Негізгі құрал-жабдықтар есебі» БЕС-да белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады. Амортизацияланатын құн-«бастапқы құн алынған жойылу құны» бойынша анықталынады. Жойылу құны нөлге тең есептелінеді, егер:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса. Нарық белсенді деп саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті-
- сатып алынатын және
сатылатын тауарлар халыққа
Материалды емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалды емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалды емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:
Материалды емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық құқық) немесе келісім-шартпен. Материалды емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы, пайдалану мерзімі 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.Материалды емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер қолданылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді. Материалды емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді. Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де актвитерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалды емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалды емес активтердің жою құны, әдетте нөлге тең болады. Материалды емес активтердің амортизациясын есепке алуға «Материалды емес активтердің амортизациясы» деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:
2741 «Материалды емес
активтердің амортизациясы-
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы
Материалды емес активтер-бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі. Зиялылық меншікті объектілерді өткізумен айналысатын кәсіпкерлерге, нақты авторлық құқықты қорғау саласындағы мәселерде үлкен қызығушылық танытады, өнеркәсіптік лицензияның кез келген өнімнің саудада пайданың тиуіне қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік типтік есеп шотына сәйкес, зиялылық меншік объектісіне мынадай материалды емес активтер жатады:
Лицензиялардың айырмашылығы келесі бейнемен анықталады:
- патенттік, патенттік емес және аралас меншікті объектілерді күзету жолымен;
- дербес өзіндік және тәуелді деңгейде;
- зиялылық меншікті объектілердің түрлерімен өнертабуды пайдалануға, өндірістік үлгіде, ноу-хау, тауарлық белгілер және сауда-саттық маркалары;
- қайтарылатын және
қайтарылмайтын лицензия
Соңғы кезде, зиялылық меншіктің объектілерін табыстау мынадай кең таратылымды формаларда орын алады: коммерциялық, бірақ лицензиялық емес тұрғыда, жабдықтар мен жадығаттарды жеткізу, инжинирингтік қызмет көрсету, франшиза, бірлескен кәсіпорындарды ашу, жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру (лизинг, хайринг, рентинг) кооперациялық келісімдер. Сезілмейтін активтердің өзіндік ерекшелігі зиялылық меншіктік объектілердің жұмыс істеу нарығына әсер береді, маңызды мәселе әсіресе физикалық форманың болмауы, қол жеткізу және компактілік, көшірме жеңілдігі осыларды күзетуін және шаруашылық субъектілері қызметінің құқықтық дәлелдемелерін басқаруын қиындатады. Материалды емес активтер –бұл сезілмейтін, физикалық формасы жоқ зиялылық және кәсіпорындық меншік, сонымен қатар мүліктік және мүліктік емес құқықтық меншік шаруашылық субъектісінің қызметі. Егер де материалды емес активтерден кәсіпорынға ешқандай экономикалық олжа болмаса, онда оны бухгалтерлік баланстан шығарады. Материалды емес активтерді есептен шығарған кезде, одан алынған табыстар немесе зияндар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрініс табады. Материалды емес активтерді есептен шығарған кезде төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады:
Кесте 2
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Дт |
Кт |
Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым: а) материалды емес активтердің баланстық құнына ә) бұрын есептелген тозу сомасына б) келісім құнына
в) ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) г) жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне е) жиынтық кірістің артуына |
7410 2741 2210-2310 7210
7410-7210 |
2730 2730 6210
3130 7410 5610 | |
Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалды емес активтердің есептен шығарылуы: а) материалды емес активтердің баланстық құнына ә) бұрын есептелген тозудың сомасына б) жыл соңында |
7410 2711 5610 |
2730 2730 7410 | |
Сатуға байланысты материалды емес активтерді есептен шығару: а) материалды емес активтердің баланстық құнына ә) бұрын есептелген тозудың сомасына б) сатылған активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) в) ҚҚС сомасына г) бюджетке төленген ҚҚС ғ) сатып алушы шотты төлегенде д) жыл соңында зиян шеккенде пайда тапқанда |
7410 2741 1210 1210 3130 1010,1020 5610 6210 |
2730 2730 6210 3130 1030 1210 7410 5610 | |
Өтеусіз беру: а) баланстық құнға ә) материалды емес активтердің баланстық құнына б) ҚҚС сомасына в) жыл соңында (зиян) |
7410 2741 6210 5610 |
2730 2730 3130 7410 |
2 бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы.
«Қазақстан темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ҚР Зандарына сәйкес, бiрлескен шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы №310 қаулысына сәйкес құрылған. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қоғамның атауы: «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы» «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғам» болып өзгертілді.
Жарғылық капиталы құрылтай шарты құжаттарымен анықталған мөлшердегi бөлiктерге бөлiнiп, бiр немесе бiрнеше тұлға құрылтайшы болған қоғам акционерлік қоғам деп танылды; акционерлік қоғамның қатысушылары оның мiндеттемелерiне жауап бермейдi және акционерлік қоғамның әректiне байланысты шығынды өздерiнiң жарналарының құны аумағында өтейдi.
АҚ заңды тұлға болып табылғандықтан меншiгiнде оқшауланған мүлкi өз мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленедi және жүзеге асырады, мiндеттерге ие болады, сотта талапкер және жауапкер болады.
АҚ өз қызметінде ҚР заңдарын және орындалуы міндетті атқарушы билік органдарының актілерін басшылыққа алады. АҚ мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін алады.
АҚ толық шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынның өзі өтеуі негізінде әрекет ететін дербес шаруашылық бірлік болып табылады.
Өз жарналарын жарғылық капиталған толық төлемеген акционерлік қоғам қатысушылары оның міндеттемелеріне әрбір қатысушының төленбеген жарнасы бөлігінің құны аумағында ынтымақтастық міндетімен бөліседі.
Қоғамның атауы:
Қазақ тілінде: «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Орыс тілінде: Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан Темір Жолы»;
АҚ тұрған жері және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Фурманов көшесі,100.Акцинерлік қоғам қызметінің мерзімі шектеусіз.
Акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа Заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.