Материалдық емес активтердің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.
1.1 Материалды емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі ....................................................................................................................7
1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30

2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34
2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40
2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48

3 Бөлім. Материалды емес активтердің аудиті.
3.1 Материалды емес активтер операциясының аудиторлық қызметі.......53
3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60
3.3 Материалды емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..66


Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс ЖАНДОС.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Лицензиялық өнімді өндірудің  анықталу көлемін есептеу 

Бұл көрсеткіш келесі дереккөздер  арқылы анықталады:

бекітілген территориядағы лицензиаттың лицензиясы бойынша жасалған өнім өндірудің мүмкінді көлемі туралы лицензиар маманның сараптық бағасы;

сол территориядағы лицензия бойынша  өнім өндірісінің көлемі туралы лицензиаттың алған ақпараты;

лицензиондық  келісімшартта көрсетілген тіркелінген өндірістің көлемі;                                                                                                                                                                                                                                                                        

өндірістік қуаттылыққа  лицензиат берген бағалар.

Лицензия бойынша өндірістік өнімнің көлемін алғашқы жылдары  өнімді игеру болмаса да, бірақ  кейін көлемнің қарқын алуы болатынын, содан кейін жаңа өзгертулердің моральді тозуына байланысты қарқынның бәсеңдейтінін ескере отырып әр жыл бойынша  анықтау керек.

Лицензиялық өнімнің  сатылымдық есептік бағасы

Бұл – жасаушы франко-зауыттың қаптау, сақтандыру, сақтауға кеткен шығындар бағасын шегеру шарттары бойынша өнімнің лицензиялық бағасы.

Сатылымдық есептік  баға мына негіз бойынша анықталады:

Қазақстандық және шетелдік коммерциялық мекемелердің келісім-шарттық  бағасы туралы;

Саны сондай-ақ өнімнің  сипаттамасындағы өзгешеліктерге қарай  түзетулерді ескере отырып осыған ұқсас отандық және шетелдік өнім өндірушілердің бағанамасы немесе ұсыныстары туралы.

Есептеу үшін мәміле жасасқан күннің бағасы алынады. Бірақ лицензиондық келісімшарттың жұмыс істеу мерзімінде олардың өзгеруін ескере отырып олар өндірістің осыған сәйкес салаларындағы баға индексі негізінде түзетіледі.

Роялтидің есептік көлемі

Роялтидің сызбадағы  стандартты мөлшерлемесі алынады да, сосын мөлшерлемеге әсер ететін факторларды ескере отырып тиянақталынады. Роялти мөлшерлемесі факторлардың тұтас серияларына бағынышты:

Құқықтық қорғау көлемінен  – бұл патенттік лицензия немесе патенттік емес лицензия; патенттелмеген өнімді сату лицензия бағасын 30 % кемітеді;

Лицензиондық келісімшарттың түрі: біршама  қымбаты – толық  лицензия, біршама арзаны – қарапайым  лицензия;

өндіріс көлемі (айналымы) және лицензиялық өнімді шығаруды қадағалау  мүмкіндігі; бұл үшін лицензиар келісімшартта  есепті берудің мерзімі мен көлемін  алдын ала келісіп алуы керек. Егер қадағалау қиынға түсетін болса  бұл мөлшерлеменің жоғарлауына  әкеледі; мерзімі неғұрлым ұзақ болса мөлшерлеме соғұрлым төмен болады;

лицензиялық келісімнің тақырыбынан: егер бұл алдыңғы қатарлы  өнім болса, онда ол әрине қымбат тұрады;

ғылыми-техникалық маңыздылығы  мен жаңалықты пайдаланғанда  пайда болатын коммерциялық мүмкіндіктер;

лицензиялық өнім өндірісін  ұйымдастыру үшін қажет капиталдың  көлемі;

өнертабыстардың құқықтық қорғалуынан;

берілетін пайдалану  құқығының көлемі;

берілетін техникалық құжаттар көлемінен: толық көлемде (конструкторлық, технологиялық, эксплуатациялық) немесе жартылай (тек конструкторлық) беріледі не, соңғысы болған жағдайда роялти көлемі 30% кемиді;

лицензиялық өнім өндірісін  ұйымдастыру үшін материалдарды, құрал-жабдықтарды, құраушы бұйымдар, бөлшектерді жеткізу  лицензиардың үлгісіне тәуелді, сондай-ақ лицензиар тарапынан нысанды игеруде беретін техникалық көмегі;

нарықтағық жағдай: экономикалық тиімділігі жағынан ұқсас технологияларға деген бәсекелік сұраныстардың болуы.

Роялти формасы лицензиатқа  анағұрлым тиімді, себебі:

Ол лицензиялық өнім өндіру алдында лицензиялық сыйақыны төлемейді;

Егер лицензиат лицензиялық  өнімнің жоспарланған көлемін ала  алмаса, ондай жағдайда лицензиар  жоспарланған пайданы ала алмайды. Өзін қорғау үшін лицензиар көп жағдайда келісімшартқа лицензиаттың роялти бойынша есептік төлемнің 50%-дейінгі жыл сайынғы минималды кепілдендірілген төлемін осы жылға енгізуді талап етеді.

Пайдадағы артықшылық әдісі.

Пайдадағы артықшылық дегеніміз  «бағаланушы материалды емес активпен байланысты қосымша пайданы» айтады (мысалы, өнертабыс немесе тауар белгісі). Пайдадағы артықшылық бағаланушы материалды емес активті қолданғанға дейінгі және қолданғаннан кейінгі  қарастырылып отырған кәсіпорындағы өнімге ұқсас өнімді шығарушы салыстырылып отырған кәсіпорын; немесе қарастырылып отырған кәсіпорынға қатысты, бірақ бағаланушы материалды емес активті қолданғанға дейінгі және қолданғаннан кейінгі  жағдайда пайдадағы артықшылық туындайды – бұл пайдадағы  артықшылық әдісінің концепциясының негізі болып табылады. Ақша түрінде алынған пайдадағы  артықшылық  ағымдағы құнға кіреді. Алынған нәтиже бағаланушы материалды емес актив құнын көрсетеді. Артықшылық пайданың ретроспективті сондай-ақ күтілетін көрсеткіштеріне негізделеді.

Шығынды тәсіл.

 Материалды емес  активтерді бағалау үшін шығынды  әдіс мынадай жағдайларда қолданылады:

Бағаланушы материалды емес активтер қайтадан жасалынбайтын  болғандықтан оған ұқсас аналогті іздеу  жұмысы туғанда; бұл дерек нарықтық тәсілдемені қолдану мүмкіндігін  жоққа шығарады;

Материалды емес активтер болжанған тұрақты табыс әкелмейді, нәтижесінде табысты тәсілді қолдану мүмкін болмайды.

Шығынды тәсілдің материалды емес активтерді бағалаудағы қолданылатын негізгі әдістері:

  • Жасау құны әдісі
  • Пайда жеңісі әдісі

Жасау құны әдісі

Бұл әдістің негізінде  материалды емес активтердің құнын, пайданың ақылға қонымды өсуін ескере отырып, оларды қайтадан жасап шығаруға кеткен шығынға теңестіру жатыр.

Жасау құны әдісін қолдану  бағдарламасында келесі кезеңдерді атап өткен дұрыс болады.

1. Материалды емес  активтің орнын толтырудың толық  құны немесе қайта құру құны  анықталады. Жасауға, алуға, және  оны іске енгізуге байланысты  барлық шығындар анықталады. Материалды  емес активтерді алу мен оларды  пайдалану кезінде келесі шығындар түрін ескерген жөн:

Мүліктік құқықты алуға;

өндірісте материалды емес активтерді игергенде;

материалды емес активтерді құқықтық және басқа да нәрселерден  қорғағанда;

маркетингке: болжамды өндірістік меншік нысанының аналогін анықтау  үшін ақпараттарды зерттеу, талдау және іріктеу;

интеллектуалды меншік нысанын пайдаланған жобаларды  тәуекелден сақтандыру.

Салыстырмалы тәсіл.

 Салыстырмалы тәсіл  тиімді жұмыс істейтін нарық  принципіне негізделген, онда  инвесторлар осыған ұқсас активтерді  сатып және сатып алуда тәуелсіз жеке шешімдер қабылдайды. Осыған ұқсас мәмілелер деректері бағаланып отырған материалды емес активтермен салыстырылады.

Бағаланып отырған материалды емес активтердің салыстырылып отырған  аналогтерден артықшылықтары мен кемшіліктері сәйкес түзетулерді енгізіле отырып ескеріледі.

 Материалды емес  активтерді бағалау үшін салыстырмалы тәсілді қолданғанда келесі жұмыстар жүргізіледі.

  1. Осыған ұқсас материалды емес активтер бойынша жасалған мәмілелер туралы ақпараттар жиналынады.
  2. Салыстыру жүргізілетін көрсеткіштер тізімі анықталады.
  3. Бағаланушы материалды емес активтердің салыстырылған көрсеткіштердің мәнін ескере отырып олардың деректі мәміле құны түзетіледі.
  4. Салыстырылған мәміле бойынша түзетілген деректі мәліметтер негізінде бағаланушы материалды емес активтердің құны анықталады.

Материалды емес активтерді сатып алу мәмілесін таңдау мен  талдауда негізгі салыстыру элементтерін ескерген жөн:

Материалды емес активтерге меншіктік құқық;

Сатушы мен сатып  алушы арасындағы ерекше қаржылық келісімдер;

Материалды емес активтердің қолданылатын немесе қолданылған  саласы;

Материалды емес активтермен  салыстырылып отырған аналогтің  физикалық сипаттамасы;

Материалды емес активтермен  салыстырылып отырған аналогтің  функционалды сипаттамасы;

Материалды емес активтермен салыстырылып отырған аналогтің технологиялық  сипаттамасы;

Материалды емес активтермен  салыстырылып отырған аналогтің  экономикалық сипаттамасы.

Бағаланушы нысанның спецификасын ескере отырып материалды емес активтерді бағалағанда  нарықтық тәсілді қолдануда біршама шектеулер бар екенін ескерген жөн.

 

1.2. Материалды емес активтердің түгенделуі және амортизациялық есебі

2700 «Материалды емес  активтер» бөлім шоттарының талдамалы  есебі төменде келтірілген «Материалды  емес активтер есебінің түгендеу карточкасында» (№НОК-2 ныс)  жүргізіледі.(Қосымша 1)

Бухгалтерияда түгендеу карточкасы материалды емес активтердің әрбір объектісі үшін бір экземплярда ашылады. Оның ішіндегі жазулар «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісі», техникалық және басқа да құжаттама негізінде жасалады.

Түгендеу карточкасында  материалды емес актив түрінің толық  атауы, қысқаша сипаттамасы, есепке қабылдау мерзімі және құжат нөмірі, бастапқы құны, амортизация нормасы мен соммасы, пайдалы қызмет ету мерзімі келтіріледі. Болашақта материалды емес активтердің бөлек объектілерін есептен шығарылуына қарай «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісінің» негізінде олардың шығысталуы және шығысталу себебі, құжат нөмірі мен мерзімі туралы белгі жасалады.

Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасын материалды емес активтердің атауы, қысқаша сипаттамасы, ай басындағы қалдығы, бір айдағы бастапқы құны бойынша олардың қозғалысы және ай соңындағы қалдығы көрсетілетін «Материалды емес активтер есебінің ведомосінде» жинақтайды. (Қосымша 1)

 

 

 

Есептің компьютерлендіруі кезінде  материалды емес активтердің түгендеу карточкасы мен ведомосі машинограмма түрінде автоматты құрылады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәліметтерінің нақтылығын (шыңайлығын) қамтамасыз ету мақсатында және «Қаржылық есептілікті дайындау және тану» 1 ҚЕХС сәйкес материалды емес активтер, ұйымның басқда да активтер сияқты түгендеуге жатады. Материалды емес активтердің мақсаты болып табылады:

  • материалды емес активтердің нақты бар болуын, олардың дұрыс құрылуы мен бағалауын, пайдалы қызмет ету мерзімін анықтаудың нақтылығын тексеру;
  • материалды емес ативтер объектісінің барын және оларды пайдалану құқығын растайтын бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру;
  • ұйым балансында материалды емес активтерді көрсету нақтылығын және шыңайлығын тексеру;
  • материалды емес объектілердің есептелген амортизация соммасы мен нормасын анықтаудың дұрыстығын тексеру.

Материалды емес активтерді түгендеу кезінде материалды емес активтердің әрбір объектісінің нақты болуы «Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы», «Материалды емес активтер есебінің Ведомосі» және бастапқы құжат негізінде анықталады.

Материалды емес активтердің  келіп түсуі мен нақты бар  болуын және оларды пайдалану құқығын  растайтын бастапқы құжаттың рәсімделуін  және объектілердің қалыптасу дұрыстығына  көңіл бөлу қажет. Бастапқы құжатта материалды емес активтердің келіп түскен немесе шығысталған әрбір объектісінің атауы, олардың қысқаша сипаттамасы, алатын және өткізетін және қабылдайтын жақтар, бастапқы құны, пайдалы қызмет ету мерзімі, тозу нормасы мен сомасы,материалды емес активті қабылдаған  комиссия мүшелерінің қолы көрсетілуі керек.

Түгендеу комиссиясы пайдалы қызмет ету мерзімінің және пайдаланылған амортизация нормасының, жалпы баланстық құнының және кезең басындағы және кезең соңындағы жинақталған амортизация соммасының дұрыстығын тексеруге міндетті.

Тексерілген материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы, Ведомосі және олардың қозғалысы  бойынша бастапқы құжат негізінде  ұйым балансында материалды емес активтердің  нақты және шынайы көрсетілуін тексеру қажет. Материалды емес активтер және олардың амортизациялары туралы бухгалтерлік есеп пен есептілік мәліметтерінің нақтылығы мен шыңайлығы сауда ұйымының салық салынатын табыс пен соңғы қаржылық нәтижесіне әсер етеді.

 

2007 ж. ақпан айындағы  материалды емес активтер есебінің

ВЕДОМОСІ

Кесте 1

№ р/с

Материалды емес активтердің  атауы

Қысқаша сипаттамасы

20хх ж. 1 ақпанына қалдық

Материалды емес активтердің  қозғалысы

(бастапқы құны бойынша)

20хх ж. 1 наурызға қалдық

Келгені

Шыққаны

Мерзімі,

құжат №

сомма,

теңге

Мерзімі,

құжат №

сомма,

теңге

Шығысталу себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

ЭВМ

бағдарламасы

«Алтын» ж»не компьютерлік бухгалтрия бағдарламалық кешені

59200

         

59200

2

Лицензиялық келісім

Экспорт-импорттық операцияларына лицензия

120000

         

120000

 

БАРЛЫҒЫ

 

179200

         

179200

Информация о работе Материалдық емес активтердің есебі