Материалдық емес активтердің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.
1.1 Материалды емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі ....................................................................................................................7
1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30

2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34
2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40
2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48

3 Бөлім. Материалды емес активтердің аудиті.
3.1 Материалды емес активтер операциясының аудиторлық қызметі.......53
3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60
3.3 Материалды емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..66


Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс ЖАНДОС.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Материалды емес активтерді төрт негізгі топқа бөлуге болады:

интеллектуалды меншік;

мүліктік құқықтар;

кейінге қалдырылған  немесе мерзімі ұзартылған шығындар;

фирма бағасы.

Мүліктік құқықтар –  бұл заңды және жеке тұлғалардың жер  төлімдерін, табиғи ресурстарды иелену құқықтары.

Кейінге қалдырылған немесе мерзімі ұзартылған шығындар – бұл:

ұйымдастыру шығындары (заңгерлердің құрылтайлық құжаттарды жасау үшін төлемақысы, фирманы тіркеудегі қызметі үшін, лицензия алу үшін қызметтерге төлем); бірақ бұл шығындардың барлығы өнеркәсіп құрылған кезде жүргізіледі;

НИОКОР жүргізуге байланысты шығындар.

Фирма бағасы (гудвилл)

Фирма бағасы оның  іскерлік беделінің бағасымен анықталады. Іскерлік бедел – материалды емес активтердің жаңа түрі, белгілі бір беделі бар  тұтас мүліктік-қаржылық кешен ретіндегі фирманың бағасы мен осы фирма мүліктерінің баланстық құнының айырмашылығы.

Кейбір экономистер  гудвиллді іс жүзіндегі материалды емес активтердің бағасы деп түсіндірсе, енді біреулері оның  бухгалтерлік есептегі берілген материалды емес активтер бөлігіндегі материалды емес активтер құнының нарықтық бағасынан асып кететін бизнес бағасын көрсететін шама деп анықтайды. Бағалау процесінде «гудвилл» түсінігін екінші мағынасында қолданған дұрыс. Бірінші мен екінші көзқарасты ұстанушылар гудвилл:

Артық табыс бар кезде ғана болады, өнеркәсіп табысы активке шаққанда (немесе меншікті капиталға шаққанда) орташадан жоғары;

Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптен бөлінбейді, яғни одан бөлек сатыла алмайды. Одан ары гудвилл экономикалық шама ретінде балансқа өнеркәсіп  иесі ауысқан жағдайда ғана алынады.

Интеллектуалдық меншік – бұл азаматтың немесе заңды  тұлғаның интеллектуалды қызмет нәтижесіне және оған теңдестірілген заңды тұлғаның жекелендірілген құралдары, өнімді, жасап жатқан жұмысты және / немесе қызмет көрсетуді (фирмалық атау, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) жекелендіруге ерекше құқығы.

Интеллектуалды меншік нысандарын екі түрге бөледі: патенттік  құқықпен реттелетін (өндірістік меншік нысандары) және авторлық құқықпен реттелетін.

Патенттік құқық шығарманың мазмұнын қорғайды. Өндірістік меншік нысандарын қорғау үшін оларды белгіленген тәртіп бойынша сәйкес органдарда тіркеу қажет. Патенттік құқық бойынша қорғалатын нысандар саны аз. Патенттік құқықпен реттелетін нысандарға мыналарды жатқызады:

  • өнертабыс, егер ол жаңа әрі өндірістік қолдануға жарамды немесе белгілі құрылғы, әдіс бола тұра жаңа қолданыс аясы табылса;
  • өндірістік үлгі – бұйымның сыртқы түрін айқындайтын көркем-конструкциялық  шешім;
  • пайдалы модель – құрамдас бөлшектерді конструктивті жасау;
  • тауарлық белгі мен қызмет көрсету белгісі –  әртүрлі заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарлары мен қызмет көрсету түрлерін ажыратуға арналған белгілер;
  • тауардың жасалған жерін атау – тауарды белгілеуге арналған географиялық нысанның атауы, оның қасиеттері ерекше немесе басты түрде оған тән немесе адами факторлармен анықталады; 
  • фирмалық атауы – заңды тұлғаның жеке аты;
  • «ноу-хау» – үшінші жаққа белгісіз болу себебінен коммерциялық құндылығы бар техникалық, ұйымдастырушылық, қызметтік немесе коммерциялық сипаттағы ақпарат.

Нысандарды авторлық құқықпен реттеу құқығы ҚР «Авторлық  құқық туралы» заңымен жүзеге асырылады.

Патенттік құқықпен реттелетін нысандарға жатады:

  • ЭВМ-ге арналған программа, сондай-ақ программа дайындаған кезде алынған дайындық материалдар;
  • Деректер (мәліметтер) базасы;
  • Интегралды микросызбалардың топологиясы;
  • Басқа да ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
  • Белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензия, егер ол 1 жылдан артық мерзімге берілетін болса.

Интеллектуалды меншік мынадай маңызды жағдайларда ескеріліп бағаланады:

  1. Шығарылатын тауарларға баға тағайындауды есептеу немесе талдау  мақсатында және интеллектуалды меншік нысанын сақтандыру; интеллектуалды меншік нысанын жасаған авторлардың сыйақысын есептеу; интеллектуалды меншікті жасаушы немесе пайдаланушы өнеркәсіптің жұмысының тиімділігін талдау; өз өнеркәсібінде интеллектуалды меншік нысанын қолданғаннан түскен пайданы анықтау; өнеркәсіп балансындағы интеллектуалды меншік нысанын есептеу; өнімнің өзіндік құнындағы интеллектуалды меншік құнын анықтау; инвестициялық жобаларды бағалау.
  2. Интеллектуалды меншікті қолданғаннан түсетін табысты арттыру мақсатында:

Салық салу базасын анықтау; интеллектуалды меншікті пайдаланудың ең тиімді нұсқасын таңдау; қаржылық қамтамасыз ету; өнеркәсіп қорын жаңарту;  интеллектуалды меншікті заңсыз пайдалану және елден тысқары  шығаруға байланысты  шығындарды азайту.

  1. Интеллектуалды меншіктің құнын жарғылық капиталда айқындау мақсатында: несие алу мүмкіндігін арттыру үшін жарғылық капитал құнын арттыру; құрылтайшылар салымын дұрыс есептеу; шетел қатысушыларының жарғылық капиталға қосатын үлесін дұрыс анықтау; жарғылық капиталдың құрылымы мен көлемін қайта бағалау; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын акцияларын шығару.
  2. Меншік субъектісі мен формасын өзгерту мақсатында:

Қайта ұйымдастыру (соның  ішінде жекешелендіру); жою; өнеркәсіптің банкроттығы; өнеркәсіпті аукционнан немесе байқау тәртібімен сату (соның  ішінде арбитражды және сот органдарының шешімін орындау кезінде);  ғылыми-техникалық саладағы нысандарды жекешелендіру; интеллектуалды меншік нысандарын иелену құқығын сатып алу мен сату; франшизаны беру немесе лизинг жүргізу (интеллектуалды меншікті пайдалануды қарастыратын); кепіл ретінде берілетін интеллектуалды меншіктің құнын анықтау.

5. Интеллектуалды меншікпен байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешу мақсатында: интеллектуалды меншік нысандарын заңсыз пайдаланумен байланысты сот-арбитражды таластар кезінде интеллектуалды меншіктің құнын негіздеу; авторлық сыйақыны дұрыс төлемеумен байланысты сот-арбитражды таластар кезінде интеллектуалды меншіктің құнын негіздеу.

     Материалды  емес және  интеллектуалды меншікті  бағалау кезінде табыс, шығын  және шығыны көп әдістер қолданылады.  Бағалау әдісін таңдау бағалаудың  мақсатынан, анықталып отырған құн түрінен, бастапқы ақпараттың бар және толықтығына байланысты.

Интеллектуалды меншікті бағалаудағы табысты әдіс бағаланушы нысанды пайдаланудағы күтілетін  экономикалық тиімділікке негізделген. Табысты әдіс келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • артық табыстар;
  • дисконтталған ақша ағындары;
  • роялтиден босату;
  • табыстағы артықшылық.

Артық пайда әдісі

Артық пайда әдісі  артық табысты кәсіпорынға активтер мен меншікті капиталға орташадан  жоғары деңгейдегі табысты қамтамасыз ететін баланста көрсетілмеген материалды емес активтер әкеледі деуге негізделген. Бұл әдіс келесі кезеңдерден тұрады.

  1. Баланста көрсетілген барлық активтердің нарықтық құнын анықтайды.
  2. Бағаланушы кәсіпорынның қалыпты табысын есептейді.
  3. Активке немесе меншікті капиталға ортасалалық табысты анықтайды.
  4. Ортасалалық табысты активке немесе меншікті капиталға көбейту негізінде күтілетін табысты есептейді.
  5. Артық пайданы анықтайды. Бұл үшін қалыпқа келтірілген табыстан күтілетін табысты алып тастайды.
  6. Материалды емес активтер құнын (гудвилл) артық пайданы капитализация коэффициентіне бөлгеннен шығарады.

Бағалаушы операциялық  емес активтерді активтердің нарықтық құнынан шегеріп, сондай-ақ операциялық  емес табысты кәсіпорынның таза табысынан  шегеріп тастауы керегін ескеруі  керек.  Кейбір бағалаушылар артық пайданы есептеу үшін белгілі бір уақыттағы, әдетте бес жылдық активтердің орташа шамасы мен орташа пайдасын қолданады. Бұл әдістеме егер таңдап алынған уақыттағы мәліметтер негізделген болашақ күтулерді көрсететін болса, оған қоса пайда деңгейі орташадан біршама жоғары  не төмен «аномальді жылдар» қарастырылмағанда ғана қолдануға болады. Бірнеше жылдық орташа немесе орташа есеппен пайда шамасын ретроспективті ақпарат мүмкінді болашақ күтулерді қаншалықты көрсететінін ескермей бұл қарапайым тәсілді пайдалана салу   кәсіпорын пайдасын асыра бағалау немесе төмен бағалауға әкеліп соғады. Артық пайда әдісін пайдаланудың ең бір қиын жері гудвилді есептеудегі капитализацияның мөлшерлемесін дұрыс таңдау болып табылады. Гудвиллдің құны экономикалық пайданың көзі болу қабілетінен анықталады.

Әдетте инвесторлар  бес жылдан аспайтын уақыт аралығындағы гудвиллден күтілетін болашақ пайданы  төлейді. Бұндайда капитализация мөлшерлемесі инвестор төлеуге дайын артық  пайда әкелетін жылдар санына қарама-қарсы  шама ретінде есептеледі.

Алынған нәтиженің шынайылығы ортасалалық табыстылығы анықталуға іріктелген сала кәсіпорынымен материалды емес активі бағаланушы кәсіпорынмен салығастырымдылық дәрежесіне тәуелді  болады.

Егер артық пайда  әдісі арқылы бағалаушы барлық материалды  емес активтерге келетін құнды анықтағысы келсе, онда ол келесі операцияларды жасауы керек.

  1. Материалды активтердің нарықтық құнын  анықтау керек (баланста көрсетілген материалды емес активтерді есепке алмай).
  2. Материалды активтерге келетін пайда шамасын анықтау.
  3. Материалды активтердің салаға әкелетін орташа пайдасын есептеу.
  4. Артық пайданы 2 және 3 кезең аралығындағы айырмашылық түрі ретінде анықтау.
  5. Материалды емес активтердің құнын артық пайда шамасын капитализация коэффициентіне бөлу арқылы есептеу. Бұл жерде бухгалтерлік есепте көрсетілген және көрсетілмеген материалды емес активтердің құны анықталады.

Дисконтталған ақша ағындары әдісі

Материалды емес активтердің  құнын күтілетін ақша ағыны (немесе күтілетін пайда) арқылы бағалау  бағалаудың ең бір күрделі жолы. Бағалаудың күрделілігі бастапқыда активтер жиынтығымен пайда болатын ақша ағыны тұрғызылады, содан соң ақша ағынындағы пайданың материалды емес активтердің түсетін үлесін анықтау мәселесі тұрады.

Дисконтталған ақша ағындары әдістемесін пайдаланғанда келесі жұмыстыр жүргізіледі.

  1. Пайдалану мерзімі, яғни болжалынып отырған табысты дисконттаудың кезеңі анықталады.
  2. Материалды емес активтер мәліметтерінен түсетін пайда болжалынады.
  3. Дисконт мөлшерлемесі анықталады. Егер баға меншікті капитал үшін ДП-ға негізделетін болса, онда дисконт мөлшерлемесі капиталды активтерді бағалау моделіне сәйкес немесе кумулятивті құрылым әдісімен анықталады, ал егер борышсыз ақша ағыны  болса – онда орташа есеппен алынған капитал құны әдісі арқылы анықталады.
  4. Болашақ ақша ағынының (пайда) жиынтық ағымдық құны есептеледі.
  5. Материалды емес активтердің болжаудан кейінгі кезеңдегі (егер оған қажеттілік болса) ағымдық құны анықталады.
  6. Болжалған және болжалғаннан кейінгі кезеңдегі барлық табыстардың сомасы  анықталады.

Роялтиден босату әдісі.

Бұл әдіс әдетте патенттер  мен лицензиялық келісімдердің  құнын бағалауда  қолданылады. Патент иесі басқа бір тұлғаға материалды емес активті пайдалану құқығын  пайдалануды қандай да бір сыйақыға (роялти)  береді. Роялти патенттелген өнімді сатқаннан алынатын болашақ түсімнің алынатын пайызбен белгіленеді. Бұл әдіске сәйкес интеллектуалды меншік құны патент немесе лицензияның экономикалық қызметінің мерзімі ішінде роялти бойынша болашақ төлемдер ағынының қазіргі құнын көрсетеді. Роялти көлемі нарықты талдау негізінде анықталады. Бұл әдісте табыстық және нарықтық тәсілдер сипаты кездеседі.

Роялтиден босату әдісінің келесі кезеңдерін анықтаған дұрыс.

  1. Сол бойынша роялтиді төлеу күтілетін сатылым көлемінің болжамы жасалады (ақшалай түрде).
  2. Роялти мөшерлемесі  анықталады.
  3. Патент немесе лицензияның экономикалық қызметінің мерзімі анықталады. Заңды және экономикалық қызметінің мерзімі сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан төлемнің ұзақтығына қатысты шындыққа жақын болжам жасалу керек.
  4. Сатылым көлемінің болжамынан пайыздық аударымдарды есептеу арқылы роялти бойынша күтілетін төлемдер есептелінеді.
  5. Роялти бойынша күтілетін төлемдерден патент пен лицензияны қамтамасыз ету бойынша барлық шығындар (заңды, ұйымдастырушылық, әкімшілік шығындар) төленеді.
  6. Роялти бойынша   төлемдерден дисконтталған ақша ағымы есептеледі.
  7. Роялти бойынша   төлемдерден пайда ағындарының ағымдағы құнының сомасы анықталады.

Информация о работе Материалдық емес активтердің есебі