- өндірістік
инфрақұрылым;
- өңдеу өнеркәсібі;
- Астана қаласының
объектілері;
- тұрғын үй,
әлеуметтік сфера және туризм объектілері;
- ауыл шаруашылығы.
Осы
заңнамалық актілер негізінде ҚР
Үкіметі тарапынан инвестициялар
бойынша жауапты органдарға инвестициялық
маңызы бар салалар тізімін айқындау
жұмысы тапсырылды. Төмендегі кесте
мәліметтерінен көрініп тұрғандай,
инвестициялық жобаларды қаржыландыруға
қажетті инвестициялардың көп бөлігі
өңдеу салаларына тартылады жәнебұл тенденция
ұзақ сақталуда.
Кесте
3 - Қазақстан Республикасының экономика
салалары бойынша инвестициялардың
үлесі (2005 ж. мәліметтер)
Экономика
секторы |
Қажетті
инвестициялар көлемі |
Инвестициялық
жобалар саны |
|
АҚШ долл. |
Пайызбен % |
Бірлікпен |
Пайызбен % |
Өндірістік
инфрақұрылым |
2713414828 |
29,16% |
27 |
9,78% |
Өңдеу
өнеркәсібі |
3747834916 |
40,28% |
189 |
68,48% |
Тұрғын
үй, әлеуметтік сфера және туризм объектілері |
153812000 |
1,65% |
6 |
2,17% |
Ауыл
шаруашылығы |
214704000 |
2,31% |
18 |
6,52% |
Басқа |
2475444233 |
26,60% |
36 |
13,04% |
Барлығы |
9305209977 |
100,00% |
276 |
100,00% |
|
|
|
|
|
ҚР
Үкіметінің негізгі мақсаттарының
бірі болып жақын арадағы жылдарда
мемлекеттің индустриалды – инновациялық
стратегиясы негізінде өнеркәсіп үлесін
арттыру үшін инвестициялық саымдарды
ұлғайту табылады.
Мемлекеттік
инвестициялық бағдарламаларды
ынталандыру механизмі ел экономикасының
нақты инвестициялық жобаларына
қаржы ағымдарының ұлғаюын қамтамасыз
ететін салықтық және қаржы – несиелік
тәсілдер мен тетіктер жиынтығын, сондай-ақ,
инвестициялық жобалар тиімділігін қамтамасыз
ету мақсатында инвестициялық жобалаудың
нормативтік – методологиялық негізін
құруға жағдай жасау керек. Нарықтық экономика
жағдайында инвестициялық капиталға әсер
етудің маңызды экономикалық тетігі болып
инвестициялық қарыздар бойынша пайыз
саясаты табылады. Пайыз қойылымдарының
дифференцияциясы, пайыз капиталын реттеу
және несиелер бойынша жеңілдіктер беру
арқылы несие алудың қолайлы шарттарын
қатамасыз ету, инвестициялық ағымдардың
экономиканың басымды салаларына құйылуын
жүргізу, яғни экономика салаларын қайта
құру жұмыстары жүргізіледі. Қысқа мерзімдік
банктік несиелер қымбаттап, ал ұзақ мерзімді
несиелер арзандауы қажет және сақтандыру
жүйесі бойынша кепілдемелер енгізу және
несиелеудің әр түрлі кепілдік формаларын
енгізу керек.
2003
ж. қаңтар айындағы «Инвестициялар
туралы» Заңның қабылдануымен
мемлекеттік инвестициялар көздері
«Бюджет жүйесі туралы» және
« Мемлекеттік кепілденген қарыз
алу және мемлекеттік қарыздар туралы»
Заңдарға сәйкес реттеледі. «Инвестициялар
туралы» Заңмен, негізінен, жеке инвестициялар
(портфельдік және тікелей) реттеледі.
Инвестициялық
жобаларға байланысты мемлекеттік
саясат келесі қағидаларға сүйеніп
жүргізілуі қажет:
- жобаларға
салынған инвестициялардың тиімділігі
және өтелімділігі;
- жобалардың
таңдаулығы;
- инвестициялық
жобаларды қаржыландыру көздерінің әр
түрлілігі.
Таңдаулық
шартының іске асуы нақты инвестициялық
басымдақтардың таңдалуын, экономиканың
перспективті салаларында инвестициялық
капиталдың жұмылдырылуын талап етеді.
Инвестициялық
жобаларды қабылдаудың ең басты
шарттарның бірі – конкурстық негізде
жобаларды таңдау мүмкіндігі, бірақ
кейбір жағдайларда инвесторларды
таңдау мүмкіндігі шектеулі. Бұл ішкі
және шетелдік ресурстар негізінде инвестициялық
процестердің белсенділігін арттыруға
кедергі болады.
Басымды инвестициялық жобаларды
таңдау механизмінің басты кемшілігі
– таңдаудың нақты критерилерінің
болмауы. Жобалардың көбі экономикалық
тиімділігі, валюталық өтелімділігі және
болашақтағы төлем қабілеттілігі тұрғысынан
жеткілікті түрде негізделмеген. Инвестициялық
процестерді таңдауда елдің және аймақтардың
экономикалық және әлеуметтік қызығушылықтарына
жауап беретін жүйелі мемлекеттік саясаттың
болуы қажет. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын
инвестициялық жобалар аймақтар деңгейінде
құрылып, конкурстық таңдау негізінде
мемлекеттік органдар деңгейінде қабылдануы
тиіс. Келесі этапта таңдаудан өткен барлық
жобалардың мемлекеттік саясатқа сәйкес
инвестициялық жобалар басымдылығы тізіміне
сай келуі тексеріледі. Содан кейін, жобалардың
ең тиімдісі қабылданады. Келесі қадам
– мемлекет тарапынан қаржыландыру механизмін
жүзеге асыру. Жеке инвестициялау жағдайында
жобаны іске асыру бойынша шешімді инвестор
қабылдайды. Көптеген әлеуметтік сферадағы
инвестициялық жобалар мемлекет тарапынан
жеткілікті түрде қаржыландырылмайды.
Сондықтан, инвестициялық жобалардың
екі жаққа да (қарыз алушыға да, инвесторға
да) тиімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық,
ұйымдастырушылық, әкімшілік-құқықтық
шаралар жасалуы керек. Бұл шаралардың
маңызды құрамдас бөлігі жобаның іске
асуын бақылау және жобаның әр кезеңінде
статистикалық көрсеткіштерді және жоба
тиімділігін есептеудің негізгі критерилерін
қолдану арқылы тәуекелдерді жоспарлау
жұыстарын жүргізу болып табылады. Мемлекеттік
қаржы көздерінен инвестициялық жобаларды
қаржыландыруда сыртқы мониторинг құралдарын
енгізу және жүргізу маңызды роль атқарады.
Инвестициялау
бойынша шешім қабылдау барысында
қарыз алушының қаржылық-шаруашылық
жағдайына көңіл бөлу керек. Сонымен қатар,
инвестициялық жобалардың негізгі қатысушылары
бір жағынан – инвесторлар, екінші жағынан
– қарыз алушылар екенін ұмытпау қажет.
Сондықтан, жеке потенциалды инвесторлардың
жобаға қатысты талаптарын қарастыру
да маңызды. Инвестициялық жобаның тиімділігі
капитал сомасы мен мәніне ғана байланысты
емес, сәйкес құжаттарда көрсетілген жобаның
мазмұны мен оның жүзеге асу сапасына
да байланысты.
Қазақстандағы
қаржыландырудың әр түрлі көздері
бойынша инвестициялық жобалардың
1999-2004 ж.ж аралығындағы таңдамалық талдауы
келесідей нәтижелер береді. 1999 жылдың
тамыз айынан 2000 жылдың наурыз айы аралығында
Инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет
тарапынан экономиканың басымды салалары
бойынша инвесторлармен 15 келісімшартқа
қол қойылды, солардың ішінде 57,8 млн. АҚШ
доллары сомасына 14 жоба қабылданды.
Жалпы комитеттің 4 жыл қызмет етуі мерзімінде
экономиканың басымды секторлары бойынша
1,7 млрд.АҚШ долларына 250 келісімшартқа
қол қойылды.
Келісімшарттардың
ең көп бөлігі өңдеу өнеркәсібі саласында
– 185 жасалды, бұл жалпы келісімшарттар
санының 74% құрайды. Сонымен қатар,
транспорт және байланыс сфераларына
инвестициялрдың біраз бөлігі құйылады
– 678,9 млн. АҚШ доллары немесе инвестициялардың
жалпы сомасының 38,6%. Өңдеу өнеркәсібінің
құрылымында инвестициялық жобалардың
көп бөлігі тамақ өнеркәсідінде жасалды
– 258,2 млн. АҚШ доллары сомасының көлемінде
91 келісімшарт.
Инвестициялық
жобалар бойынша экономиканың басымды
секторларындағы анағұрлым перспективті
бизнес түрлеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдеу, құрылыс материалдарының өндірісі,
резинотехникалық тауарлар және тестиль,
трикотаж өндірісі жатады. Қабылданған
келісімшарттардың таңдамалық талдауы
негізінде жобаларды таңдау және іске
асыру бойынша келесі сипаттамаларды
атап көрсетуге болады:
- өңдеу өнеркәсібіндегі
инвестициялық жобалардың басым болуы;
- қаржы және
басқа қызметтер сферасындағы жобалардың
аз болуы;
- мұнай, газ,
қара және түсті металлургия салаларында
экспортқа бағытталған жоғары технологиялық
тауар өндірісінің болмауы.
Экономиканың
қарқынды дамуымен ұлттық инвесторлардың
экономикаға инвестициялық салымдары
өсуде. Соңғы жылдар ішінде 150 ұлттық
компаниялар мемлекеттің инвестициялық
жобаларына 1,5 млрд. АҚШ долл. сомасы
көлемінде инвестициялық салымдар
жасалды. Бұл, ең алдымен, ұлттық компаниялардың
және екінше деңгейлі банктердің қаржылық
жағдайының тұрақтылығына байланысты.
Әсірісе,
екінші деңгейлі банктердің инвестициялық
жобаларды қаржыландыру потенциалы
жоғары. Банктердің инвестициялық салымдары
елдегі инвестициялық климаттың жақсаруына
және коммерциялық банктердің ресурстық
базаларының нығаюына әкеледі.
Банктердің
инвестициялық саясатын ынталандыруда
төмендегі жағдайлар қолайлы
болып табылады:
- банк шоттарындағы
халық салымдарының сақталу мерзімінің
ұзаруы (10-шы сурет);
- банк жүйесінің
капитализациясының өсуі;
- инфляция
деңгейіне салыстырмалы тұрақты бақылаудың
болуы;
- банктің несиелік
операцияларының ұлғаюы ( 11-ші сурет), т.б.
10
сурет. Депозиттер
көлемі
11
сурет. ЕДБ-ң экономика
салаларын және
халықты несиелендіру
көлемі
Соңғы
жылдары Қазақстан Республикасының
Үкіметі инвестициялық жобалауды
талдау негізінде оның тиімді іске
асырылуына кедергі болатын бірнеше фокторларды
анықтады: аймақ және орталық арасындағы
координацияның болмауы, мақсатты инвестициялық
бағдарламалардың сәйкессіздігі, инвестициялық
капиталдардың тек бір салаға жұмылдырылуы
және т.б. Сондықтан, экономика дамуын
қамтамасыз ету мақсатында Үкімет мемлекеттік
қаржылар негізінде мемлекеттік инвестициялар
бағдарламасы жасалды.
Мемлекеттік
инвестициялық бағдарламалардың (МИБ)
мақсаты басымды инвестициялық
жобаларды таңдау және іске асыру
бойынша шараларды қамтамасыз ету:
- мемлекеттік
маңызы бар орта мерзімді инвестициялық
жобаларды құру;
- жеке инвесторлар,
шетелдік қаржылық ұйымдары және донор-мемлекеттер
үшін мемлекеттік инвестициялардың айқындылығын
қамтамасыз ету;
- мемлекет
экономикасы үшін маңызды инвестициялық
жобалрды құру және жүзеге асыру шараларын
жоспарлау;
- Қазақстан
Республикасы экономикасы үшін басымды
салаларға сыртқы қаржы ресурстарын жұмылдыру.
МИБ-ң
қықтық негізі төмендегідей нормативті-құқықтық
актілермен анықтылады:
- 1999 ж. №357-І
ЗРК «Бюджеттік жүйе туралы» ҚР Заңы мемлекеттік
инвестициялық бағдарлама түсінігіне
анықтама береді және инвестициялық жобаларды
іске асыруға қажетті бюджеттік қаражаттарды
бөлу бойынша нормативті-құқықтық база
құруға жағдай жасайды;
- 1999 ж. №464-І
ЗРК «Мемлекеттік және кепілденген мемлекеттік
қарыз алу туралы» ҚР Заңы инвестициялық
жобаларды сыртқы көздерден қаржыландырудың
негізгі нормативті-құқықтық базасын
құруға негіз болады;
- 1999 ж. №1817
ҚР Үкіметі жарлығымен расталған ҚР Экономика
Министрлігі туралы жарғысы. ҚР Экономика
Министрлігі мемлекеттік инвестициялыұ
бағдарламаларды жүзеге асырылуын бақылайтын
негізгі орган;
- 1998 ж. №1389
ҚР Үкіметі жарлығымен расталған мемлекеттік
инвестициялық бағдарламаларды дайындау
Ережесі мемлекеттік инвестициялық саясат
құралы ретінде МИБ-ң мақсаттары мен міндеттерін,
МИБ дайындаудың методологиялық негіздерін,
бағдарламаны іске асырудағы орталық
және жергілікті органдардың қарым-қатынасын
анықтайды;
- 2000 ж. №848
ҚР Үкіметі жарлығымен анықталған МИБ-ға
енгізілген жобалардың жүзеге асырылуының
мониторингін қамтамасыз ету Ережелері
инвестициялық жобалардың іске асырылу
мерзімі, формасы және мазмұны туралы
ақпараттармен қамтамасыз етуді айқындайды;
- 2000 ж. №968
ҚР Үкіметімен расталған инвестициялық
жобалардың тиімділігін бағалау Ережелері
бағалау объектілері мен элементтерін,
ақпараттар көздерін, жобалар тиімділігін
бағалаудан алынған нәтижелерді талдау
әдістерін анықтайды;
- 2002 ж. №1219
ҚР Үкіметі жарғысымен анықталған инвестициялық
жобаларды қарастыру Ережелері инвестициялық
жобаларды қарастыру шарттарын белгілейді.
2005
ж. қайтарымсыз негізде республикалық
бюджеттен, сыртқы мемлекеттік
қарыздар негізінде және гранттардан,
сонымен қатар, ҚР кепілдемелері
негізінде алынған мемлекеттік
емес сыртқы қарыздардан қаржыландырылатын
83 жоба қарастырылды. Соның ішінде:
- Қайтарымсыз
негізде мемлекеттік бюджет тарапынан
қаржыландырылатын инвестициялық жобалар
тізімінде суқұбырын құру және жөндеу
бойынша 18 жоба қарастырылды;
- Сыртқы мемлекеттік
қарыздар негізінде қаржыландырылатын
47 инвестициялық жобалар қарастырылды.Солардың
ішінде 2005 ж. 30 жоба жалпы 304,35 млн. АҚШ долл.
қаржыландырылды, 266,24 млн. долл. – сыртқы
көздерден, 37,11 млн. долл. – республикалық
бюджеттен бірігіп қаржыландыру, 1 млн.
долл. – басқа да ішкі көздерден. Сыртқы
мемлекеттәк қарыздар негізінде қаржыландырылатын
инвестициялық жобалар жоспардан қалып
орындалды.
Кесте
4 - Мемлекеттік қарыздар негізіндегі
инвестицияларды қолдану
Сектор |
2005 (жоспар) млн.
АҚШ долл. |
2005 (нақты) млн.
АҚШ долл. |
Жүзеге асырылу,
% |
Сектор үлесі,
% |
Мемлекеттік
қызмет |
23,93 |
8,85 |
36,98 |
5,18 |
Қоқамдық
тәртіп, қауіпсіздік |
15,09 |
21,20 |
140,49 |
12,42 |
Білім
беру |
53,58 |
11,08 |
20,68 |
6,49 |
Денсаулық
сақтау |
34,75 |
33,87 |
97,47 |
19,84 |
Әлеуметтік
қамсыздандыру |
0,56 |
0,73 |
130,36 |
0,43 |
Отын-энергетикалық
комплекс |
2,64 |
1,05 |
39,77 |
0,61 |
Ауыл
шаруашылығы |
21,51 |
12,40 |
57,65 |
7,26 |
Су
шаруашылығы |
11,55 |
5,90 |
51,08 |
3,46 |
Өндіріс,
құрылыс |
2,93 |
1,06 |
36,11 |
0,62 |
Транспорт
және байланыс |
99,70 |
74,60 |
74,82 |
43,69 |