Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:16, реферат

Описание работы

Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде..................6
2. Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды құру және талдау механизмдері............................................................................................13
3. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері.......20

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................31

Работа содержит 1 файл

Касипкерлик кызметтеги инвестициялык жобалар.doc

— 277.50 Кб (Скачать)

Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық  жобалар 
 
 

МАЗМҰНЫ: 
 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 
 

1.  Инвестициялық  процесс экономикалық даму факторы  ретінде..................6 

2. Инвестициялық  жобалар түсінігі: инвестициялық  жобаларды құру және талдау  механизмдері............................................................................................13 

3. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері.......20 
 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................30 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................31 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады.

    Қазақстан Республикасының территориясында  күші бар Заңнамаларға сәйкес инвестициялардың, соның ішінде, меншік түріне тәуелсіз шетел инвестицияларының қорғалатындығына кепіл беріледі.

    Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қарым-қатынасты  реттейтін басты құқықтық құжат  келісімшарт болып табылады. Ұйым инвестицияның көлемін,бағытын, өлшемін, тиімділігін өздігімен анықтайды. Сонымен, инвестицияның экономикалық категория ретіндегі ұғымы өз алдына инвестициялық ресуртарды қалыптастыру бойынша экономикалық жүйені танытады.

    Нарықтық  қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.

      Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық  климатты құру қажет, ол инвестициялық  салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады.

    Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.

    Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және Қазақстан экономикасындағы инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А., Кошанов А.К., Баймұратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова Г., Есентүгелов А., Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін ашпайды.

    Отандық ғылымда инвестициялық жобалау  мәселелерінің нақты және толық  қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды дайындауды қажет етеді.

    Берілген  жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық тәуелділігін зерттеу  арқылы инвестициялық жобаларды  қаржыландыруға сыртқы және ішкі қарыздарды пайдалану механизмінің тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды бағалаудың халықаралық әдістемесін Қазақстан жағдайына сәйкестендіру, тәуекел түсінігін ашып көрсету, инвестициялық жобалардың Қазақстан экономикасын дамытудағы ролін анықтау және осының негізінде инвестиялық жобалау механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

    Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді  шешуді қамтамасыз етеді:

  1. әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу қарқынының инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі теориясына баға беру;
  2. инвестиция ағымының негізгі бағыттарын және олардың көлемі мен мәнін ашып көрсету;
  3. инвестициялық жобаларды бағалаудың халықаралық әдістемесін және оны Қазақстан жағдайына сәйкестендіруді интерпритациялау;
  4. еліміздегі инвестициялық жобалау механизмін талдау және баға беру;
  5. Қазқстан Республикасындағы инвестициялық жобалау жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
  6. Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін ескере отырып, инвестициялық жобалау мониторингін жүргізу қажеттілігін талдау;
  7. дамыған елдердегі инвестициялық жобалаудың жалпы заңдылықтарын зерттеу негізінде инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау.
 

        Жұмыстың негізгі зерттеу объектісі  – инвестициялық жобалаудың механизмі,  оның формалары мен әдістері, инвестициялық жобалардағы тәуекел  және белгісіздік факторлары және оларды минимизациялау.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Инвестициялық процесс  экономикалық даму  факторы ретінде 

    Экономиканың  тұрақты дамуының, құрылымдық жаңалықтар енгізудің, жаңа ғылыми-техникалық  негізде өндірістік потенциалды қалыптастырудың және әлемдік нарықтағы тұрақты бәсекелік позицияларды бекітудің негізгі шарты болып инвестициялық белсенділік табылады. «Жаңа индустриалды» Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің феномені, ғылыми салалардың пайда болуы осы мемлекеттердің экономикасына инвестициялардың көп мөлшерде құйылуымен түсіндіріледі.

    Инвестицияға  анықтама берген кезде оның тек мағыналық  сипатына ғана көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету  маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және өндіріс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.

    Бірақ осы кезге дейін экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан түрлі түсініктер беру орын алып келді. Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашалағы жоқ деп  көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражаттың кез-келген түрі деп есептеді.

    Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева  және М.Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды  өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары арасындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары т.б. факторлар есепке алынбады. []

    Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп түсінетін кейбір қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пікірді қабылдайды. Бұл экономистер инвестицияның күрделі қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негізгі капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруғу бағытталғандығында деп есесптейді. Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір  бөлігі негізгі капитал көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялау кеңінен орын алады.

    Инвестициялық қызметтің объектілерін және инвестициялаудың түрлерін келесі суреттен көруге болады: 

      

                                    
 
 
 

 
 
 

1 сурет. Инвестициялық  қызмет объектілері 

    Шет елдерде теория және тәжірибе жүзінде  кең танымал болғанындай, инвестиция тиімділігіне баға беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігі ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, ммамандық деңгейін жоғарылату, экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және басқлары), сондай-ақ, қоғамның жалпы ұлттық мақсат-мүдделерін көздеп, ескеріп отыратын тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштері де анықталады.

    Инвестиция  ұғымы күрделі қаржы ұғымына  қарағанда анағұрлым терең. Өйткені  күрделі қаржы- негізгі капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдік инвестицияларға, материалдық емес активтерге салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, біріншіден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық байлықтарды молайтады, екіншіден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлінше өсе түсуіне ықпал етеді.

    Инвестициялық процесс - қоғамдық қайта өндірістің негізгі құрамдас бөлігі: ол инвестициялық  игіліктердің қозғалысы тұрғысынан қайта өндіріс процесінің барлық сатыларын бейнелейді. 
 
 

    

      

    

    

      

    

      

 
 
 
 

2 сурет. Инвестициялардың  қоғамдық өндірістегі  орны 

    Нарықтық  қатынастар жағдайында инвестициялық  процесті екі жақты қарастыруға  болады: физикалық шамалар динамикасы тұрғысынан және қаржылық шамалар динамикасы тұрғысынан. Осы көзқарастардың әрқайсысына белгілі көрсеткіштер мен факторлар сай келеді:

    Физикалық шамалар қозғалысы жағынан инвестициялық  процесс келесі іс-әрекеттер жиынтығын  білдіреді:

  1. Инвестициялық тауарларды өндіру (құрылыс объектілері, құрал-жабдықтар, технологиялар, патенттер және ноу-хау);
  2. Жаңа өндірістік қуаттарды игеру процесі;
  3. Тауарларды (қызметтерді) өндіру мақсатында объектілерді пайдалану процесі.

    Қаржы шамалары тұрғысынан инвестициялық процесс- ақша салымдарын салумен байланысты қосымша табыс алу процесі. Бұл процестің қатысушылары:

  1. Ақша жинақтаушылар;
  2. Инвесторлар;
  3. Қаржылық делдалдар (банктер, қаржылық топтар, инвестициялық немесе қаржы компаниялары).

    Инвестициялау процесі келесідей жүзеге асырылады:

    1. жоба көлемі бойынша (кіші және мегажобалар)
    2. жобалардың бағытталуы бойынша (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекеттік мүдделермен байланысты, т.б.)
    3. мемлекет қатысуының түрі бойынша (мемлекеттік капитал салымдары, акциялар пакеті, салық жеңілдіктері, т.б.)
    4. салынған қаражаттардың өтімділік дәрежесі бойынша.

    Жалпы инвестицияладың екі негізгі  тобы бар:

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар