Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:16, реферат
Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде..................6
2. Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды құру және талдау механизмдері............................................................................................13
3. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері.......20
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................31
Нақты инвестициялар - жаңа кәсіпорындарды құруға немесе істегі кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға және жөндеуге кеткен салымдар, қаржылық инвестициялар- акциялар және бағалы қағаздарға салмдар. Бірінші жағдайда кәсіпорын-инвестор өзінің өндірістік капиталын, яғни негізгі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуіне қажетті айналмалы қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидендтер түрінде табыс алу арқылы өзінің қаржылық капиталын өсіреді. Ал өндірісті құруға ақшалай салымдарды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қаражаттарды тарту үшін акциялар шығарған кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асырады.
Сонымен
қатар, тікелей және жанама инвестицияларды
бөліп көрсетуге болады. ҚР-ң «Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік
Негізгі
капиталдың көлемін ұлғайтуға және
оны жаңартуға бағытталған
Тұтынылған заттардың орнын толтыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға және олардың көлемін кеңейтуге, содай-ақ, өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды иемденуге бағытталғанқаржыландыру көзіне байланыссыз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларға жатқызады. Олар келесі формада жүзеге асырылады: жер учаскелерін және табиғи қолданыстағы объектілерді иемдену, материалды емес активтерді құру және иемдену, кәсіпорындарды және өндірістік емес сфера объектілерін техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру.
Коммерциялық тәжірибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты төмендегі түрлерге бөліп қарайды:
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндіріс ғимараттарын, құрылғыларды, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болып келетін активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшылық қызметіне араласу негізінде, яғни, үлесті бағалы қағаздарды немесе қарызды міндеттемелерді сатып алу арқылы ақшалай сома алй құқығын сипаттайды.
Материалды емес активтерге жұмсалғна инвестициялар - бұл қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызмет етуіне, сондай-ақ, сауда белгілерін даярлауға, лицензия алуға және т.б. жұмсалған қаражаттарды білдіреді.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзінің пайдалану аясы бойынша келесідей жіктеледі:
Мұндай жіктемені енгізудің негізгі мақсаты - инвестициялау кезінде болатын тәуекел деңгейін анықтау. Оны төмендегі 3-ші сурет түрінде көрсетуге болады.[]
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесі портфельдік инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткішке ие болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай еліміздегі бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншік нысанына байланысты келесідей бөліп қарайды:
Мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтік сала болып табылады.
Жеке
меншік капитал нысанындағы
Шетелдік
капитал нысанындағы
Инвестициялық
саясат елдің экономикалық стратегиясының
мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын
ең маңызды элемент болып табылады. Экономикалық
реформаларға сәйкес халықаралық капитал
мен инвестицияларды тартудың мемлекеттік
саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге,
жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін
арттыруға және өндірістің құрылымдық
өзгерісіне барынша септігін тигізуі
керек. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік
табыстардың артуы мемлекеттің жалпы
экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың
өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз
ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.
3
сурет. Инвестициялар
бойынша тәуекел
деңгейі
Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің ел пайдалы қазбалар, ауылшаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ, үлкен өндірістік потенциалға ие, бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.
Соңғы
жылдары Қазақстан ТМД елдері
арасында инвестициялық салымдар көлемі
жағынан алға шықты. 2000-2005 ж.ж. аралығындағы
инвестициялар көлемін
Кесте
1 - Қазақстан Республикасына 2000-2005 ж.ж.
аралығындағы инвестициялар ағымы (млн.
АҚШ долл.)
Елдер | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
АҚШ | 951,2 | 1460,4 | 1011,3 | 1105,5 | 2971,2 | 1125,5 |
Австрия | 0,6 | 0,8 | 0,2 | 2,1 | 17,4 | 59,8 |
Германия | 69,5 | 50,6 | 37,8 | 63,9 | 65,2 | 74,2 |
Италия | 351,0 | 488,3 | 469,1 | 375,7 | 313,0 | 306,6 |
Ұлыбритания | 481,8 | 600,6 | 622,7 | 591,4 | 924,6 | -62,4 |
Франция | 33,2 | 64,9 | 123,6 | 161,3 | 275,7 | 774,7 |
Япония | 18,1 | 32,1 | 59,6 | 96,1 | 178,5 | 331,4 |
Инвестициялық климатқа әсер ететін факторларды екі топқа бөледі: қолайлы және қолайсыз.
Қазақстанда инвестициялардың құюлуына қолайлы факторлар ретінде шетелдік инвесторлар келесі факторларды атап көрсетеді:
Инвесторлар
арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес,
инвестициялау процесін тежейтін факторларға
шенеуніктер арасындағы парақорлық және
өз ісін жетік білмеуі – 51,3%, бюрократизм –
44,9% жатады. Сондықтан инвестициялардың
құюлуын ынталандыру үшін Қазақстан үкіметі
«бюрократияны орнықтыру және парақорлықты
жою жөнінде реформаларды» әрі қарай жалғастыруы
тиіс.
2.
Инвестициялық жобалар
түсінігі: инвестициялық
жобаларды
құру және талдау
механизмдері.
Қазқстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай артықшылықтары бар:
Инвестициялық жобалар арқылы несие алу экономиканың нақты секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба дегеніміз шектелген уақыт мерзімі ішінде белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысқан және үйлескен ұйымдастырушылық, техникалық және инвестициялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Жоба белгілі бір бастапқы мәліметтері бар нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреде.
08.01.2003
ж. ҚР «Инвестиция туралы»
Жобалардың табыстылығы көптеген факторларға байланысты:
Кесте
2 - Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қолданылатын ресурстар көлеміне байланысты |
|
Жүзеге асу мерзіміне байланысты |
|
Ұлттық масштабына байланысты |
|
Тәуекел деңгейіне байланысты |
|
Ұйымдастыру нысанына байланысты |
|
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар