Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 16:47, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде қой шаруашылығымен айналысатын Алматы облысы Жамбыл ауданының «Дулат-Нұр» және «Еділ» шаруа қожалықтары таңдап алынды.
Зерттеудің пәні қой шаруашылығында шығындар есебі мен ішкі аудитті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелеріне байланысты ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері болып саналады.дәлдігі және үздіксіз, ырғақтылық және техникалық жарақтандыру болып табылады.
Кіріспе ………………………………………………….………….............. 3
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Өндіріс шығындарының түсінігі және олардың түрлері...................... 5
1.2 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындары................. 9
1.3 Өндіріс шығындарының классификациясы......................................... 12
2 Кәсіпорындағы шығыс есебі
2.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастырудағы шығынның есебі және аудиті.................................................................. 14
2.2 Өндіріске жұмсалған шығындар есебі мен аудиті..................... 17
2.3 Кәсіпорындағы өндіріске жұмсалған шығындар есебін талдау...... 19
2.4 Кәсіпорынның ішкі аудит және бақылау бөлімінің негізгі қызметтері 21
Қорытынды.................................................................................................. 28
Қолданылған әдебиеттер ....................................................................... .....
Ағымдағы кезеңде 400 жұп аяқ киім сапа бөлімінің бақылауынан өтпеген, демек олар ақау болып табылған. 52 жүп әйелдердің үйге киетін туфлиі жөнделмейтін ақау болып танылған, олар 12000 теңге сомасын құраған. Жөнделмейтін ақау бойынша жасалған шығыстан 2000 теңге сомасын өзіндік құнға жатқызған. Ерлердің 348 жұп туфлиі бойынша 24683 теңге деңгейінде ақаулар табылған, бірақ ол ақауды жөндеуге болатындығы дәлелденген. Ақаулар бойынша орын алған шығындардың бір бөлігі өтелген, оның сомасы 17100 теңге құраған, ал оның бір бөлігі өндіріс шығыны ретінде есептен шығарылған. Ағымдағы айда аяқ киімді дайындау кезінде келесі шығыстар жасалған.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктер құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция , себебі ол шын мәнінде жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте қоллданылады.
Өндірісбір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып өзін - өзі ұдайы өндіреді. Өндіріс шығындарын жоспарлау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкін. Есептік бағаны таңдау үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына қатысты үйлестіру керек. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған өнімнің құнын жедел жоспарлап отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы » деген құжаттың нысаны өолданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өндіріс шығындарын жоспарлауға болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі. Өндіріс шығындарының есебін, материал есебі сияқты карточкалар арқылы жүргізіледі.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін барлық өнімнің өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады.
Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы брйынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнің сапасын бақылау жасап, техникалық бақылау бөлімнің жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс.
Өндірісті
жоспарлау ерекшеліктері
мен технологиясында
байланысты өндірістегі шығындарды
есепке алудың және
өнімнің өзіндік құнын
жоспарлаудың бірнеше әдістері қолданылады.
Есеп объектісі мен жоспарлаудың
басқа калькуляциялық бірлік тізімін
белгілеу қажет. Калькуляциялық
бірлік әдетте тиісті өнім түрінің техникалық
жағдайына немесе қабылданған стандарттық
өлшем бірлігіне және өндірілген
өнімнің натуралды көрінісіне
сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау
өлшем бірлігі ретінде
екі көрсеткішті пайдаланса, онда
колькуляциялық бірлік осы екі бірліктің
бірін ғана пайдаланады.
2.6
Өндіріске жұмсалған
шығындар есебі мен
аудиті
Аудит жүргізу барысында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптың 561 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» және 562 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.
Сосын бұл шоттардағы шаруашылык операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (залалдың) жиынтық сомасы шоттардың бірыңғай жоспарына сәйкес 5420 «Жиынтық табыс (залал)» шотында белгіленеді.
Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімінің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебет бойынша VIII «Шығындар» бөлімінің шотымен алынған шығындардың жиынтыкқсомасы көрсетіледі. Д-т 5500 және К-т 80 шоттары; Д-т 70 және К-т 5500 шоттары; Д-т 7710 және К-т 3110 шоттары; Д-т 5500 және К-т 7710; Д-т 5500 және К-т 561 шоттары.
5500
«Жиынтық табыс залал» шоты
бойынша дебет кредит
Егер есепті кезеңде пайда алынса, онда 5600 «Жиынтық табыс залал» шоты дебеттеледі және 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5510 шот дебеттеледі және 5600 шот кредиттеледі.
Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың залалын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 55-бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебеттеледі және 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға дивиденд пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5510 шотынан 5530 шотына көшіріледі, сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55-бөлімше шоттарымен резервтік капиталдың қаржысын өткен жылдың залалын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебет бойынша «Қатысушылардың дивидендтері мен табыстары бойынша есеп айырысудың» 62-бөлімше шоты, «Басқалардың» 3210 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 68-шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивидендтер мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңында аудитор бөлінбеген табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау үшін эр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистрлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есептілік формалары да кіреді.
Қосымша төленген капитал - меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сыйақы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы К-т 5310 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Д-т 1040, 1030, 1010 шоттарымен бірге немесе 1260 «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.
Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша » қалдықты 5310 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот кредиті бойынша 1300 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыруы қажет.
Меншікті капиталдың тағы бір әлементі - қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасының бар болуы мен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 5420 «Негізгі кұралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5430 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5440 «Басқа да активтерді қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.
Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 1200 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 1400 «Инвестициялар» және 4000 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттарының дебетімен бірге корреспонденцияға жасалған кайта бағалау нэтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебет бойынша:
а) қайта бағаланатын негізгі құралдар бойынша тозуды тұзету сомасы («Негізгі кұралдардың тозуы» 13 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда): Д-т 1200 бөлімше шоттары К-т 5420 шоты, Д-т 5420 шоты, К-т 1300 бөлімше шоттары;
ә) істен шыққан негізгі құралдар бойынша қайта бағаланған, қызмет ету мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (561 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шотымен корресподенцияда; Д-т 5510 шоты К-т 5510 шоты - НҚ істен шыққанда);
б) істен (есептен) шығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар бойынша қайта бағалау сомасы (561 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 72 00бөлімшелерінің шоттарымен бірге корреспонденцияда).
54
«Қосымша төленбеген капитал»
шоты бойынша кредиттік
Өнім өндіру мен
«Директ- костинг» жүйесіндегі есептің ерекшеліктері.
Шығындарды өнімнің өзіндік кұнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан халықаралық практикада "директ-костинг" шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың калған бөлігі калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндірісте бағаланады.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Кәсіпорын өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады.
Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады. Өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Жүргізілген
өндіріске жұмсалған шығындар есебі
мен аудитінің нәтижесі бойынша
қой шаруашылығы саласында
1. Шығындар деп – бұл өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі және сату кезінде тұтынылатын материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың және ұйымның балансында көрсетілетін, болашақта табыс әкелу мүмкіндігі бар автивтердің құны. Бұдан шығатын қорытынды «шығындар» ұғымы «өндіріске жұмсалынған шығындар» ұғымынан кең екендігін анықтауға болады. Сонымен, «өндіріске жұмсалынған шығындар» - өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру кезінде тұтынылатын ресурстардың бөлігі. Ал шығыстар бұл - ұйымның негізгі қызметінде активтерді пайдалану мен оларды есептен шығаруға байланысты табыстың кемуінің нәтижесінде капиталдың азаюына және міндеттемелердің көбеюіне, сондай-ақ зиян шегуге әкелетін шығындар.